Балалар қуанышы

Жуырда облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қайырымдылық тұрғысында игі шаралар өткізілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 17 сәуірінде өңіріміздің «Барс» СА ЖШС күзет құрылымы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен облыстық мешіттің асханасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған дастархан жайылып, ас берілді. Мешіттің наиб имамы Руслан Қайыргелді балаларды қарсы алып, мешіт дәрісханасы мен кітапханамен таныстырып, екі тілде уағыз-насихат айтты.

Ал 18 сәуірде қаламыздың тұрғындары Сапаралиевтар отбасысы бір қойды құрбандыққа шалып, жетім балаларға қайырымдылық іс жасады. Бұл игі шараға облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Исаев қатысып, балаларға мейірімділік, инабаттылық туралы уағыз айтты. «Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, осындай игі іс жасап жүрген қайырымды жандарға интернат қызметкерлері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲