«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

Петропавл қалалық “Нұр” мешіті кезекті «Ашық есік» күнін ұйымдастырып, «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Онда  қалалық   мешіттің найб имамы Қадырбек Шәріпов ер шәкірттерге арнап сонау заманнан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміз бен әдет-ғұрпымыздың мән-маңызы  туралы әсерлі уағыз айтты. Қатысушылар наиб имамға өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.

Return to Top ▲Return to Top ▲