«АТЫМТАЙ ЖОМАРТ» ЖІГІТТЕРГЕ РАҚМЕТ

Кәсіпкер Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов «Қожахмет хазрет» мешіті ашылғалы бері бізге жанашырлығын көрсетіп келеді. Алла үйінің  жылы болуына көп көніл бөліп, өткен  жылы мешітті  60 тонна көмірмен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ҚМДБ –ның  «Ислам және өркениет» газетінің халық арасында кенінен таралуына да ат салысып, аудан орталығынан шалғайда жатқан Қайрат және Жасқайрат ауылдарының ақсақалдары үшін өз қаражатына 10 дана жаздырып  берді. Биыл да мешітке 56  тонна көмір жеткізді. Аудан азаматы Ермек  Шәріпұлы Махатов та мешітке көмек ретінде 10 тонна қатты отын әкеліп, қыстан қысылмай шығуымызға көмегін көрсетті.

Дінге жанашырлық танытып отырған жомарт жүректі азаматтарға алғысымыз шексіз, олардың еңбектері жемісті болуына тілектеспіз!

Өсербай Шәкенов,

 «Қожахмет хазрет» орталық мешітінің

бас имамы.

я.jpg (498×456) с.jpg (497×456)

Return to Top ▲Return to Top ▲