Үстіміздегі жылдың 2 мамыры күні Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Қазақстан көп ұлтты елдің мекені болғандықтан әр халықтың ынтымақтастығын нығайту мақсатында, шәкірттер арасында әр ұлттың тағамдарынан шеберлік сағаты болып өтті. Шеберлік сағатының ас мәзірі әзірбайжан халқының ұлттық тағамы болды. Тағамдарды әзірлеу барысында аспаздар құпияларымен бөлісті. Онда долма, халва, тефтели, жүзім жапырағынан орама қалай пісіретінін түсіндіріп берді. Шара соңында әзірленген тағамдармен дастархан жайылып, шәй берілді.