Айыртау ауданында өткен дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 09 сәуір  күні Саумалкөл қазақ орта мектебінде 7-сынып оқушыларымен «Дәстүрлі дін мен салттың сабақтасу ортасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық «Қайрош» мешітінің бас имамы Сағынай қажы қатысып, мектеп оқушыларына дін және қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың сабақтастығы жайында айтты. Сонымен қатар, ҚМДБ ның Бас мүфтиінің бастамасымен жарық көрген «Дін және дәстүр» кітабын таныстырды. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға көп мағлұмат берілді. Оқушылар ұйып тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойып, өз қызығушылықтарын көрсете білді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲