АЙТАЙЫҚ ЕЛІМІЗГЕ ЖАРАПАЗАН

“Қызыл­жар” орталық ме­шітінің ұйымдастыруымен қаланың орталық көшесінде бабаларымыздың көне дәстүрімен келе жатқан жарапазан айтылды. Имамдар мен мешіттердің шәкірттерінен құралған бір топ жарапазаншы қазақтың ұлттық киімін киіп, қолдарына домбыра ұстап, халықтың көбірек шоғырланатын жерлеріне барып, жұртшылықты Рамазан айымен және Наурыз мейрамымен құттық­тады. Үлкендер бата беріп, аналар шашу шашып жарапазаншыларға алғыстарын айтты. “Жарапазан” деген сөздің мағынасы Рамазан келді дегенді білдіреді. Бірақ мұны діни жыр деп айтуға да болмайды. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі жырларының бірі. Бұрын Рамазан айы келгенде, телеарна, радио болмаған кезде осылай жарапа­зан айтып, халықты жарапазан айтып хабардар ет­кен. Рамазан айы келе жатыр, қа­сиетті айдың берекесінен құр қал­маңыздар” деп ескертеді, шақырады, – дейді “Қызылжар” орталық мешітінің бас има­мы Хамзат Қажымұратұлы. Жарапазан жырының елуден астам нұсқасы бар. Бұрын бұл жырды балаларға арнайы жаттатып, үйді-үйге жіберген.Жарапазан айтылған үй жақсы тілекпен келгендерді бос қол жібермеуге тырысқан.. Қызылжар өңірінде де жарапа­занды жандандыру мақсатында қолға алынған бұл шара көпшілікке қазақ­тың дәс­түрін таныстырды.
Return to Top ▲Return to Top ▲