Айт мерекесіне орай спорттық жарыс өткізілді

Жастар арасында мерекені сезіндіру, әрі ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында облыстық «Қызылжар» орталық мешіті, қалалық «Нұр» мешіті, қалалық «Мухсин» мешіті, Қызылжар аудандық «Каусар» мешіті және  Облыстық спорт және туризм басқармасы бірлесе отырып, спорттың бес түрінен кең ауқымды жарыс өткізді. Атап айтқанда, қазақ күресі, қол күрес, гір көтеру, тоғыз құмалақ және бестас асықтан қалалық спорт мектеп-интернатынан, орта мектептерден, жетім балалар үйінің жеткіншектері, сондай-ақ аудандардан да спортқа дарынды 100-ге тарта бала қатысып, өз күштерін сынады.
ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы жарысты тамашалауға келген халықты Ораза айт мерекесімен құттықтап, Ораза, Рамазан айы және асыл дініміздің құндылықтары жайлы уағыз айтты. Биылғы «Дін мен дәстүр» жылы аясында діни термелер, ғибратты өлеңдер мен күйлер орындалды. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды.

«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲