СҚО БАС ИМАМЫ РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

19 ақпан – Рамазан айының бірінші күні. Соған орай өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚМБД-ның СҚО бойынша Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аман Асылханұлы қасиетті айдың қарсаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиында сөз алған өңірдің бас имамы барша мұсылман қауымды кіріп келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Жалпы биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі. Қасиетті айда берілетін пітір садақасы 735 теңге болып бекітілді.

Жиын барысында облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қасиетті Рамазан айына орай өңір кәсіпкерлеріне қоғамдық тамақтану орындарында ауызашарға арналған мәзірді тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынуды өтінді.

Return to Top ▲Return to Top ▲