ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін, қасиетті жұма күні ел мешіттерінде халқымыздың руханиятына өлшеусіз үлес қосқан марқұм болған дін қызметкерлерін еске алуға арналған Құран хатым шарасы өтті.

Аталған шара облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде де өтті. Бұл игі іске орай жұма намазы алдында жамағатқа насихат айтылды.

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы жылдар ішінде имам-молдалар, ұлағатты ұстаздар дін саласында елеулі еңбек етті. Сол кісілердің ықыласы мен ыждағатының арқасында дініміз бен сенімімізді сақталды.

Айта кетейік, бұл күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде хатым оқылып, марқұм болған дін қызметкерлерінің рухына бағышталды. Бұл игі шара еліміздің барлық облыстық орталық мешіттерінде өткізілді.

Алла Тағала марқұм имамдарымыз бен ұстаздарымызға рақым етіп, жұмақтан орын бергей! Әмин!

«АҚ БАТА» ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Облыс орталығында ақсақалдар арасында бата беруден «Ақ бата» облыстық сайысы өтті. Іс-шараға Петропавлдан, аудандардан ақсақалдар қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар салт-дәстүр жайында білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде ақсақалдарға әртүрлі жағдайларда айтылатын баталардың тақырыптары берілді. Олар сол бойынша бата берді.

«Дін мен дәстүр егіз ұғым. Сондай-ақ қазақта «батаменен жер көгерер» деген нақыл сөзі бар. Осы еліміздің бір берекесін арттыру мақсатында және ақсақалдарымыздың мәртебесін көтеру мақсатында осы іс-шараны ұйымдастырдық. Заманға қарай адамы. Бірақ ақсақал болғаннан кейін, 60-70-тен асқаннан кейін дастарханда отырып бата бере алатындай жағдайда болу керек. Бата беру үшін де адамның жүріп өткен жолы болуы қажет. Өзіндік айтар сөзі болғаны жөн. «Жас кезіңде байқарың болмаса, қартайғанда айтарың болмайды» деген бар», – дейді облыстың бас имамы Хамзат Әділбеков.

Сайыс барысында қатысушылар бата беру өнерімен қатар, діни білімдері мен салт-дәстүрге жетіктігін көрсетті. Қазылар алқасы ақсақалдардың бата беру шеберлігін, тіл байлығы мен шешендігін бағалай отырып, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде «Қызылжар» қалалық мешітінің атынан келген Тәли Кәриев бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

ҚМДБ-ның облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде  мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті. Таңғы сағат 07:30-да мешітте айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Ұлық мейрамда ҚМДБ-ның СҚО бойынша бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды. Сондай-ақ өңірдің бас имамы дінге жанашырлық танытқан азаматтарға алғыс білдіріп, шапан кигізді. Мерекелік шара аясында мешіт ауласында киіз үй тігіліп, үлкен қазанда палау пісіріліп, 500-ден астам адам дәм татты.

Сонымен қатар, 20-шы шағын ауданда орналасқан «Қызылжар» қалалық мешітінде де айт мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тарту, гір көтеруден спорттық жарыстар өтті. Жеңіс тұғырынан көрінгендерге бағалы сыйлықтар табысталды. Мешітте айт шайы беріліп, уағыз-насихаттар жүргізілді.

Барша мұсылман қауымының 30 күн бойы ұстаған оразасы қабыл болсын! Айт мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!

ҚАДІР ТҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облысының орталық мешіті – «Қызылжар» мешітінде мұсылмандар үшін ең қасиетті түндердің бірі – Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтті. Мешітте мың айдан да қайырлы бұл түнге орай арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рамазан айы бойы хатым оқыған қариларға облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. Оларға сый-сияпат жасалып, шапан кигізілді.

Мешітте Қадір түніне орай уағыз-насихаттар айтылып, Рамазан айының маңызы мен қадір-қасиеті түсіндірілді. Қадір түнінде мешітке жиналған халық саны көп болды. Жамағатты сергіту, олардың діни іліміне шыңдау жүргізу мақсатында арнайы викториналық сұрақтар ойыны өткізіліп, жауап берген жамағатқа бағалы сыйлықтар табысталды. Әйел жамағаты да бұл шараға қызығушылықпен белсене қатысты. Қадір түні аясында жамағатқа арнайы сәресі ұйымдастырылып, көпшілік ризашылығын білдірді.

Барша мұсылман қауымының дұғалары қабыл болсын!

СҚО БАС ИМАМЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСІП, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕДІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының СҚО бойынша өкіл имамы Хамзат Қажымұратұлы студенттермен кездесу өткізді. Бұл шара ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында өңірдің бас имамы жастарға «Қазақтың ұлттық коды» тақырыбында насихат айтты. Ол ұлттық құндылықтардың маңыздылығын, оның ішінде отбасы институтын, салт-дәстүрлерді және қазақ халқының рухани мұрасын сақтау қажеттігін атап өтті.

Хамзат Қажымұратұлы жастарды имандылыққа, білімге және отансүйгіштікке шақырды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, имаммен пікір алмасты.

Бұл кездесу жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

ЖОЛ БОЙЫНДА НАМАЗХАНА АШЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет жол бойында намазхана ашылды.

Нақтылап айтар болсақ, Астана-Петропавл тасжолындағы Тайынша ауданына қарасты Драгомировка ауылы жанынан жаңадан намазхана көтерілді.

Бұл алыс жолдан келе жатқан адамдар үшін намаз оқып, ғибадат жасауға мүмкіндіктері бар.

СҚО-ДА 400-ГЕ ТАРТА ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

СҚО-да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай «Қайырымдылық сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны өтті. ҚМДБ бастамашы болған игі шараға солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де қолдау көрсетті.

Бұл күні өңіріміздегі тұрмысы төмен 400-ге тарта отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды. Оған ұн, қант, күріш, сұйық май секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған.

Қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясы қолға алынды. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі.

ПРЕЗИДЕНТ «ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
  • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
  • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
  • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
  • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
  • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
  • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
  • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «QMDB HALAL» ДӘМХАНАЛАР ТІЗІМІ

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған қоғамдық тамақтану орындарының тізімін ұсынамыз: 

  1. «Компот» – Никифора Ахременко, 4
                          Конституции Казахстана, 17
  2. «CTR Chicken» – Интернациональная, 57а
                                 Интернациональная, 27
  3. «Plov-Jan» – Мухтара Ауэзова
  4. «Lanzhou» – Интернациональная, 66
                          ТРЦ DOSTYQ mall, улица Магжана Жумабаева, 91

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – «МЕККЕ ХАЛАЛ ФОРУМЫНДА»

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Сауд Арабиясының Мекке қаласында «Халал арқылы тұрақты даму» тақырыбындағы «Мекке халал форумына» қатысуда.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда министрі, доктор Мажид бин Абдулла әл-Касаби мырзаның қолдауымен ұйымдастырылған форумға Қазақстан Республикасының Джидда қаласындағы (Сауд Арабиясы) консулдығы және ҚР Сауда министрлігінің мамандары да қатысуда.

«Форумның негізгі мақсаты – халал стандартының бірыңғай жүйесін қалыптастыру арқылы халал өнімдерінің сапасын арттыру және мұсылман қауымына адал өнім ұсыну. Биылғы форумға 120 елдің өкілдері, 21 ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, 180-ден астам компания және 75 ресми мемлекет өкілі қатысуда. Іс-шара барысында 6000-нан астам келуші халал индустриясының өзекті мәселелерін талқылап, кәсіпкерлік ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды», – деген Айбек Асқарбекұлы отандық делегация да тәжірибе алмасу мақсатында форум аясында бірқатар кездесулер өткізіп, халықаралық әріптестік байланыстарды нығайту бағытында келіссөздер жүргізгенін хабарлады.

Сонымен қатар, делегация Сауд Арабиясы Корольдігінің жауапты органдарымен кездесіп, Қазақстанның халал индустриясын дамытуға бағытталған бастамалармен таныстырып, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастыруда.

БАС МҮФТИ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНДА ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Хусамуддин ас-Сығанақи» Ислам институтында имамдарға, дін қызметкерлеріне арнайы дәріс оқыды.

«Иманнан – ихсанға» тақырыбында дәріс оқыған Бас мүфти: «Әл-ихсану» (الاحسان)  сөзі «әхсана» (احسن) етістігінен туындап, «қандай да бір істі көркем түрде істеу, жақсылық жасау» деген мағыналарды қамтиды. «Ихсан» сөзі амалды іске асыруға байланысты қолданылғанда «сол істі көркем түрде орындау» деген мағынаны білдіріп, ал қарым-қатынас жасауға қатысты айтылғанда «ең көркем түрде жақсылық жасау» деген мағынаға ие болады. Ихсан дәрежесіне жетіп, амалдарын көркем түрде орындайтын, ықыласты адамды «мухсин-ун» (محسن) деп атайды.  Антонимі ретінде  «әл-иса-әту» (الإساءة), яғни «жамандықта шектен шығу» сөзі қолданылады. Терминдік тұрғыда «ихсан» деп шариғат талаптарын ең көркем түрде орындауды айтамыз» деді.

Институт директоры Бағдат Манабаев пен қатысушы имамдар Бас мүфтиге тағылымды дәрісі үшін ризашылығын білдірді. ҚМДБ Төрағасы имамдар мен исламтанушыларға ілім жолында жеңілдік пен сәттілік тілеп, батасын берді.

СҚО БАС ИМАМЫ РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Соған орай өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚМБД-ның СҚО бойынша Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аман Асылханұлы қасиетті айдың қарсаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиында сөз алған өңірдің бас имамы барша мұсылман қауымды кіріп келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Жалпы биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Қасиетті айда берілетін пітір садақасы 655 теңге болып бекітілді.

Жиын барысында облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Рамазан айына байланысты өңір кәсіпкерлерін қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсынуды сұрады.

Return to Top ▲Return to Top ▲