ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

Қызылжардағы  Құрбан Айт мерекесі 

Айт намазы оқылды

Маусым айының 28 жұлдызында Қызылжар қаласының тұрғындары мен мешіт жамағаты орталық мешітке жиналып айт намазына қатысты. Қызылжар орталық мешітінің Бас имамының міндетін атқарушы Аян Болатұлы жиылған жамағатты Құрбан айт мейрамымен құттықтап, құрбан айт туралы және құрбандық шалу жайында уағыз-насихат айтты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров жиылған мұсылман қауымын Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жақсылықтар тілеп сөз сөйледі. Айт намазы оқылғаннан кейін Бас имамының міндетін атқарушы Аян Болатұлы жамағатқа мерекелік хұтпаны оқып, артынан құран бағышталып дұға жасалды.

Айт намазы оқылып болған соң,  мешіт жамағаты мерекенің құрметіне жайылған дастарханнан шәй ішіп дәм татты.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Хамзат Қажымұратұлы

      Солтүстік Қазақстан облысы  «Қызылжар орталық мешітінің»  бас имамы

Құрметті қызылжарлық мұсылмандар қауымы!

Сіздерді барша мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Әлемдегі мұсылман баласы үшін Жаратушымыздың белгілеп берген екі мейрамының ұлығы-Құрбан айт мерекесі. Бұл елдің бірлігі мен бауырластығын нығайтып, қанағат пен қайырымдылықты арттыра түсетін мейрам. Ұлтты ұйыстыратын осы ұлағаты мол дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді. 

Құрбан айт – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Халқымыз «Бота алғанша бата ал» дейді. Үлкеннің, жалпы көмекке мұқтаж жандардың алғысын алып, батасына бөлену – айт кезінде орындалатын сауапты істің бірі. Мұсылман баласының ұлық күнде шынайы ниетпен құрбан шалып, құрбандық етін мүгедектер мен жетімдерге, көпбалалы отбасылар мен қарттарға таратып, олардың алғысын алуға тырысатыны сондықтан. 

Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу – мейрамның сәнін келтіріп, мәнін арттырады. Мұндайда өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады, мерекені асыға күтеді.

Қадірменді ағайын, бауырлар!

Алла тағала шынайы ниеттеріңізді, ізгі амалдарыңызды және шалған құрбандықтарыңызды қайырымен қабыл еткей! Жаратушы Иеміз баршамызға екі дүниенің бақытын нәсіп етіп, жүзімізді жарық еткей! Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы әрі тыныштығы мәңгілік болғай!

Бейбіт өмірді мұрат тұтқан мұсылман қауымының ұлық мерекесі құтты болсын, ағайын!

ҚЫЗЫЛЖАРДА ҚҰРБАН АЙТҚА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық Орталық Коммуникациялар қызметінде Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз брифингі өтті.
Брифингке «Қызылжар орт алық мешітінің» бас имамының уақытша міндетін атқарушы наиб имам Алыпқашов Аян мен наиб имам Айтуған Тойбазар қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
27 маусым – Арапа күні болса, 28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Құрбан шалудың уақыты 28 маусым күні сағат 7-00 де басталатын Айт намазы оқылып болғаннан кейін басталса, аяқталуы 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни, аталмыш уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды.
Хадистерде айтылғандай, айт күндері жасалатын игі істердің ең абзалы – құрбан шалу.
Ханафи мәзһабы бойынша (құрбан айт күндері) құрбан шалуға шамасы келген дәулетті (қажетінен тыс зекеттің нисап мөлшеріне жеткен), азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп, яғни міндет.
Еске сала кетейік, ҚМДБ биыл да ел мұсылмандарының жеңілдігі үшін онлайн форматта етке тапсырыс беріп, өтініш білдіру үшін арнайы «Qurban 2023» жобасы, qurban2023.kz сайты іске қосылды. Бұл сайт арқылы шамасы келген азаматтар құрбандық шалу өкілдігін мешіттегі дін қызметкерлеріне табыстап қой және ірі қара секілді малдарға тапсырыс бере алады. Аталған сайт арқылы мұқтаж жандар ет алуға өтініштерін қалдыра алады. Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен вацап нөмірге жіберіледі. Онлайн құрбан шалу туралы толық шарттары сайтта көрсетілген. Ескертетін жағдай, сайтта көрсетілген бағаға қасапшының ақысы да кіреді. Қызылжар қаласы бойынша Садовая базарының жанындағы Космонавт -2 (заңды мекенжайы-79) жер учаскесі құрбандық малын сою орны болып бекітілді. Осы орында малды шариғат талаптарына сай сою және санитарлық талаптарды сақтау және т.б. түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Қызылжар орталық мешітінің» баспасөз қызметі

28 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!

Бүгін һижри жыл санауы бойынша 1444 жылдың зұлхижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 27 маусымға сәйкес келеді. 28 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.

Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай. Әмин!

АУДАН МЕШІТТЕРІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар орталық мешіті» бас имамының уақытша міндетін атқарушы Аян Болатұлы Қызылжар және Мамлют аудандарының орталығында орналасқан мешіттердің атқарып жатқан жұмыстарын барып көрді.

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Қызылжар орталық мешітінің құрылыс жұмыстарына жауапты имамдары қалалық «Нұрмешітіндегі» күрделі жөндеу жұмыстарын барып көрді. Рамазан айының соңында басталған жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталуы тиіс. Орталық мешітінің жауапты имамдары құрылыс жұмысының барынша сапалы болуын ескертті.

ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАЛДЫ

Шілденің 20-шы жұлдызында Қызылжар орталық мешітінде «Құрбан айтқа дайындық жұмыстары» туралы  аудан имамдарымен бірге онлайн форматта жиын өткізілді.

Онда Құрбан айт күні атқарылатын жұмыстар, Айт намазын өткізу, мұқтаж жандардың тізімі, құрбанға шалынатын малдардың шарттары, т. б мәселелер айтылды.

28 шілдеде мұсылманның ұлық болған екі мерекесінің бірі Құрбан айт аталып өтеді. Бұл күні мүмкіндігі болған мұсылманға Құрбандық шалу уәжіп. Сондықтан да барлық мешіттерде имамдар түсінік жұмыстарын жүргізуде, сонымен бірге әлеуметтік желі арқылы да құрбан шалудың шарттары туралы толық ақпарат алады.

ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті. 

Кестеге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымда басталып, 30 маусымда (үшінші күні) аяқталады. 

Құрбан айттың негізгі мақсаты – Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалу.

Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу — Ханафи мәзһабында шамасы жеткендерге ғана уәжіп, яғни міндет.

Соған орай Қызылжар қаласы Космонавт көшесінің 2-ші  жер учаскесінде құрбандық шалуға арналған орын дайындалды.

Күпірлікпен айыптау

Мұсылман қоғамын әлсіретіп, құрдымға апарар себептің бірі бірін-бірі күпірлікпен айыптау әдеті.

Күпірлік – Аллаға және пайғамбарларына сенбеу, діннің әмірі мен тыйымдарына қарсы келу, жаратылыс ақиқатын мойындамау. Аллаға, пайғамбарына сенбеумен ғана емес, діни үкімдердің қандай да біреуіне қарсы келумен де орын алады[1].

«Куфр» көптеген араб сөздіктерінде, соның ішінде Ибн Манзурдың[2] «Лисәнул Араб» сөздігінде «жабу», «мойындамау» немесе «жасыру» деген мағыналарды білдіреді. Құран Кәрімде:

«Алланың нығметіне шүкірсіздік (мойындамау) ете ме?»[3].

Күпірліктің екі түрі бар:

Бірінші түрі: Үлкен күпірлік, ол ислам дінінен шығарады, оның бес түрі бар:

  1. Жалғанға шығару. Аллаға сенбей, қарсылық білдіріп, Пайғамбарға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оған уахи етілген Құранды өтірікке шығару. Тек өзі ғана адасып қоймай жүрген жерінде басқаларға да осы сөзін жайып жүретін адамдар. Алла Тағала ондай адамдарды ең зұлым адамдар қатарына кіргізеді:

       «Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе?»[4].

  •  Тәкәппарлықтан болған күпірлік. Енді бір адамдардың күпірлік жасауының себебі – бойындағы тәкәппарлығынан арыла алмауы. Өзіне берілген азды-көпті билікке, білімге, байлыққа масаттанып, Аллаға иман келтіріп, құлшылық қылғандардан өзін жоғары ұстауында жатыр. Алла Құран Кәрімде Ібілістің Алланың рақымынан алыс болуының басты себебі – тәкәппарлығынан екенін былайша суреттейді :

كَافِرِينَ 

«Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды»[5].

            3-Күмәннан туған күпірлік. Бұлтартпас дәлелдермен келген хабарларға күмәнмен қарайды. Ол үшін қияметтің орын алу, барлық адамдардың хашыр алаңында жиналуы, әр адамнан Алланың жеке-жеке есеп алуы күмәнді нәрсе. Оған осындай хабарлар жеткізілсе: «Жоқ, мүмкін емес, ақылға сыйымсыз, діндарлардың қарапайым адамдарды қорқыту үшін ойлап шығарған айласы», деп басын шайқайды. Алла Тағала Құран Кәрімде:

         «Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де: “Тіпті бұны жоқ болады деп ойламаймын” деді.(36) “Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын деді. Мүбада Раббыма қайтарылсам, әрине бұдан да орын табамын” (деді).(37) Жолдасы оған сөйлесіп тұрып: “Сені топырақтан, сонан кейін бір тамшы судан жаратып, сонан соң Адам еткен Аллаға қарсы келесің бе?” (деді).(38) “Бірақ, менің Раббым, Ол Алла; Раббыма ешбіреуді серік қоспаймын»[6].

          4-Қарсы келу арқылы күпірлік жасау. Аллаға иман келтіру, Оның адам баласына көрсеткен қағидаттарымен жүру оның табиғатына, өміріне салтына қайшы, тіпті ол үшін материалдық тұрғыда тиімсіз де болуы мүмкін. Мекке мүшріктерінің сансыз пұттарын тастап бір Аллаға құлшылық қылмауының бір себебі әр рудың пайда көзі болған пұттарды бір Аллаға айырбастау олар үшін материалдық тұрғыда тиімсіз болды. Алла Тағала Құран Кәрімде:

             «Ал сондай қарсы болғандар ескертілген нәрседен жалтаруда»[7].

5-Екіжүзділіктен болатын күпірлік. Енді бір адамдар бар жағдайға байланысты біресе мұсылман бетпердесін кисе, ахуалдар өзгерген кезде, мұсылмандардан күш кете бастағанда дінсіздің бетпердесін киіп шыға келеді. Бұндай адамдар қоғамымызда да кездесіп жатады. Алла Тағала:

«Міне расында олар иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген. Енді олар түсінбейді» [8].

          Екінші түрі: Кіші күпірлік. Мұндай сипаттағы адамдар діннен шықпайды. Ол Құранда, хадистерде келген діннен шығармайтын күнәлар. Мысалы қуаты төмендеу дәлелдермен келген хабарларға иланбауы. Ақырет күніне иман келтірмеу діннен шығарса, ақыреттегі болатын әлсіздеу хабарлармен келген кейбір оқиғаларға сенбеу діннен шығармаса да кіші күпірлік жасаған болады.

 Құран кейбір аятында «куфр» сөзі Алланың нығметтерін жоққа шығарған адамдар хақында келген:

«Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді: Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және қауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды» [9].

Сол секілді Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде келгендей:

             «Мұсылманды балағаттаушы пасық, өлтірушісі залым»[10], деген. Бұл жерде «куфр» сөзі залым, Алланың ашуына ұшыраған адам ретінде келтіріледі, өйткені оған    Құран Кәрімнің мына аяты дәлел:          

Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді[11].

Алла тағала кісі өлтіруші күнәһарды мүмін санатына жатқызған. Өйткені Құранда «Ей, мүміндер» деп келеді.

Үлкен күпірлік пен кіші күпірлік арасында айырмашылық бар:

  1. Үлкен күпірлік жасаған адам ислам дінінен шығады, кіші күпірлік діннен шығармайды.
  2. Үлкен күпірлік жасау мәңгі тозақта қалуға жетелесе, кіші күпірлік жасаған адам мәңгі тозақта қалмайды.
  3. Үлкен күпірлік барлық амалдың сауабын жояды, ал кіші күпірлік сол күпірлікке қатысы бар амалды ғана жояды.

           Қазіргі кезде шариғат шарттарын ескермей бір адамның шариғатқа қайшы әрекет жасағаны үшін кәпір деп үкім бере салудан тартынбайтын топтар пайда болуда. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  өзінің мүбарак хадисінде:

       «Кімде-кім мұсылманды күпірлікпен айыптаса, ол оны өлтіргенмен тең»[12] деген. Бұлай айыптауға шариғат рұқсат бермейді.

        Алла Тағала Құран аятында:

       «Әй, мүміндер! Алла жолында жорыққа шыққанда, әрбір жағдайдың байыбына баруға тырысыңдар (яғни кімнің мүмін және кімнің кәпір екенін анықтаңдар, әр нәрсеге жіті қарап, әр мәселенің қыр-сырына әбден қанығыңдар). Өздеріңе бейбітшілік тілеп, мұсылманша сәлем бергенге дүние тіршілігінің өткінші игілігіне (олжаға) қызығып: «Сен мүмін емессің» деп, айтпаңдар. Біліп қойыңдар Алланың құзырында мол әрі сан алуан олжалар бар.,»[13] деді.

        Олай болса, біреуді күпірлікке шығарардың алдында ол адамның не үшін күнәлі әрекетті жасағанын зерделеу керек. Мысалы адам ислам негіздерін дұрыс білмегендіктен Алланы лайықты емес заттармен сипаттауы мүмкін. Сол секілді адам қателесуі немесе ондай амалды істеуге мәжбүр болуы мүмкін. «Кәпір» деп үкім беруші адам мұның барлығын ескере білетін шариғатты терең меңгерген адам болуы ләзім.

          Заманымызда бұл шарттардың ешбірін ескерместен бірден күпірлікпен айыптайтын тәкфир ағымы бар. Олар өздерінің діни ұстанымдарын хауариждерден алады[14]. Яғни, адамды үлкен күнә жасағаны үшін күпірлікпен айыптап, оны өлтіруге малын талан-таражға салуға, ар-намысын таптауға  рұқсат береді. Такфир жайында ғалымдардың айтқан сөздеріне тоқталып өтейік:

Имам әл-Қуртуби былай деген: «Такфир – оның алдына көптеген адамдар келіп, сүрінген қауіпті есік, ол есіктің алдында таңдаулылар ғана тоқтап, құтылды. Ал құтылумен қандай нәрсе теңесе алады!»[15].

Имам Ибн ‘Абидин былай дейтін: «Күпірлік – қауіпті нәрсе! Әрі егер мен мүміннің күпірлікке түспейтініне бір ғана ақтау тапсам, оны күпірлікте айыптамаймын»[16].
            Ибн Таймия былай деген: «Күпірлікте айыптау нақты тұлғаның кейіпіне (жағдайына) байланысты ерекшеленуі мүмкін, өйткені қателік жасаған адамның әрбірі бидғатшы немесе надан бола бермейді және кез келген адасушы да кәпір, бұзақы (фәсиқ) тіпті жай күнәһар да болмауы мүмкін»[17].

        Тәкфир сенімене бой алдырған жан барлық үлкен күнә жасаған мұсылмандарды кәпір деп санайды. Мәселен арақ ішкен, зина жасаушы, кісі өлтіруші, ата-анаға зұлымдық жасаушы, яғни барлық үлкен күнә жасаушы мұсылмандар кіреді. Алайда көпшілік ғұламалардың  пікірі бойынша, адам ондай үлкен күнәларды істеуімен діннен шықпайды, діннен тек қана мұны адал деп таныса ғана шығады. Мысалы, арақ ішкен діннен шықпайды, бірақ оны адал деп таныса, діннен шығады. Өйткені Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  адамды негізсіз күпірлікпен айыптауға қатаң тиым салған:

«Егер адам өзінің  бауырына: «Әй кәпір» десе, бұл сөз өзіне қайтып оралады ол (адам) туралы айтқаны шын болса, (ол соған лайықты) құтылады, керісінше ол кәпір болмай мұсылман болса айтқан нәрсесі өзіне қайтады»[18] – деген.

Усама ибн Зайд бір жорықта мүшрікті өлтірмек болып қылышын көтергенде әлгі мүшрік қорыққанынан кәлимә (Лә Иләһә илла Алла Мухаммадар русулулла) сөзін айтқан болатын. Соған қарамастан өлтіріп жібереді. Бұл хабар Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  жеткенде Усама ибн Зайдты шақырып алып сұраған кезде ол оның өлімнен құтылу үшін ғана айтқанын жеткізді. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  жауап ретінде:

 «Сен оның жүрегін қақ жарып ашып көрдің бе[19] – деп, кейіс білдіреді.

        Күпірлікпен бір адамды айыптау арқылы бұзақылар үшін олардың ар-намыстарын қорлауға, мал-мүліктерін талан-таражға салуға жол ашып береді. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)   бұл әрекеттердің барлығын харамға шығарған:

«Сендердің біреулеріңнің қандарың, мал-мүліктерің, ар-намыстарың бұл күн, бұл ай, бұл қала харам (қасиетті) болған секілді екінші біреулеріңе харам», – деді. Содан кейін сахабаларына (Алла олардан разы болсын): «Сендер куәсіңдер ме?» –деді. Сахабалар бірауыздан : «Куәміз», – деді. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):   «Уа, Алла, куә бол, уа, Алла куә бол» – деді[20].Иә, бұл Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)   ең соңғы өсиеттерінің бірі еді. Одан кейін көп ұзамай мәңгі мекеніне қайтты.

Сөзімізді қорытындылай келе, атақты имам Әбу Ханифаның басынан өткен оқиғамен аяқтағым келіп отыр[21]. Куфа қаласының бір мешітінде сабақ жүргізіп жатқан кезінде бір топ хауариждер[22] келіп Әбу Ханифадан үкім сұрайды: «Мынау мешіттің алдындағы екі жаназа: біреуі арақ ішіп өлген еркек, екіншісі зина жасап бала көтеріп, жұрттың сөзінен қорқып, өзіне қол жұмсаған әйел. Бұл күнәһарларға кім деп үкім бересіз», – дейді. Сол кезде Әбу Ханифа олардан сұрайды: «Бұлар яхудилерден бе?» – дегенде олар: «Жоқ», – дейді. Ол: «Бұлар христиандардан ба?» – деп тағы да сұрайды. Олар: «Жоқ» – дейді. Ол: «Әлде бұлар пұтқа табынушылардан ба?», дегенде. Олар: «Жоқ» – деп, үш мәрте жауап береді. Әбу Ханифа: «Егер үшеуінен де болмаса онда қай үмметтен болды», – дейді. Олар: «Өздерін лә иләһа илла Алла Мухаммадар расуллулла деген үмметтен» дейді. Әбу Ханифа: «Онда маған мынаны айтыңдаршы: лә иләһа илла Алла Мухаммадар расуллулла», – деп куәлік еткен  қауым иманның неше бөлігін орындады? Үштен бірі ме? Төрттен бірі ме? Әлде бестен бірі ме?» – дейді. Олар: «Иман үшке, төртке, беске бөлінбейді ғой» – дегенде. Ол: «Онда бұлардың иманы иманның неше бөлігі деп айтасыңдар?», – деді. Олар: «Иман үшке, төртке, беске бөлінбейді ғой, иман біртұтас», – деп жауап береді. Имам Ағзам: «Бұл екі адамның жағдайы жайында міне өздерің жауап беріп тұрсыңдар», – деді.

Олар: «Онда бұлар жәннаттық па әлде тозақтық па?» деді. Ол: «Бұдан да ауыр күнә жасаған қауым үшін Ибраһим пайғамбар Раббысына былай деді:

            «Уа, Раббым! Ол пұттар көптеген адамдарды тура жолдан тайдырды. Бұдан былай кім маған ерсе, ол – менің үмметім. Ал кімде-кім маған қарсылық білдірсе, Сен өте кешірімді, ерекше мейірімдісің»[23].

            Ол сөзін жалғастырып: «Бұдан да ауыр күнә жасаған қауым үшін Иса пайғамбар Раббысына былай деді:

            Егер оларды азаптаймын десең, шүбәсіз олар Сенің құлдарың. Ал егер оларды кешірсең, Сен ұлысың, бәрінен үстемсің һәм (әр ісің мен әрбір үкіміңде талай хикмет болған) асқан даналық иесісің», деп жауап береді[24].

            Ол: «Бұдан да ауыр күнә жасаған қауым үшін Нұх пайғамбар Раббысына былай деді:

«Қауымы: «Сонда сенің соңыңнан өңшең жаман жәутіктердің ергенін көріп тұрып, саған иман етеміз бе? – деді. Нұх: «Олардың (ниетін), бұрын-соңды не істеп, не қойғанын білмеймін. «Саналарың (түйсіктерің) болса, оларды жауапқа тарту Раббымның ғана құзырында екенін білер едіңдер»[25] – деген аятты оқып береді.

[1] Смайыл Сейтбеков «Иман негіздері» 102-бет

[2] Жәмалудди́н Абу́ль-Фадль Муха́ммад ибн Му́крим әл-Анса́ри ар-Руа́йфии, Ибн Манзу́р деген атпен танымал (1232, —1311,) — мұсылмандардың атақты ғалымы, фиқһ, араб тілінің маманы, жиырма томдық араб сөздігінің «Лисәнул араб» авторы

[3] «Нәхл» сүресі, 72 -аят

[4] «Анкабут» сүресі, 68-аят

[5] «Бақара» сүресі, 34-аят

[6] «Кәһф» сүресі, 36-38 аяттар

[7] «Ахқаф» сүресі, 3-аят

[8] «Мунафиқун» сүресі, 3-аят

[9] «Нәхл» сүресі, 112-аят

[10] «Муслим» хадистер жинағы

[11] «Бақара» сүресі, 178-аят

[12] Фатху әл-Бари шарх сахих әл-Бухари № 6277

[13] «Ниса» сұресі, 94-аят

[14] Хауариждер – бұл мұсылман басшыларына сөзбен және қарумен қарсы шығатын, әрі мұсылмандарды үлкен күнәсі үшін күпірлікте айыптайтын ежелгі ағымдардың бірі. Олардың пайда болатыны туралы пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі көптеген хадистерінде хабар берген. Хафиз Ибн Кәсир айтады: «Хауариждер туралы кейбір салиқалы сәләфтардың айтқанынан артық не бар десеңші, олар мына аяттағы адамдар – хауариждер деп түсіндірген: «Айт: “Сендерге амалдары бойынша зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?” Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды» (әл-Кәһф сүресі, 103-104-аяттар)”. Қараңыз: “әл-Бидайә уә-ннихая” 7/228.
Имам Әбул-‘Алия айтады: “Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) өлімінен кейін он жыл бойы мағынасы ашық аят пен хадисті оқып жүрдім, сонда Алла Тағала маған екі нығмет берді, алайда оның қайсысы жақсырақ екенін білмеймін: біріншісі, Ислам жолына салғаны; екіншісі, мені хауариж қылмағаны!” Қараңыз: “әт-Табәқат әл-кубра” 7/113.

[15] «әл-Муфхим» 3/111

[16] «Фатауа-ссуғра» 4/224

[17] «Минһажу-Ссунна» 5/250

[18] Әл-Бұхари хадистер жинағы, №6104

[19] Муслим хадистер жинағы

[20] Бұхари хадистер жинағы №1741

[21] Манақиб Әбу Ханифа.

[22] Жоғарыда сілтемеде айтылған болатын

[23] «Ибраһим» сүресі, 36-аят.

[24] «Мәида» сүресі, 118-аят.

[25] «Шұғара» сүресі, 111-113 аяттар.

(жалғасы бар) Хамзат Қажымұратұлы

СҚО-на Мұхаммед Пайғамбардың шашы әкелінді

 Солтүстік өңіріне Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбарак шашы  әкелінді. «Бұл Әмір Темірдің кезінде соның қасындағы ғұламаларға берілген сыйлық екен. «Қазақстан қажылар қауымдастығы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Қалиолла Маджанов, «Көпшіліктің сұрауы бойынша, берекесі тисін деген ниетпен солтүстік өңіріне алып келдік»-дейді.

Қызылжарлық тұрғындар Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мүбарак шашын ислам өркениеті музейінде көруге мүмкіндік алды.

Return to Top ▲Return to Top ▲