СҚО-да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Қайырымдылық сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны өтті. ҚМДБ бастамашы болған игі шараға солтүстікқазақстандықтар да қолдау көрсетті.
Бұл қайырымдылық іс-шарасына өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысып, жиналғандарды Рамазан айымен құттықтады. Шара аясында өңіріміздегі тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеті таратылды. Оған ұн, қант, күріш, сұйық май секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған. Бұл күні өңір бойынша 500 отбасыға көмек көрсетілді.
Қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша республика көлемінде тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясы қолға алынды. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі.



