БАС МҮФТИ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМА БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамада айтылған ауқымды іс-шараларды атқару бойынша арнайы жиналыс өткізді. Жиынға наиб мүфтилер, Бас мүфти кеңесшілері мен бөлім, сектор меңгерушілері қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, 17 қаңтарда еліміздегі бүкіл дін қызметкерлеріне дәстүрлі Бағдарлық баяндамамды жолдап, жыл бойы атқаратын ауқымды жұмыс бағыттарын атап, тиісті тапсырмалар бердім. Алла қаласа, 2024 жылы «Бағдарлық баяндама» аясында 50 ауқымды жобаны, «Айтулы шаралар-2024» жобасы бойынша 45 іс-шараны, «Бес бағыт» бойынша 58 іс-шараны, «Діни басқарманың кеңейтілген жоспары» бойынша 610 жобаны, барлығын қосқанда 763 іс-шараны жүзеге асыратын боламыз. Осы ретте баршаңызды жоспарланған жұмыстарды ықыласпен дер кезінде орындауға шақырамын» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиын соңында Бас мүфти Алматы тұрғындары үшін арнайы дұға жасады.

myftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲