Арнайы іссапармен Аққайың ауданына барған облыстық облыстық Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы аудан орталығының зиялы қауымымен кездесті.
Мұнда мешіт жамағаты мен ауылдың мұсылман қауымының аудан орталығынан мешіт салу туралы мәселесі сөз болды. Арнай қор құрып, жиналған қорға жауапты адамды бекіту, құрылысты жоспарлау, салу сияқты мәселелер тиісті адамдарға жүктелді. «Әрине, мешіт салу жұмысы оңай шаруа емес. Алланың қалауымен, жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, мұсылман жамағатының құлшылық жасайтын Алланың жердегі үйін салу біздің парызымыз,-деді бас имам.
облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі