Әлемдердің Раббысы, барлықты жаратқан Алла тағала жер бетінде өмір сүретін, Алланың заңдарын жүзеге асыратын орынбасарын(халифа) жаратуын періштелерге білдіргенде, олар өз уәждерін айтып: Жер бетінде қан төгіс пен бұзақылық жасайтын адамды жаратасың ба, біз сізді пәктейміз, ұлықтаймыз, деп пікірлерін білдіреді. Періштелердің Адам баласын жаратуына қарсы болуы себебі, сыры, олардың жаратылысы, болмысы күнә атаулысына қарсы болуында болып тұр. Лауһыл махфузда (тағдырлар жазылған кітап) болашақта адам балалары бір бірінің қанын төгетіні, әр түрлі күнә, қылмыстар жасайтынын көріп, фитраттары, жан дүниелері қабылдамағандықтары себепті Адам баласының жаратылуына байланысты өздерінің пікірлерін айтуда. Алайда Алла тағала: Мен сіздер білмейтінді білушімін, деп білімімен, құдіретімен Адам атамызды жаратады. Өз жанынан жан(рух) үрлеп, жан бітіреді. Ең көркем суретте, жаратқандарының ішіндегі ең құрметтісі қылып, ақылды, саналы қылады. Адам ақылымен жақсы мен жаманды, күнә мен сауапты, әділдік пен жауыздықты ажыратып, айыра алатын мүмкіндік, қабілет дарытады. Кейін Алла тағала Адам атамызға білім үйретеді. Білімі періштелердің білімінен де асып түсіп, періштелер Алланың хикметін, Адам баласын жаратуындағы сырын, түпкі мақсатын түсініп, құрмет сәждесін жасап, тағзым етеді. Алла тағала адам баласын періштерлер мен хайуанның ортасында жаратты. Яғни біздерде періштелердің де қасиеті бар, сол сияқты хайуандарда болатын нәпсімізде бар. Періштелерде бар қасиет ол, шындықты, әділдікті, ақиқатты, тазалықты, кешірімділікті, сабырлықты, туралықты, арлылықты тағы осы сияқты қасиеттерді жақсы көру, әрі оларды жасауға қабілеттіміз. Ал нәпсі дегеніміз ол: ішіп жеу, дүниеуи нәрселерді жақсы көру, күнә жасауға бейімділік, ақиқатты мойындамау сияқты нәрселер. Тек кейбір нәпсі қалауларын Алла тағала рұқсат берді. Мысалға адалдан ішіп жеу, некелесіп отау құру, шектен шықпай әдемі киімдер кию, күнәден тыс сөйлеу, күнәдан тыс күліп ойнау, әзілдесу сияқты қажеттіліктер. Енді адам баласының адами болмысын сақтап тұрған не, қандай өлшемдермен адамгершілік сипатымызды сақтай аламыз. Адами болмысымызды сақтауда біздерді жаратқан иеміз Алла тағаладан артық нұсқаушы жоқ. Құранда «Ғасыр» сүресінде: «Адамзаттың барлығы зиян шегуде. Тек иман келтіріп, жақсы амалдар істеп, шындықты үгіттеуші, бір бірін сабырлыққа шақырғандардан басқалар», деген. Ғасыр деп бұл жерде уақытты айтуда. Қазақта бір ғасыр жүз жылға тең уақыт өлшемі. Яғни адамзат дінсіз жүз жыл өмір сүрсе азып тозып кетітінін білдіруде. Бұл орайда әркімде әр түрлі пікірлер болуы мүмкін. Қалай айтсақта «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаса, яғни адам балалары бір бірін туралайтын діні болмаса, сол тура жолда сабырлықпен өмірлерін жасамаса, адамның табиғаты бұзылатыны хақ. Адамгершіліктің ең жоғары сатыларын Алла тағаланың сүйікті құлдары елшілері, пайғамбарлары көрсетті. Адамзат адасып, азып тозып, рухани құлдырау шегіне жеткенде, олар тура жолға шақырып, әділдіктің жаршылары болды. Майкл Хард есімді ғалым «Жүз ұлы тұлға» атты кітабын жарыққа шығарады. Бірінші болып Мухаммед(а.с) тұрды. Өйткені ол Алла тағаланың тәрбиесінен өткен, тағдырдың сан қилы тауқыметін көрген, әділдікті ту еткен тұлға еді. Өмірінің шеге бүгесіне дейін, ұсақ түйегіне дейін зерттеліп, қағаз жүзіне түсірілген адам. Алла тағала құран кәрімде «Алланың елшісінде үлгі алатын көптеген жақсы қасиеттер бар» деген. Пайғамбар Мухаммед(ғ.а.с) бойында аманатшыл, шыншыл, қайырымды, ізетті, сабырлы, кешірімді, мейірімді, сенімді, қамқоршыл, қайратты тағы осы сияқты көркем мінездердің қазынасы болған. Пайғамбармыздың(а.с) осы көркем мінез қайнарынан сусындаған әрбір адам, бойына осы көркем мінездерді дарытып, адамгершіліктің биік шыңдарына көтеріледі. Қазақта «Жақсы ниет – жарым ырыс» деген. Бұл мақал пайғамбарымыздың(ғ.а.с) ның ниет турасындағы хадисіне сәйкес келеді. Осы сияқты адамгершілік мақал мәтелдер төркіні құран мен хадистен нәр алған. «Мақал» деген сөздің аудармасының өзі «мә қол» айтылған дана сөз дегенді білдіреді. Әр бір қазақтың төрінде құран кәрім тұрғандай, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі баяндалған кітабында қоса тұруы керек.
Мухсин мешітінің бас имамы
Абылай Құрмашұлы