Ашура күнінің маңыздылығы

Аллаһ Тағала Құрани Кәримде:

«Расында Аллаһтың қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер..[1].

Бұл аяттан бір жылда 12 ай болатын болса, сол айлардың төртеуі Аллаһ Тағаланың тарапында құрметті айлар болып саналатынын түсінеміз. Күндер әртүрлі, айлар әрқилы бір-бірінен артықшылығы болып келдеді. Дін негіздері топталған қасиетті Жұма күні күндердің ұлығы, Қадір түні түндердің ең қайырлысы, Ал, айлардың сұлтаны Рамазан айы.

Аятта айтылып отырған 12 айдың төртеуі олар: Зулқиъда, Зулхижжа, Мухаррам және Ражаб (Ережеп) айлары. Осы аталмыш айлардың үшіншісі Мухаррам айының он күнінің бірі Ашура күні болған қасиетті күннің маңыздылығы жайында қазір тоқталып өтеміз.

Ашура күні Мухаррам айының он күнінің бірі делінген. Алайда көптеген Ислам ғалымдары оныншы күнімен сәйкестіреді. Бұл Ашура күні жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с) хадистерінде бірнеше жерде келген.

Аллаһ Елшісі (с.а.с) мына бір хадисте Ашура күнінің абзалдығы жайында:

صوم يوم عرفة يكفر سنتين ماضية و مستقبلة، و صوم يوم عاشوراء يكفر سنة ماضية

«Арафа күні ұстаған ораза екі жылдық өткен күналарға кәфарат болса, Ашура күні ұстаған ораза өткен бір жылдыққа кәфарат болады»[2]. – деген.

Ашура күнінің қасиеттілігі сол, ол күні Адамды (а.с) …, сол күні Нұх (а.с) пайғамбардың кемесі …, сол күні Ибраһим (а.с) пайғамбардың отқа тасталып Аллаһтың мұғжизасымен жанбауы, Айюб (а.с) пайғамбардың …, Және сол күні Бәни Исрайыл мен пайғамбары Мусаның Ферғауынның зұлымдылығынан құтқарылды. Міне осы Ашура күнінде осындай есте қаларлықтай оқиғалар орын алған болатын.

 

Пайғамбармыз (с.а.с) Мәдина қаласына барғанда яһудилердің ораза ұстап жүргендерін көріп олардан не үшін ұстағандарын сұрағанда олар:

«Сол күні Мұсаны (а.с) және оның қаумы Исраил қаумында Аллаһ дұшпандарынан құтқарды. Сондай-ақ Мұса (а.с) ораза ұстаған» деп жауап бергенде. Аллаһ Елшісі (с.а.с) «Мен Мұсаға сендерденде жақынмын» деп «ораза ұстап басқаларға да ораза ұстауларына бұйырды»[3].

Бұл Ашура күнінде Рамазан оразасы парыз болмай тұрып мұсылмандар ораза ұстайтын. Кейіннен «Рамазан айында ораза бұрынғыларға парыз болғандай сендерге де ораза парыз болды»[4] – деген аят түсіп Ашура күнгі ораза сүннет амалы болып кім ұстаса ұстап қаламағандары ұстамай жүретін. Бұл жайтқа Айша (р.а) анамыздың мына бір хадисін келтіруге болады:

«Аллаһ Елшісі Ашура күні ораза ұстауға бұйырған еді, Рамазан оразасы парыз болғаннан кейін қалағаны ораза ұстап, қалағаны ұстамайтын»[5] – деген.

Демек Ашура күні ораза ұстау сүннет амалы. Және оны орындамасақ оқасы жоқ. Алайда ниет етіп сол күні ораза ұстар болсақ онда үлкен сауаптарға батып өткен бір жылдық күналарымыздың кәфараты болуына себепкер болады екен.

Саубан (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымызбен (с.а.с) бірге қабірстанға (бейітке) кірдім, бір қабірдің қасына барып тоқдады да жылады. Мен иә, Аллаһ Елшісі сіздің жылауыңызға түрткі болған не нәрсе? – деп сұрадым. Ол (с.а.с) «Мына қабірдің иесі азап шегуде, нәпсім қолында болғанға серт, егер ол Ашура күні ораза ұстағанда еді Аллаһ оның қабір азабын жеңілдетер еді» – деді. Мен иә Аллаһ Пайғамбары! «Ашура күні ораза ұстау адамның қабір азабын жеңілдетеді ме?» деп сұрағанымда Аллаһ Елшісі (с.а.с) «Иа» – деп жауап берді.

Расында оразаның Исламдағы орны өте күшті. Себебі ораза адам баласын жақсылық пен сабырлылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Сондай-ақ, шаһуатты бәсеңдетіп, шайтандармен күреседі. Жүректерді нұрландырып, адам рухы көкке көтеріледі. Періштелер ораза ұстаушы аузын ашқанша Аллаһтан ол үшін кешірім сұрап тұрады. Сауабы мен Ақыреттік жемісіде молынан беріледі.

Кутубус-сунна кітаптарында риуаят етілген мына бір хадисте былай делінген: «Бірде Білал (р.а) Аллаһ Елшісіне кіреді. Пайғамбарымыз сахабаларымен тамақтанып жатқан еді. Білалды өздермімен тамақтануға шақырғанда. Білал мен оразамын иа, Аллаһ Елшісі! Деп жауап қайтарады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларына қарап «Өз ризықтарымызбен Білалдың ризығын Жәннәтта бірге жейміз. Расында Ораза ұстаушы егер тамақтанып жатқандардың қасында болса олардың бірі сияқты болады. Періштелер оған салауат айтып «Аллаһым оны кешір, аузын ашқанша рахым ет» дейді» – деген.

Ендеше қадірлі ағайын! Оразаның осыншалық сауаптары бар екен, ондай сауаптардан мақрұм қалмайық. Аллаһтан үлкен сауап үміт етіп мұндай қасиетті айдың қадірлі күнін бос өткізіп алмайық. Мейірімі шексіз Аллаһтың біз пенделеріне берген мүмкіншілігі деп түсінейік. Яһудилерге ұқсамас үшін Ашура оразасын оныншы күнімен қоса алдынғы біркүнді немесе кейінгі біркүнді қосып екі күн ұсталық. Пайғамбарымыз соған нұсқаған. Қасиетті Ашура күні күндізін оразамен, түнінде таһажуд намазбен өткізейік. Аллаһ оразаларымызды қабыл етсін!

 

Жеңіс Әбибуллаұлы,

дінтанушы


[1] «Тәубе» сүресі, 36 аят.

[2] Бұл хадисті Бұхаридан басқасының барлығы келтірген.

[3] Барлық ғұламалар келіскен хадис.

[4] «Бақара» сүресі, 185 аят.

[5] Хадисті Бұхари және басқаларда риуаят еткен.

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲