«Жұмақ  аналардың аяғының астында»

«Ана бір қолымен бесік тертетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», деген халық даналығы баршамызға аян. Ананың мейірімінен, аялы алақанынан, емірене құшағына басуынан, балаға  осы әлемге деген сүйішпеншілік, адамдарға деген бауырмалдылық, мейрім сияқты асыл қасиеттер бойына дарып, өмірлік адамгершілік қағидаттар қалыптасады.

Ананың балаға деген мейірімі ол Алла Тағаланың адамзат баласына мейірінен болған  біздерге деген нығметі. Тар құрсағын кеңітіп, тоғыз ай тоғыз күн көтеріп, толғатып дүниеге адам баласын келтіру үлкен ерлік, батырлық дер едім. Құранда:

و وصينا ألانسن بولديه حملته امه وهنا علي وهن و فصله في عامين ان أشكر لي  ولولديك الي مصير[1]

«Адамдарға, ата-анасына қарайлсуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулік болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке шешене шүкіршілік ет. Қайтар орның мен жақ». Сондықтан да Жаратушы иеміз  өзіне шүкір қылудан  кейін ата анаға шүкір қылуға бұйыруда. Бірде бір кісі пайғамбарымызға (а.с), уа Алланың елшісі адамдардың қайсы бірі жақсылық қылуға лайығырақ, деп сауал қойғанда, ол(а.с): Анаң,- деп жауап береді. Қайта қайта осы сұрақты қойғанда үш рет қатарынан анана жақсылық жаса, кейін әкене жақсылық жаса деп, ананың дәрежесін әкеден үш есе артық қылған.  Олардың жандарынан табылып, олардың  қызметтерін жұмсақтықпен, жылылықпен атқара білуі, жауап қатқанда дауыс көтермей, төменшілікпен қожайына қызмет қылған құлдай әрқашан ризашылықтарын алу, құранда айтылып жатқан жақсылық жасау жолдары. Тіршілік уақытында мейірімділікпен қызмет қылып, дүниеден өтіп кетсе тілек дұғадан қалдырмай оларға Алланың ризашылығын, жәннатын сұрауға дайын болу ләзім. Қазақ халқының дана сөздерінде  «Алып та анадан туады» деген қанатты сөз бар. Ислам әлемінде машһур мүжтаһид ғалым Абу Ханифаны қази болуды қабылдамағаны үшін, дүре соғып, азаптың астына алса да, сабыр- шыдамдықпен төтеп берген. Анасының баласына жаны қиналғаның білгенде, анасына деген мейірімділіктен көз жасына ерік берген екен.

Бірде бір кісі пайғамбарымызға келіп: Уа, Алланың елшісі қолымда жасы  жетіп қартайған анам бар. Мен оны қолыммен тамақтандырамын, қолыммен су ішкіземін, дәреттендіремін, иығыма салып арқалап жүремін, мен анамның ақысын орындадым ба, деп сұрағанда, Пайғамбарымыз(а.с): Жоқ, ақысын өтеген жоқсың. Жүзден бірінде өтеген жоқсың. Алайда, сен жақсы іс қылыпсың. Алла Тағала сенің анана істеген азғантай жақсылығынды еселеп көбейтеді, деген. Осындай ізгіліктердің өзі анамыздың біздерге жасаған жақсылығының жүзден біріне тұрмаса, ата-аналарын ренжіткендердің жағдайын ойлаудың өзі қиын. Пайғамбарымыз(а.с) заманында Алқама есімді сахаба қатты ауырып, өлім төсегінде ажалын күтуде еді. Иманың айтуға келгенде  тілі  күрмеліп, айта алмай қатты қиналды. Пайғамбарымызға бұл жәйттерді хабарлағанда, пайғамбар:  Ата-анасы бар ма?- деп сұрайды. Анасының барын әрі баласына ренжулі екенің білгенде: Алқаманың тілін күрмеп тұрған анасының реніші,- деген. Анасы риза болғанда ғана Алқама: Ләә иләһә илләллоһу Мухаммадур расуулуллоһ, деп иманың айтып жан тәслім қылған екен. Пайғамбардың көзін көрген, бес уақыт намазын оқыған, соғыстарға қатысқан, садақа беруде жомарттық танытқан Алқама сынды сахабаның жағдайы біздерге сабақ. Пайғамбарымыз:

لو علم الله شئا ادني من اف لنهي عنه فليعمل العاق ما شاء ان يعمل فلن يدخل الجنة [2]

Алла тағала «туһ» дегенненде төмененірек сөзді білсе, әлбетте ол сөзден қайтарар еді. Ата- анаңды ренжітуді тоқтатапасаң ешқашан жұмаққа кірмейсің. Ата-анана жақсылық істеуді тоқтатпасаң ешқашан тозаққа кірмейсің, деген. Ата- ананы сыйлауды құран мен хадисте айтпаса да, адам ардақты адамдардың қадірін ақылымен біліп, оларды құрметтеу, сыйлау, көмектесу баланың міндеті екенің ұғынар еді. Құранда:

و قضي ربك الا تعبدوا الا اياه و بالولدين احسنا اما يبلغن عندك الكبر احدهما او كلاهما فلا تقل لهما اف و لا تنهرهما و فل لهما قولا كريما واخفض لهما جناح الذل منالرحمة و قل رب ارحمهما كما ربياني صغيرا[3]

«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарына кәрілік жетсе: «Түһ» деме (Кейіс білдірме).  Сондай ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп, мейірім құшағын жай да, «Раббым! Ол екеуі мені кішкентай күнімде тәрбиелегендей Сен де оларды мейіріміне бөлей гөр» -де.  Ата-аналарымзды қаншалықты дәрежеде құрметтеуімізді белгілеп қойған Алла Тағала,  өзінің ризашылығын әке- шешеміздің ризашылығына байлап қойған. Қазақтың ағартушы ақыны Ы. Алтынсарин өлеңінде:

Кім сендерді, балалар,  сүйетұғын,

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамыллсыз жүретұғын

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Анаға, балаға деген сондай жанқиарлық мейрім берген Алла Тағала әр қайсымызға міндеттер жүктеген. Баланың ата -анасының алдыңдағы міндетерін Ислам ғұламасы Абу Лайс өзінің «Таббиһул ғофилиин» кітабында  былай көрсеткен:

  1. Тамақтандыру, егер керек болса
  2. Көмектесу, егер зәру болса
  3. Шақырғандарына жауап беру
  4. Бойынұсыну, күнәлі істен басқада
  5. Кішіпейілділікпен сөйлесу, дауыс көтермеу
  6. Киімдері болмаса, алып беру, егер шамасы жетіп жатса
  7. Соңдарынан жүру
  8. Өзіне ұнатқаның оларға да ұсыну
  9. Өзіне ұнатпағады оларға да ұсынбау
  • . Өзіне жақсылық тілек тілегенде, оларға да тілек дұға қылу[4]

Құранда:

 

و وصينا الانسن بولديه احسنا حملته امه كرها و وضعته كرها و حمله و فصله ثلثون شهرا[5]

Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Өйткені, шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай -ақ, жүкті болу,(сүттен) айыру отыз ай.

Ана деген бақытты жан болу қандай қиын болса, сол аналарымыздың ризашылығын алу оңай емес. Бірде пайғамбарымызға(а.с) бір кісі анасының үстінен шағымданып, анасының мінезі ауыр екендігін алға тартады. Сонда әз пайғамбарымыз: «Сені тоғыз ай сені ішінде көтергенде мінезі жаман болмаған еді ғой». Әлгі адам анам жаман, деп айтуын тоқтатпайды. Оған: «Сені екі жыл емізгенде онда мінезі жаман емес еді ғой». Келген адам анасының мінезіне тағы шағымданғанда: «Сені түнде тұрып уатқанда, күндізі тамақтандырғанда, сен айтқандай емес еді ғой», деп ананың жақсылығын өтеу ол адам баласының өмірлік борышы екендігін айтуда. Сонда келген адам мен анамның хақысын өтедім, анамды арқалап қажылық жасаттым, -деп ағынан жарылады. Пайғамбарымыз(а.с): хақысын өтемедің,- деп қысқа, нұсқа жауап береді.[6] Қазіргі заманда ата аналарының кемшін тұстарын жақтырмай қарттар үйіне тапсыратындар бар. Қазақта: «Атаңа не істесең басына сол келеді» деген тәрбиелік мәні өте жоғары ұлағатты сөз бар. Қаблиса жыраудың :

Бақыт қайда барасың?

Ата анасын сыйлаған,

Ұйымшылдық ойлаған,

Тату жанға барамын,

дегендей екі дүниенің бақытына себепші болатын аналарымызды әлпештеп, перзенттік борышымызды абыроймен атқарып, ақ баталарын алып, екі дүниенің бақытына жетейік. Амин!

Абылай Құрмашұлы,  

Петропавл қалалық «Мухсин» мешітінің бас имамы.

[2] Дайлами

[3] Исра сүресі 23-24 аят

[4] Танбиһул ғофилиин 68 бет

[5] Ахқаф сүресі 15 аят

[6] Хутбатул минбария 148 бет

Return to Top ▲Return to Top ▲