Бүгін Алланың қалауымен қасиетті Құранды толық меңгеріп, маңызды белеске жеткен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің шәкірттеріне құрмет көрсетіліп, арнайы тәж кигізу рәсімі өтті.
Құран Кәрімде: «Расында, осы Құран ең тура жолға бастайды», – деп баяндалса, Алла Елшісі Мұхаммед ﷺ: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – деген (Сахих әл-Бұхари).
Шара барысында шәкірттердің Құран ілімін меңгеру жолындағы табандылығы мен қажырлы еңбегі жоғары бағаланды. Басқа кигізілген тәж – олардың қасиетті Құранға деген сүйіспеншілігінің, ынта-жігері мен сабырының белгісі.
Алла Тағала шәкірттеріміздің алған білімдеріне береке беріп, Құран нұрын жүректерінен айырмасын. Өмір жолдарын иман мен ізгілікке толтырып, ел игілігіне қызмет ететін абзал азаматтардың қатарынан етсін.






