1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық Қызылжар орталық мешіті шәкірттерге арнап мерекелік шара ұйымдастырды. Ізгі шара барысында балаларға тәтті балмұздақтар таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Мешіт ұжымы жас буынға қамқорлық көрсетіп, мерекелік күннің мән-маңызын дәріптеді. Балалар өздеріне көрсетілген ықыласқа ризашылықтарын білдіріп, қуанышты сәттерге бөленді.
Мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақтың мерекелік көңіл-күйін арттырып қана қоймай, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттауға ықпал етеді. Балаларды қуантуды мақсат еткен бұл шара көпшіліктің алғысына ие болды.


