Қорытынды жиын өткізілді.

         Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні СҚО әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесінің (әрі қарай «Кеңес») отырысы өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімдері, Дін істері басқармасының, Құқық қорғау мекемелерінің басшылары мен дін өкілдері қатысты.

         Күн тәртібінде:

–         өңіріміздегі діни ахуал;

–         діни бірлестіктердің заңдастырылуын қадағалау;

–         діни экстремизмді алдын-алу шаралары;

–         дінтану пәнінің ұстаздарының біліктілігін арттыру;

–         Кеңестің  жыл бойы атқарған жұмыстарының қорытындысы.

Күн тәртібіндегі әр тармақ бойынша мәселелер қаралып, есептер тыңдалды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары ел бірлігін сақтау тұрғысында діннің алатын орны ерекше екенін, оны жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті. Кездесу соңында Кеңестің 2014 жылға арналған жоспары бекітілді.

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲