ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

ИСТИҒАЗАНЫҢ ТӘПСІРІ

Қазақ дәстүріндегі тектілік ұғымы

        Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән берген. Тектілікпен тіркесе құралған әрбір сөзге баса назар аударып, жаман ат келуінен қатты сақтанған. Текті адам – жаман аты шықпаған, қадірлі, әділ жағымды адам. Текті адам –  атасынан алған ақылын арнаға салып арлы, сабырлы болған, жақсы жолдан жиектемей ортада орынды жүрген ойлы адам. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген ұстанымы бар, ұл-қыз өсірген атамыз бізді арғы аталарымызбен кішкентайымыздан таныстырған. Бабаларымыздың асыл қасиетін, ел алды абыройын айтып, сондай беделді, намысты, жақсы болып өсуімізді қалаған. Жеті атамызды жаттатып, санап сұраған. Жеті атадан аспай, қыз алып, қыз беріспеу керегін қатаң ескерткен. Медицина ғылымында да жақын туыстар арасындағы некенің дұрыс еместігі айтылады. Жақын туыстардың некелесуі отбасындағы тұқым қуалайтын аурудың бала бойында арта түсуіне апаратыны анық. Омар ибн Хаттабтың (р.а.) жақын туысқандарына үйленуді әдетке айналдырған Бәни Сәибтерге: «Аурушаң (кем-кетік туылу) болып, ұсақталып кеттіңдер. Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер» деп әмір еткен кезі бар. Ал Ислам шариғатының шеңберінде жүрген мұсылман халық мұны ұмытқан емес. Қазақ «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» дейді. Ұлы ер жетіп, отау иесі бола алатындай шаққа жеткенде ата-анасы баласын үйлендіруді ниет етеді. Келін болуға лайықты, текті елдің қызын іздейді. «Текті елдің қызы екен» деген сөзді есту үлкен мәртебе. Әзірет Омар «Жаман ортада өскен сұлу әйелден сақтаныңдар. Себебі оның туған баласы тегіне ұқсамай қоймайды. Текті, көргенді жердің қызын алыңдар. Себебі ол нағашыларына тартқан салихалы ұрпақ дүниеге әкеледі» деген. Егер тәрбие-танымы болмаса, бейәдеп, бетімен кеткен бала болса, «көргенсіз» дейді, яки тексіз дегені. Мұндай сөзді есті қазақ баласы естігісі келмейді. Өлімнен ұят күшті. Абай атамыз:

                       Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

                       Кедей қызы арзан деп құмарланба.

                       Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

                Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, – деген. Бұл өскелең ұрпаққа арнап жазған өсиетінің бірі, тектілікті сақтауды талап еткен өлеңі. Егер тектілік сақталса, ұлттылық сақталады деген сөз. Ал тектілікті сақтау сіз бен біздің қолымызда. Егер нәпсіге еріп неше түрлі бәлеге ұрынып, ішкілікке салынып кетсеңіз, жамандыққа малынып кеткеніңіз. Текті атаның баласы бұлай қылса, тексіздіктің бастауы болды деген сөз. Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз; жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз деген. Сондықтан түзу жолдан тайып кетпей, тең ұстап, тәрбиеге маңыз берген абзал.

               Тектіліктің түбірін түсінген сіз үшін басқа ұлттардың да құндылығы қызық шығар. Олар үшін тектілік деген не?! Жеті ата сақтау дәстүрі басқа ұлтта бар ма? Мысалы, түрік халқында қазақ халқында сақталған жеті ата сақтау дәстүрі болмаса да, шариғатта айтылғандай қызды алыстан алады. Ал кейбірі жақын болған туыстарының қыздарын ала береді. Сонымен қатар сүт аналары бір болмағандармен бас қосады. Түрік халқында асыл қасиетті бойына жиған, беделді, көркем мінезді, сөзі өтімді, әділ адамдарды ағасындай ардақтап, ақсақал, абе деп атайды. Осылай аталған адамды көрсеңіз сый-құрметке лайық адам деп тани берсеңіз болады екен.

               Иә, тектілік – құдіретті, қадірлі ұғым. Тектілік кездейсоқ бола қалмайды. Текті адамға тектілік ата-анасынан келеді. Балаға ата-анасының парасаттылығы, жақсы қасиеттері, рухани байлығы айтарлықтай ықпал етеді.  

Бұл қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа осылай жалғаса береді. Ендеше ұрпағымыз ұғымтал, ұнамды азамат болсын десек, әуелі өзімізден бастағанымыз жөн болар. «Ата-ана – баланың айнасы» деп бекер айтылмаса керек. Жақсының жанында, мейірім бағында жүргенге не жетсін.

«ХРИСТИАНДАР БІР ӘЙЕЛМЕН АРАДА ЖЕТІ НЕ ОДАН КӨП АТА ӨТПЕЙ ҮЙЛЕНБЕЙДІ. ЯҺУДИЛЕРДЕ ТУҒАН АҒА-ІНІСІНІҢ ҚЫЗЫН ЖӘНЕ ТУҒАН ӘПКЕ-ҚАРЫНДАСЫНЫҢ ҚЫЗЫН ӘЙЕЛДІККЕ АЛА БЕРЕДІ. АЛАЙДА, ОЛАРДАН КЕЙІН ОСЫ КӘМІЛ ӘРІ ТАЗА ШАРИҒАТ КЕЛДІ ДЕ, ХРИСТИАНДАРДЫҢ ШАМАДАН ТЫС КЕТУІН (ИФРАТ) ЖОЙЫП, НЕМЕРЕ КӨКЕСІ МЕН НЕМЕРЕ ӘПКЕСІНІҢ (ӘКЕСІНІҢ АҒА-ІНІЛЕРІ МЕН ӘПКЕ-ҚАРЫНДАСТАРЫНЫҢ) ҚЫЗДАРЫН ЖӘНЕ НАҒАШЫ АҒАСЫ МЕН НАҒАШЫ ӘПКЕСІНІҢ ҚЫЗДАРЫН АЛУДЫ РҰҚСАТ ЕТТІ. СОНДАЙ-АҚ, БІРГЕ ТУҒАН ҰЛ МЕН БІРГЕ ТУҒАН ҚЫЗ ТУЫСТЫҢ ҚЫЗДАРЫН АЛУДЫ РҰҚСАТ ДЕЙТІН ЯҺУДИ ДІНІНДЕГІЛЕРДІҢ ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ДА (ТӘФРЫЙТ) ИСЛАМ ХАРАМ  ЕТТІ…»

ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысындағы дін қызметкерлері кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында арнайы оқыту курстарына қатысуда. Бұл оқу курстары облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Курстың мақсаты — имамдардың діни білімін тереңдетіп, қоғамдағы беделін арттыру.

Аталған оқуға өңір мешіттерінен 80-ге жуық имам қатысып жатыр. Айта кетерлігі, оқу-ағарту бөлімі бекіткен бағдарлама аясында С-санатындағы имамдардан құралған алғашқы топ білім алу кезеңін аяқтады.

Өңірдің бас имамы оқуды сәтті тәмамдаған дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыстады.

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен өңірге келді. Сапар барысында ол ислам мәдениетінің музейінде жергілікті имамдармен кездесу өткізді. Жиын рухани бағыттағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Кездесуде Мәлік Нұржанұлы жуырда Бурабай баурайында өткен рухани құрылтайда қозғалған маңызды тақырыптарды атап өтті. Атап айтқанда, діни кадрлардың сапасын арттыру, жастар арасында діни сауаттылықты көтеру, имамдардың қоғамдағы орны мен беделі сияқты мәселелер сөз болды.

Кездесу барысында имамдар да өз пікірлерін ортаға салып, діни ахуалға қатысты ұсыныстарын білдірді. Мәлік Отарбаев олардың ұсыныстарына назар аудара отырып, алдағы уақытта рухани бағыттағы жобаларды бірігіп жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Бұл жүздесу өңір дін қызметкерлері үшін үлкен серпін беріп, діни саланы дамытудағы жаңа бастамаларға жол ашты.

«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен «Имани жаз – 2025» атты жазғы діни сауат ашу курстары өтуде. Бұл игі шара жаз мезгіліндегі балалардың бос уақытын тиімді әрі рухани тұрғыдан мазмұнды өткізуге бағытталған.

Аталмыш курс облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ғана емес, сондай-ақ өңірдегі барлық аудандық және ауылдық мешіттерде де ұйымдастырылып отыр. Балаларға Құран әліппесі мен ҚМДБ дайындаған «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде дәрістер оқытылуда.

Сабақтарды өңірдің білікті ұстаздары жүргізіп жатыр. Бұған қоса, оқушылар үшін түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, күн сайын тәттілер мен жеміс-жидектер таратылуда. Мұның бәрі – балалардың мешітке деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жүрегінде рухани із қалдыруды мақсат етеді.

QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты.

Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.

Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Сайтқа сілтеме: https://qurban.muftyat.kz/

6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келеді. 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

Зулхижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2025 жылы 27 мамырда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 28 мамырда басталып, арапа 5 маусымға, ал құрбан айт 6 маусымға сай келеді.

Зулхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.

Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген отандастырымыздың қажылығы қабыл болғай. Әмин!

VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНЫҢ ҮНДЕУІ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы форумының үндеуі қабылданды. Үндеуді ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы оқып берді.

«Біз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумына қатысушы дін және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері мен Облыс имамдары «Қазақ халқының рухани негізін қалаған дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптей отырып, ел ішіндегі діни тұрақтылық пен ұлттық бірегейлікті сақтау ісінде имамдардың жауапкершілігі мен рөлін арттыруды аса маңызды» деп санаймыз.

Осы форум аясында қоғамның рухани дамуына үлес қосатын екі маңызды құжат қабылданды:

«Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы – отбасы институтының Исламдағы орны мен жауапкершілігін нақтылап, ата-ана мен ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуды, иманды, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ өсіруді басты мұрат еткен тұғырлы ұстаным.

Ал «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты  –

Құдайы ас беруде қарапайымдылықты сақтау, шариғат пен ұлттық дәстүр үйлесімін қалыптастыру, қоғамда көрініс беріп отырған ысырапшылдық пен бәсекелестіктің алдын алу бағытында жол көрсететін маңызды құжат.

Біз, форумға қатысушылар, осы құжаттарда қамтылған мәселелерді ел ішінде кеңінен насихаттап, халық арасында шариғат пен салттың сабақтастығына негізделген бірізділік пен жауапкершілікті қалыптастыру негізінде төмендегі үндеуді қабылдаймыз:

Біріншіден, отбасы құндылығын сақтауда, асыл дініміз бен салт-дәстүрімізде көрсетілген ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттері мен ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге,

Екіншіден, Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге, дініміз бен дәстүрімізді ұштастыра отырып, қарапайымдылыққа мән беруге,

Үшіншіден, Қазақстан қоғамында дәстүрлі исламның орны мен құндылығын сақтау жолында ұлттық, рухани тұтастықтың тірегіне қызмет етуде белсенді болуға шақырамыз» делінген үндеуде.

Айта кетейік, форумаға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі  Қанат Жұмабайұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ғұламалар және Сарапшылар кеңесінің мүшелері, медресе-колледж бен қарилар орталығының директорлары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан онлайн және офлайн форматта 1000-ға жуық имам қатысты.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДІНИ БАСҚАРМАНЫ 35 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы құттықтау хатын жолдады. Президентттің құттықтау хатын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Жұмабайұлы оқып берді.

«Қадірлі қауым! Баршаңызды осы алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын!

Ислам – ұлтымыздың ұстыны, руханиятымыздың алтын діңгегі. Асыл дініміз ғасырлар бойы халқымыздың жан дүниесімен біте қайнасып, ұлттың ұйысуына арқау болып келеді. Дәстүрлі ислам құндылықтары – елімізде салтанат құрған ырысты ынтымақтың қайнар көзі.

Бүгінде конфессияаралық татулықтың Қазақстанға тән бірегей үлгісін бүкіл әлем мойындайды. Биыл Астанада өтетін Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі – осының айқын дәлелі.

Азаматтардың өзара сенімін нығайту және жауапкершілік, жанашырлық, әділдік сияқты қағидаттарды орнықтыру – қашанда басты міндет. Бұл ретте құрылғанына биыл 35 жыл толған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы маңызды рөл атқарады.

Имамдар қоғамдағы игі бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғауға, отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге табысты түрде атсалысып жүр.               

Біз – озық ойлы ұлт болуға ұмтылған елміз. Қазақстанның әрбір тұрғыны Адал азаматқа тән қасиеттерді бойға сіңіру үшін төл құндылықтарымыз бен ата дінімізге арқа сүйеудің мән-маңызы зор.

Бүгінгі басқосуда ел бірлігін нығайта түсетін салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылады деп сенемін.

Форум жұмысына сәттілік тілеймін!» делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» МЕШІТІНДЕ ИМАМДАР БАС ҚОСТЫ

Солтүстік Қазақстан облысының орталық «Қызылжар» мешітінде қала және аудан имамдарының қатысуымен оқу-ағарту бағытында семинар өтті. Жиында алдағы 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен жазғы имани курстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Семинар барысында имамдар діни сауаттылықты арттыру, жастарды имандылыққа тәрбиелеу және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту жолындағы міндеттерді пысықтады. 2025 жылға арналған жоспарда мешіттердегі оқу-ағарту шараларын жандандыру, жаңа форматтағы дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру және діни әдебиеттерді насихаттау көзделген.

Сонымен қатар, семинар қатысушылары жазғы имани курстардың маңыздылығына тоқталып, оларды сапалы әрі қызықты өткізудің жолдарын қарастырды. Курстардың бағдарламасын жасау, білікті ұстаздарды тарту және оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Аталған семинар имамдардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және алдағы жұмыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік берді.

АНАНЫҢ СОҢҒЫ ХАТЫ… (Оқыңыз, ойға түйіңіз!)

Бір адам үйленіп, әйелі күйеуінің анасымен бірге тұруға келіспеді. Үйдің жалғызы болғандықтан, кейуананы қарайтын адам табыла қоймады. Ақырында ол анасын қарттар үйіне тапсырды және үш жыл бойы барып халін сұрамады. Кейін анасы ауырып, ауруханаға түсті. Сол жерде ол дәрігерге бір жүрекжарды жазба жолдады және бұл хатты тек өзі қайтыс болғаннан кейін ұлына беруін өтінді.

Анасы қайтыс болған соң, ұлы ауруханаға анасын алып кетуге келгенде, дәрігер оған әлгі хатты табыстады. Онда былай жазылған еді:

«Сүйенішім, жүрегім сені әрдайым аңсайды. Сен көз алдымнан кетпесең де, бейнең үнемі көк жүзінде қалықтап тұрғандай.

Үш жыл болды, көзім жасқа толып, сені күтіп отырмын.

Сенің жүзіңді көрмедім, құлыным.

Есіңде ме, сені қалай еркелетіп өсіргенімді?

Сені қолыммен тербетіп, артыңнан жүріп отыратынмын.

Даусымды естіп ұйықтап, құшағымнан жылу алатын едің.

Жүрегімде сенен басқа ешкім болмап еді.

Ауырып қалсаң, қасыңнан кетпей, түн ұйқымды төрт бөліп күтетін едім.

Таң мен кешті ажырата алмай, сен үшін көз ілмейтінмін.

Саған қанша мейірім бердім, саған үміт артып, өсуіңді күтіп жүрдім.

Бірақ, өкінішке орай, сен мені сатып кеттің.

Әйеліңе беріліп, менің азабымды ұмыттың.

Мен оның сені менімен бірге тұрғызбайтынын білдім.

Ол: «Қарт анаңды менімен бірге тұрғызғым келмейді», – деді.

Сен мені қарттар үйінде қалдырып кеттің.

Бұл менің еңбегімнің, аналық махаббатымның қайтарымы ма?

Сенің аяғыңның астында қызметші болсам да риза болар едім,

Тек күнде сені көріп, разылығыңды сезінгім келетін.

Рақмет, балам. Еңбегіңе алғыс.

Сендер үшін үнемі тура жол тілеймін.

Қуаныш! Қуаныш, анаң саған аманат қалдырады.

Бәлкім, аманатымды көруге үлгермей қаласың деп қорқамын.

Қарттар үйінің дәрігеріне осы хатымды беруін өтіндім.

Бұл хат – менің көз жасыммен жазылған сөздер.

Мен өлген соң, маған дұға етуден тартынба.

Мен үшін Алладан кешірім сұра, жалғыз тілегім – сол.

Қабірімнің топырағын көзіңнің жасымен суар.

Сол кезде кешірім сұрау мен өкінішің тым кеш болады…»

Қорытынды тілек:

Егер анаңыз бұл дүниеден өтсе – Алладан оған рақым мен кешірім тілеңіз.

Ал егер ол тірі болса – Алла оны аман сақтасын!

Және Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ салауат айтыңыз.

Abdulakhad Smanov-тың фб парақшасынан

ФИЗУЛИ

Түрлі деректерде әзірбайжан, Осман, түрік ақыны деп аталады. Әзірбайжан поэзиясының классигі болып саналған ол әзірбайжан және түрік поэзиясының қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Осман әдебиетіндегі «диван» жанрының классиктерінің бірі. Туған жері әзірбайжан, сондай-ақ парсы және араб тілдерінде жазған ең ұлы лирик ретінде кеңінен танылды. Физули – Әзірбайжан халқының көрнекті ақындары мен ойшылдарының бірі.

***

Ей, жолаушы, адалдықты серік етсең жолда сен,

Сенім артар адал дос та кездеседі жолда әсем.

***

Айналаңда табылмаса дос ақылды, сенімді,

Сұқбат құрғын, кезестір де сөз жарасар теңіңді.

Қандыра алмас жаннан құтыл құлағыңның құрышын,

Уақытыңды зая етпе, ондай жандар құрысын.

***

Болса егер сендік жүрек жалғыздықтың тұтқыны,

Жүре берме бостан-босқа көріп дәйім құп мұны.

Қай кезде де барлық дерттің дауасы бұл табылар,

Азап шекпе, ниет болса қамал дағы алынар.

***

Махаббаттың азабына, о, Ием,

Толығымен бағыштағын, мен күйем.

Өзіңе мың дұға етіп сұраймын,

Ажыратпа, өртке орансын шырайым.

***

О, тотықұс мынау інжу бақтағы,

Физулидің атпай қойды-ау ақ таңы.

Айқайлады бар даусымен көк маған,

Жанға батты «Аярсың!» деп жатқаны.

Қорлап мені жақындатпай қуады,

Інжу сөздер жүрегімнен туады.

Сөздеріммен сипаттаймын жанымды,

Жылытсыншы шексіз аспан шуағы.

Ғашық жанды алсаңшы бір есіңе,

Сыйласаңшы қуанышты кешіме.

***

Зұлымдықтан қашып жүріп ұлы адам,

Бетін бұрды жабайы өмір салтына.

Бұл өмірді жалған деп те сынаған,

Жете алмай өтті оның парқына.

***

Ол түсінбей қайғының да қысымын,

Аша алмады себебінің тысын мың.

Жақсылық пен жамандықтың жердегі,

Мәні барын келмей жүр ме түсінгің.

***

Мына ұлы қасіреттің шырыны,

Айналдырды қуанышқа мәңгілік.

Өлімнің де алаңдатпас құрығы,

Бар қайғыдан құтылдым мен жаңғырып.

***

Қайыршыдай ұшырайын қуғынға,

Бақытсыз жан Физули боп жүрейін.

Тағдыр жазып шешен болып тудым ба,

Нәзік жырдың қабырғасын ірейін.

Сұлулығын иемденіп Ләйлінің,

Қайтардым мен махаббатын Мәжнүнге.

Қағазыма сөздің өрдім байлығын,

Бар әлемге танылды ол аз күнде.

Тарап кетті осы аңыз баршаға,

Ләйлі сұлу болды елге әйгілі.

Оқырмандар оқып жатты тамсана,

Жаны ашып Мәжнүнге қайғылы.

***

Махаббаттың отына Мәжнүн кетті өртеніп,

Буырқанған толқында жатты сосын дерт еміп.

Сахараға әкелді жас Фархадты самал жел,

Күлге айналған өмірім содан болар келте, ұқ.

***

Мәжбүр етті аяусыз жасымды менің төгуге,

Көл боп аққан көз жасын бұл қара жер емуде.

Шеккенімді қанша азап білемісің, досым-ау,

Алла болсын разы, жеткіз елге осынау.

***

Жүректі қайғы езеді, бақытты едім бір кезде.

Азат ем кеше айрылдым, жанбайды енді нұр көзде.

Қарғынға кетті шайылып, бөгеттер қалды қақырап,

Сыртымнан мені тұрғандай тозақ оттары бақылап.

Дел-сал болған жүрегім аңсап тұрар шарапты,

Түсіне алар емеспін, қандай қанжар қанатты.

Жарқырап тұрған жарық ем, балауыз шамға айналдым,

Иілмейтін болат ем, жасық боп қалдым, қайранмын.

Махаббат – нағыз от екен, құлы болды жүрегім,

Ұйқысыздық – дерт екен, өлерімді білемін…

***

Жүрексіздер мен зұлымдар сынды өмірді жек көр дейсің бе?

От күрсінісім өртеді көкті, жарықсыз қалдым кей түнде.

Жылы қабақпен емдеп те жүрсің дерттерін сонау өзгенің,

Алжасқан рухым әлсіреп жатыр, осыны неге сезбедің?

Сандырақтайды ауышқан жаным мазасызданып түндерде,

Естімедің бе жын соққан жандай қарқылдап тұрып күлгенде.

Жуынып алам көл болып аққан көзімнің мынау жасына,

Мұңымды сезіп келер ме екен Сүйіктім менің қасыма.

Езіле бермей еңсені тіктеп, құпия ұстап мұңымды,

Мінәжат етіп оқимын дұға естиді ғой деп үнімді.

Алмадым баурай, тоңдым ғой жаурай, күтемін Сені сағына,

Жібермей жүр ме қорқыныш әлде пендеңнің мынау жанына.

Ұшады зәрем өтіріктер мен негізсіз жапқан жаладан,

Физули үшін ұят жоғары тұрады ылғи санадан.

Ынтық ем жастан раушан гүлдер жайқалып тұрар көктемге,

Суындым неге, басымнан мүлде махаббат ұшып кеткен бе?

***

Патшалар мынау алтын жерлерді алады сатып күміске,

Өзге елдерді жаулап алуға дайындар сосын мініс те.

Жүз айласы мен мың қулықтарын қосып ап іске жеңеді,

Алайда олар тыныштық бермей еліне қайғы себеді.

Миллион жанды аяусыз мынау ажалдың жұтар құлқыны,

Патшаға дағы өлімнің соғар сағаты жетер бір күні.

Дәруіш болған әміршімін мен жинаған әскер сөздерден,

Найзағай сынды жырларыммен қиратам жауды кез келген.

Күш алып жатар сөздерім менің таусылмайтұғын шындықтан,

Теңіз боп шайып кетеді лезде жырларым жауды ынтыққан.

Ұзақ жолдарға сапарлап жүрер қазына артқан бұл кеме,

Отырғызбайды жазықсыз жанды тастай қараңғы түрмеге.

Әлемнің нәрін бойына жиған сөздерім менің өшпейді,

Уақытпен бірге жайқалып әсем гүлдерге орар төскейді.

Билеушілердің жақсылығына мен зәру жан да емеспін,

Оюлап киген басымда тәжім, қол жеткізбейтін елеспін.

Самғайтын сонау қырандай көкте қылыш қанатты еркінмін,

Жырымды сүйіп тыңдаушылардың кіргізгем талай көркін мың.

Қу құлқыныңды тойғызатұғын несіне нанға желпіндің,

Өлмейтін мәңгі жырымды тыңдап, келіңдер енді, серпілгін!

***

Өмірімді құрбан етіп, бірақ бақыт таппадым,

Жалбарындым талай рет, кіре алмадым баққа мың.

Шаштым жолға, айырылдым қолымдағы барымнан,

Сонда дағы Сенің жұпар бальзамыңды жақпадым.

Айтар болсам сол кездерде бастан өткен азапты,

Салыстыра алмас едің оныменен тозақты.

Қыбырлаған құмырсқадай тірлік еттім жанкешті,

Кездестіре алмадым мен Сүлеймендей ғажапты.

Жалғыз қалған бұлбұлдайын раушан гүлге сайрадым,

Торға түскен тоты құстай кеудеме мұң байладым.

Жақын тұрмын мақсатыма деп алдадым өзімді,

Көрмедім мен күткен жанды барсам дағы тойға мың.

Мен Физули, кедей жанмын. Қош бол енді, Сұлулық,

Еш жерден де көрмедім мен жанға жағар жылулық!

Аударған Кенжеғали ҚОШЫМ-НОҒАЙ

ФОРЕКС САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСУҒА РҰҚСАТ ПА?

Форекс – биржадан тыс валюта нарығы (ағылшын тілінде foreing exchange деген сөзден қысқартылып, «шетелдік валютаны айырбастау» дегенді білдіреді).

Форекс нарығының негізгі қатысушылары – банктер, брокерлік компаниялар және жеке трейдерлер. Брокерлік компаниялар клиенттің тапсырысы бойынша форекс нарығында валюта саудасын жасайды.

Форекс маржа (мargin) мәмілесі арқылы іске асады. Яғни тұтынушы (трейдер) брокерлік компаниялардың бірінен есепшот ашып, кепілдік ретінде белгілі бір капиталды салады. Оның есесіне оған форекс брокері валюта саудасын жасауға қарыз береді. Трейдер валюта жұптарының (мысалы, EUR/USD бірін таңдап, сатып алған валютасының көтерілуін немесе төмендеуін күтеді. Егер трейдердің болжамы іске асса, пайдасы кепілдікке қойылған капиталына қосылады. Ал сәтсіздікке ұшыраса,брокер өзіне тиесілі соманы капиталынан ұстап қалады(«Форекстің шариғаттағы үкімі» атты пәтуа, Еуразия пәтуа кеңесінің ІІІ отырысы, Стамбұл қаласы, 21-22 желтоқсан, 2018 жыл)

Форекс нарығында валюталарды алып-сатуға шариғи тұрғыдан тыйым салынады. Оның негізгі себептері төмендегідей:

1) Форекс нарығында өсім бар.

Брокердің трейдерге сауда жасауға ұсынған финанстық леверидж (брокердің трейдерге берген қарыз қаражаты. Несие сомасы клиенттің салым сомасынан 10, 20, 100 есе немесе одан да көп болуы мүмкін) қарыз болып есептеледі. Сондықтан брокердің қарыздың үстінен тапқан ролловер(позицияны келесі күнге ауыстырғаны үшін шоттан алынатын комиссия), спрэд (валюта жұбының «сұрау» бағасы мен «ұсыныс» бағасы арасындағы айырмашылық) және т.б. төлемдеріөсімге жатады. Төрт мәзһаб ғұламалары қарыздың үстінен пайда табуды шарт етудің дұрыс емес екенінебірауыздан келіскен (әл-Кәсәни, «Бадаиу әс-санайығ», 7/395. Мәуәһибу әл-жәлил шәрху мухтасар Халил, 4/546. Фәтху әл-уәһһаб, 1/327. Әл-муғни, 4/211).

Ислам фиқһы академиясының 1985 жылғы екінші отырысында қабылданған №10 (2/10) қарарында: «Борышкер қарызды уақытында өтей алмай қалған жағдайда оның үстінен көрген пайда немесе қосымша ақша, сондай-ақ келісімшарттың бастапқы уақыттан қарыздың үстінен қандай да пайданы көздеу немесе пайызды шарт ету шариғи тұрғыдан харам етілген риба (өсім) болып есептеледі» делінген(Ислам фиқһы академиясының журналы, №2, 2/735).

2)  Валютаны сатып алу және сату барысында қолма-қол айырбастау жүйесі жүзеге аспайды.

Форекс нарығында валюталарды айырбастау электронды жүйе арқылы іске асқандықтан оны шынайы түрде қолма-қол жүзеге асыру мүмкін емес. Ал үкім жағынан қолма-қол принципі іске асу үшін банктік аударымдар жасалғанда қаржы клиенттің шотына сол сәтте түсіп, оны қалағанынша жұмсауға, кез келген уақытта шығарып алуға мүмкіндігі болуы шарт (Ислам фиқһы академиясының журналы, №6, 1/453).

Бұл шарттар форекс саудасында ескерілмеген. Өйткені форекстеклиенттің тек валютаны сатып алып, сатудан басқа құқығы жоқ. Ол есепшотына түскен қаржыны салған валютасымен ғана ала алады. Сатып алған шетел валютасын қолдана алмайды. Теконы сатып транзакцияны жапқаннан кейін ғана ақшаны шығарып алуға мүмкіндігі болады. Бірақ қаражатты компаниядағы өз есебінен тікелей шығармай, тек чек арқылы компания есепшоты бар банктен ғана алады.

3) Форекс нарығы клиентке және жалпы экономикаға зиян.

Форексте көп мөлшерде қарыз беру, алдау, жалған ақпарат, қауесет, монополия, алаяқтық, бағаның тез өзгеруі, тез баю мақсатында біреудің жинақтарын шариғатта рұқсат етілмеген жолмен алу қамтылған. Бұл әрекеттер біреудің мүлкін харам жолмен жеуге итермелейді. Сонымен қатар мұндай сауда түрі қоғамға үлкен шығын келтіреді және экономиканың құлдырауына алып барады(Ислам фиқһы академиясының журналы, №22, 229).

4) Брокердің кепілге қойылған капиталды қолдануы өсім саналады.

Көпшілік ғалымдар«қарыз беруші қарыз алушы тарапынан берілген кепілдік затты қолдана алмайды» деген(Хашияту ибну Абидин, 10/83. Бадаиу әс-сәнайығ, 6/120-121. Ибну әл-Бәрр, Әл-кәфи, 414. Нәуәуи, Рәудәту әт-толибин, 2/181. Әл-Бәһути, кәшшәфу әл-қанағ, 5/1585).Өйткені Убай ибн Кағб, Абдулла ибн Сәләм, Ибн Аббас (Алла ол кісілерге разы болсын): «Қандай да бір қарыз өзімен бірге үстеме пайда әкелсе – ол риба (өсім)», – деген (Бәйһақи, әс-сунәну әл-кубра, 5/349-350). Сондықтан брокердің кепілге қойылған капиталды пайдалануы өсім болып саналады (Абдулазиз Фәрәж Мухаммад Муса, Әхкәму әл-мутәжира бил-һәмиш (дирасатән фиқһиятән муқаранатән), 1381-1383).

5) Форексте сауда жасау құмар болып есептеледі.

Форекс нарығында трейдер мен брокер арасында нақты сауда-саттық жоқ. Тараптар кепілдікке қойылған капиталды ставка ретінде тігіп, валютаның көтерілуін немесе төмендеуін ғана күтеді. Бұл құмарға жатады. Шариғатымызда оған тыйым салынған(«Форекстің шариғаттағы үкімі» атты пәтуа, Еуразия пәтуа кеңесінің ІІІ отырысы, Стамбұл қаласы, 21-22 желтоқсан, 2018 жыл).

Осыған орай форекс нарығында өсім, құмар, біреудің мүлкін арам жолмен жеу орын алғандықтан әрі мұндай сауда клиентке және жалпы экономикаға зиян келтіретіндіктен, бұлайша табыс табуға тыйым салынады.

Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі («Форекстің шариғаттағы үкімі» атты пәтуа, Еуразия пәтуа кеңесінің ІІІ отырысы, Ыстамбұл қаласы, 21-22 желтоқсан, 2018 жыл), Ислам фиқһы академиясы (2006 жылғы 8-12 сәуірде Мекке қаласында өткен Ислам фиқһы академиясының 18-отырысындағы Форекске қатысты қарары) т.б. форекске тыйым салған.

Үкім:

Форекс саудасында өсім, құмар, біреудің малын харам жолмен жеу орын алғандықтан, онымен айналысуға болмайды. Сонымен қатарвалютаның қолма-қол (шынайы әрі үкім жағынан) жүзеге аспауына, жеке тұлға мен экономикаға зиян келтіруіне байланысты форекс нарығында табыс табуға тыйым салынады.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

Ұқсас материалдар

ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖАҢБЫР ЖАУДЫРҒАН ДҰРЫС ПА?

Пәтуалар

ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖАҢБЫР ЖАУДЫРҒАН ДҰРЫС ПА?

16.01.2025

866

ФОРЕКС САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСУҒА РҰҚСАТ ПА?

Пәтуалар

ФОРЕКС САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСУҒА РҰҚСАТ ПА?

16.01.2025

911

ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Пәтуалар

ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

16.01.2025

722

ЕКПЕ ЕГУГЕ БОЛА МА?

Пәтуалар

ЕКПЕ ЕГУГЕ БОЛА МА?

16.01.2025

827

ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫН ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?

Пәтуалар

ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫН ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?

16

ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖАҢБЫР ЖАУДЫРҒАН ДҰРЫС ПА?

Құранда жауын-шашынның Алланың қалауымен ғана жауатыны баяндалған. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Расында, қияметтің қай уақытта орнайтыны бір Алланың құзырында және жаңбырды да (қалған уақытында, қалаған жеріне) Өзі жаудырады», – деген («Лұқман» сүресі, 34-аят).

Алла Тағала әлемдегі барлық құбылысты себеп-салдар заңдылығына тәуелді еткен. Жаңбыр жауудың да себептерге байланысты екені мына аятта былайша баяндалған:«Алла әуелі желдерді естіреді, сөйтіп (Оның құдіретімен) ескен желдер бұлттарды қозғалысқа келтіреді. Содан Біз ол бұлттарды өлі мекенге қарай айдап әкетеміз. Өлі жерді осылайша қайта тірілтеміз» («Фатыр» сүресі, 9-аят).

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде жаңбырды жасанды жолмен жаудыруға қол жеткізілді. Яғни жауын-шашын жаууы ықтимал аймақта арнайы технологияның көмегімен химиялық заттарды бұлттарға себу арқылы жаңбырды нөсерлетіп жаудыруда. Бұл тәжірибе кейбір елдерде іс жүзінде жүзеге асырылды. Жасанды жауын жаудырудың түпкі мақсаты – қуаңшылықтың алдын алу. 

Сондықтан себептерге сүйене отырып, арнайы технологияның көмегімен желді және бұлттарды бағындырып, жаңбыр жаудырудың шариғатқа қайшылығы жоқ. Алайда жасанды жауын жаудыру барысында тек себептермен шектелмей Алланың қалауымен жүзеге асатынын ұмытпау қажет. Мұнымен қоса жасанды жауын жаудыру қоршаған ортаға, адамдарға, жануарларға зиян тигізбеу керек. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды» (Ибн Мажә)деген. Сондай-ақ жаңбыр жаудыруға байланысты шариғатта көрсетілген дұға ету, истисқа (тасаттық) секілді себептерді де ескерген жөн.

ҮКІМ:

  1. Ғылым мен технологияның көмегімен жаңбыр жаудыру – шариғатқа қайшы емес.
  2. Жасанды жолмен жаңбыр жаудыру қоршаған ортаға, адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге зиян тигізетін болса, рұқсат етілмейді.

ҚМДБ Ғұламалар кеңе

Return to Top ▲Return to Top ▲