«Қызылжар» орталық мешітінде шешен-ингуш диаспорасы ас берді. Аят оқумен басталған бас қосуды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы кіріспе сөзбен ашты. Облыстың құрметті азаматтары Құдайберген Қалиев, Болат Сағындықов және Әлихан қажы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов – бәрі де өткенімізден сыр сабақтары. Ал ас беруді ұйымдастырушылардың бірі – «Вайнах»қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саип Байдуев осыдан 73 жылғы оқиғаны баяндап берумен шектелмей, Қазақстанға, құшағын жайған қазақтарға алғыс айтудан жаңылмайтынын мәлімдеді.
Бұл кешке қатысқан басқа да диаспоралардың жетекшілері де өз лебіздерін білдірді.
Кешті Кенжетай қажы Байкемелұлы қорытындылады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі