Өңір имамдарымен жиналыс өтті

Ағымдағы жылдың қазан айының 22 жұлдызында ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі «Қызылжар» орталық мешітінде жиналыс өткізілді. Жиналысқа облыс бойынша қала, аудан имамдары қатысты.

Күн тәртібінде:

–  Құрбан айт мерекесінің өту деңгейі;

– Құрбан айтқа орай ұлттық нақышта өткізілген мәдени-спорттық шаралар;

– сауат ашу курсының жұмыс деңгейі;

– шәкірттер даярлау мәселесі;

– СҚО бойынша жұмыс істеп жатқан www.uagyz.kz сайтын дамытуға атсалысу, мақала, жаңалықтар бөліміне сапалы мәліметтер дайындау;

– газет-журналдарға жазылу барысы.

 

«Қызылжар» орталық мешіті бас имамының уақытша міндетін атқарушысы Алыпқашев Аян Болатұлы жиналысты өзі бастап, кейін аудан имамдары атқарылған жұмыстары турасында дайындаған есептерін оқыды.

Жиналыс соңында облыс имамының уақытша міндетін атқарушысы Алыпқашев Аян Болатұлы имамдарды алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралармен таныстырып, жұмыстарында сәттілік тіледі.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲