Өңірімізде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды

Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні облысымызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылау мақсатында жиналыс болып өтті. Өңір басшысы С. Ескендіров басқарған бұл жиналысқа мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме басшылары, үкіметтік ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Өз баяндамасында облыс әкімі Жолдаудың әр тармағын талқылай отырып, уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді. «Президентіміздің Жолдауын барша қызылжарлықтарға жеткізу қамтамасыз етілсін. Елбасымыздың  Мәңгілік ел үшін қойған талаптарға баршамыз жұмылып жұмыстар атқарайық»,- деп, өңір басшысы сөзін аяқтады.  Біз, дін қызметкерлері еліміздің бірлігі мен бейбітшілігін, дінаралық келісім мен толеранттылықты сақтау бағыты бойынша жұмыстарды атқаруға бар күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲