«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» дегендей Елбасымыз әрқашан да елді бірлікке, ынтымақ пен татулыққа шақырады. Дініміз түрлі болса да, мақсатымыз бір. Осы орайда, өңіріміздегі христиан дінінің өкілдері орталық мешітке келіп, облыс имамымен кездесіп, Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Кездесуге сондай-ақ жергілікті Дін істері басқармасының басшылығы қатысты. Кездесу барысында толеранттылық, ынтымақ жайында сөз қозғалып, алдағы уақытта да еліміздің жарқын болашағы үшін атқарылар жұмыстар талқыланды.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі