Әзірбайжан диаспорасы дастарқан жайды

Оразаның алтыншы күні облыс орталығындағы әзірбайжан диаспорасының өкілдері ауызашар берді. Оған жиналған жамағат «Қызылжар» орталық мешітінің үлкен асханасын лық толтырды.

Онда «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ораза парызының маңызы туралы қазақ және орыс тілдерінде баяндап берді. Одан кейін әзірбайжан диаспорасының жетекшісі Шыңғыс Құрбанов жиналғандарға алғысын айтты. Түрік, қырғыз, ауған, тәжік және шешен-ингуш диаспораларының жетекшілері рамазан айына орайласқан игі тілектерін білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲