Үстіміздегі жылдың 30 сәуір күні «Қызылжар» орталық мешітінің бастамасымен «Әжелер мектебі» мен «әйел қыздар» секторларының ұйымдастыруымен «Бараат» түнінің құрметіне дастархан жайылып, барша әйел жамағаты шақырылды. Бұл аталмыш іс-шараның мақсаты жастарымызға қасиетті кештердің маңыздылығын түсіндіру әрі Рамазан айына дайындық ретінде ораза ұстаушылардың қызығушылығын арттыру болатын. Кешімізге 80-нен астам апалар мен әжелер, қыздар мен келіншектер жиналды. «Бараат» түнінің құрметіне Құран хатым оқылып облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы «Бараат» түнінің қасиеті жайында жалпы уағыз-насихат айтты. Соңынан барша әйел