Қонаққа барудың әдебі

Ерекше Мейірімді Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Алланның жалғыз әрі ешбір серігі жоқ екеніне куәлік етемін. Сондай-ақ оның жанұясына, сахабаларына, олардан кейінгі табиғиндерге Алланың сәлемі мен тыныштығы болсын. Қонақжайлық қасиетімен болмысы айшықталған қазақ жұрты: «От жағылмаған үй – қора, кісі келмеген үй – мола» деп, мейманнан мақрұм қалған үйді молаға теңеген болатын. Бұрын есікте құлпы тізілген, төрінен қонақ үзілген қазақ отауы болмайтын.

      Халқымыздың даналығы, шешендігі, ақындығы, батылдығы, көрегендігі, тектілігі қонақжайлығымен байланысып жататын. Мұсылман қазақ отбасы қонақ ақысын «тәңір ақысы» деп қарайтын. Қонақ болуы үшін таныс болуы шарт саналмайтын қазағымызда. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамның кеудесінен итермей, барымен сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы секілді болатын. Қазақ үйіне түскен әрбір жолаушы «бөлінбеген еншім» деп үй иесінен қонақ асын талап етуге ерікті болған..[1]

Осы тұрғыда ислам діні адамның екінші бір адамның үйіне баруын моральдық құндылықтар мен адамдардың жағдайларын ескере отыра шариғи шеңберде ұшқыр бейнелей білген.

1-Шынайы ниет:

Біреуге барар алдында ең алдымен ниетті дұрыстап алған ләзім. Барудағы мақсатының тек Алланың разылығы үшін болу керек. Егер бір науқас адамға кірген кезде  тек оның мансабы, атағы үшін жағдайын сұрасаңыз немесе жұрт барып жатыр ғой, мен де кіре салайын деген ниетте жасасаңыз, Алланың сауабынан мақұрым қаласыз. Егер туысыңызға барсаңыз, ниетіңіз Алла бұйырған туыстық қатынастарды күшейту мақсаты болу керек, ал егер мұсылманның үйіне барсаңыз, мақсатыңыз бауырмашылықты күшейту секілді игі ниеттер болуы шарт. Пайғамбарымыздың (с.а.у) Омардан жеткен хадисінде былай деген:

إنما الأعمال بالنيات وإنما لكل امرئ ما نوى

Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты, әрбір пенденің ниетіне қарай есесі беріледі[2].

2-Бір үйге баруды жиілетпеу

Кейбір адамдар үйдің иесі мейірман қонақты жақсы қарсы алатын ізгі жан

болса, ол үйдің есігін босатпай баруын жиілетіп жіберетіндер кездеседі. Бұл да ислами әдепке жатпайды. Пайғамбарымыз (с.а.у)  мүбарак хадисінде:

زر غباً ، تزدد حباً

Уақыт үзіп бар, сүйіспеншіліктің күшейгенін көресің, деген[3].

3-Тыйым салынған уақыттардан алыс болу:

Алла тағала Құран Кәрімде:

{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لِيَسْتَأْذِنْكُمُ الَّذِينَ مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ وَالَّذِينَ لَمْ يَبْلُغُوا الْحُلُمَ مِنْكُمْ ثَلاثَ مَرَّاتٍ مِنْ قَبْلِ صَلاةِ الْفَجْرِ وَحِينَ تَضَعُونَ ثِيَابَكُمْ مِنَ الظَّهِيرَةِ وَمِنْ بَعْدِ صَلاةِ الْعِشَاءِ ثَلاثُ عَوْرَاتٍ لَكُمْ لَيْسَ عَلَيْكُمْ وَلا عَلَيْهِمْ

جُنَاحٌ بَعْدَهُنَّ طَوَّافُونَ عَلَيْكُمْ بَعْضُكُمْ عَلَى بَعْضٍ كَذَلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمُ الآيَاتِ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ} 

Әй, мүміндер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұқсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және құптан намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.[4]

       Ибн Кәсир (Алланың оған мейірімі болсын) : Бұл қасиетті аяттар тыйым салынған уақыттар жайында баян етіледі. Бірінше тыйым салынған уақыт – таң намазына дейін, өйткені ол уақытта адамдар шырт ұйқыда болатын кез. Екінші тыйым салынған уақыт бесін намазынан кейін бұл уақытта сүннет бойынша ұйықтау абзал саналады. Одан кейін құптан намазынан кейін бұл уақыт мұсылманның жанұясымен болатын уақыты және сонымен қатар түнді Алла тағала дем алу үшін жаратқан.

4-Пайдалы отырысқа айналдыру:

Отырыс өсек-өтірік, біреуді ғайбаттау, біреудің мал-мүлкін әңгімелеу, басшыларды жамандау отырысына айналмауы тиіс. Отырыс ғибратқа толы есте қаларлықтай болуы керек. Әсіресе жас ұрпаққа пайдалы кеңесі болса, аянып қалмаған дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің хадисінде:

إن العبد ليتكلم بالكلمة من رضوان الله لا يلقى لها بالا يرفعه الله بها درجات ، وإن العبد ليتكلم بالكلمة من

سخط الله لا يلقى لها بالا يهوى بها فى جهنم

Құл кей кезде бір сөзімен Алланың ризалығына бөленіп, дәрежесі көтерсе, бір сөзі үшін Алланың қаһарына ұшырап, тозаққа түсуі мүмкін.

 Сол үшін ол уақытын тек пайдалы өткізгені дұрыс біреуді мақтап немесе біреуді күлдіру үшін өтірік, арсыздықты үндейтін әзілдер айту ол харам әрекет. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде:

إِنَّ الْعَبْدَ لَيَقُولَ الْكَلِمَةَ لا يَقُولُهَا إِلا لِيُضْحِكَ بِهَا النَّاسَ ، يَهْوِي بِهَا أَبْعَدَ مِمَّا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالأَرْضِ

Құл кей кезде бір сөзімен Алланың ризалығына бөленіп, дәрежесі көтерсе, бір сөзі үшін Алланың қаһарына ұшырап, тозаққа түсуі мүмкін.[5]

Сол үшін ол уақытын тек пайдалы өткізгені дұрыс біреуді мақтап немесе біреуді күлдіру үшін өтірік, арсыздықты үндейтін әзілдер айту ол харам әрекет. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде:

إِنَّ الْعَبْدَ لَيَقُولَ الْكَلِمَةَ لا يَقُولُهَا إِلا لِيُضْحِكَ بِهَا النَّاسَ ، يَهْوِي بِهَا أَبْعَدَ مِمَّا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالأَرْضِ

Адам егер біреуді күлдіру мақсатында жалған әңгіме айтатын болса, Алланың рақымынан алыстайды.[6]

5-Келер уақытты алдын ала ескерту:
     Егер бір адамға баруды ниет қылсаңыз, келетініңізді алдын ала ескерткен дұрыс бұл, әсіресе,  қонаққа барғанда өте қажет, ал егер ауру адамның көңілін сұрауға барсаңыз немесе қайтқан адамның жақындарына көңіл айту үшін барсаңыз, арнайы ескертудің қажеті жоқ. Бізде кәзіргі уақытта тосын сый деген ұстаныммен ескертусіз қонақ болып жататын адамдарды байқайсыз, әрине, бұл әдепсіздік болып табылады. Өйткені кәзіргі уақытта алдын ала ескертуге ешқандай тосқауыл жоқ. Сол секілді адамдар ескертусіз келу арқылы қонаққа барушы адамды өте ыңғайсыз жағдайға түсіруі мүмкін.

6- Шектен шықпау:

Қонаққа барған адам өзін тым еркін ұстауға болмайды. Қонақ шақырушы адамның үй ішімен етене араласу, олармен орынсыз әзілдеу қонаққа лайық әрекет емес. Үйге кірген қонақ ең алдымен қонақтан рұқсат сұрап, тек бұйырған жеріне ғана отыруы керек . Кей уақытта адамдар өздерінің жасының, мансабының үлкендігін пайдаланып, төрге барып жайғасып жатқанын байқайсың, алайда ол әдепсіздік, өйткені ол өзінен де жоғары, өзінен да абыройлы аданың бар екенін естен шығармауы керек.

    7-Үй жиһаздарына шектен тыс тамсану:

Әркім өз үйнің сәнді әрі тартымды ыңғайлы болғанын қалайды. Дегенмен қонаққа барған адам аталмыш жиһаздарға тым қызығып, адамдардың назарын әлгі адамның үйінің жиһаздарын әңгімелеуге ауыстыруға болмайды. Кей отырыстарды осындай сұрақтармен шырқын бұзып жатқанын байқайсың.

8- Балаларға қонақ әдібін үйрету

Жалпы, өз қазағымыздың бала тәрбиесіне қатысты ұнамайтын кейбір мінездер бар, соның бірі – баланы шектен тыс тыю. Сондықтан да шығар, біз, қазақтар әлі күнге жасқаншақ, жасықтаумыз. Өз елімізде жүрсек те, өзгенің ырысын ішіп қоятындай боп, өгейсіп, елде есіктен имене еніп, табалдырықтан тіпті аттай да алмай тұрғанымыз… Төр біздікі болар ма еді, егер де кішкентайымыздан бізді тым тыйып тастай бермей, ата-анамыз тең дәрежеде сөйлесіп, өсе келе тіпті ақылдасып, әйтеуір үлкен буынмен арада диалог үзілмегенде… Жалпы, біз мұндай емес едік, бұрын ата-бабаларымыз баланы әдейі үлкендермен қатар отырғызып, құйма құлақ болсын деп, құлақ беріп, аталар немерелеріне дастан мен жыр жаттатқызып, «баланы бала деме, ақылы асса дана ғой» дейтін болған. Кейін ол тәрбие өзгерді, себебі көп. Бірақ оған тоқталып отырмай-ақ, айтарым, баланы ата-ана жаманнан тыю керек, бірақ ненің жақсы, ненің жаман екенін өз қапталына ерте жүріп үйреткені абзал. Сонда ғана «ата көрген оқ жонар» еді. Әрине, баланы мүлдем тыймай, бетімен жіберу керек деп тұрғаным жоқ, керісінше, үлкен буын мен баланың арасында әңгіме, диалог өрбуі керек. Жалпы, баланы тәрбиелеу керек деген сөздің өзі қате, ата-ана өзін тәрбиелеуі шарт, себебі бала ата-анасының айтқанын емес, істегенін істейді. Егер ата-ана өзі жақсы жерге барса, жалпы жақсы жолда жүрсе, баласын неге ерте жүрмеске?»

9- Кетерде рұқсат сұрау, алғыс айту

Үйге кіргенде рұқсат сұрап кірген секілді, шыққанда да рұқсат сұрап шығу ислами әдептерден. Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Егер біреулерің бауырларыңа қонақ болып барсаңдар, шығуға рұқсат етпейінше отырыңдар»[7] деген. Сонымен қатар мұсылман бауырлардың басын қосып, сауапқа кенелген адамның мәртебесін одан бетер көтеру үшін кетерінде рахметін айтын ізгі дұға жасау тиіс.9- Кетерде рұқсат сұрау, алғыс айту:

[1] http://sadaka.kz/maqala/maqalainfo/151

[2] Бухари, Муслим хадистер жинағында

[3] Табрани хадистер жинағында

[4] Нұр сүресі, 58-аят

[5] Байхаки хадистер жинақтарында

[6] Дайламидің хадистер жинағы

[7] Дайламидің хадистер жинағы

«Қызылжар» орталық мешітінің  ұстазы

Хамзат Әділбеков

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲