Солтүстік Қазақстан облысының Ислам мәдениеті музейінде «Ислам мәдениеті – рухани құндылықтар негізі» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті. Бұл мазмұнды жиынға студенттер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, рухани тақырып төңірегінде өзара пікір алмасты.
⠀
Аталған іс-шарада мешітіміздің наиб имамы Дәуренбек Еңбеков сөз сөйлеп, ислам мәдениетінің терең мәні, оның адамзат өміріндегі орны мен рухани тәрбие берудегі маңызы туралы кеңінен баяндады. Ол өз сөзінде ислам мәдениетінің адамгершілік, ізгілік, сабырлылық секілді асыл қасиеттерді қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.
⠀
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, наиб имам оларға мазмұнды әрі тұшымды жауаптар берді. Еркін форматта өткен бұл жиын ой бөлісуге, пікір алмасуға және рухани дүниені тереңірек түсінуге үлкен мүмкіндік сыйлады.
⠀
Шара соңында қатысушылар осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да рухани бағыттағы басқосулар жалғасады деген үміт білдірді.




