«Қожахмет хазрет»орталық мешіті жамағатына 19 ақпан күні Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» өткен «Ислам-бейбітшілік пен келісім діні» атты форумның мән маңызы жайында бас имам әңгімеледі. Осы форумда қабылданған құжаттарға: «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қызметкерлерінің этикасы», «Имамның түлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» – түсініктеме беріліп, алдағы күнге бағыт бағдар сілтейтіні жөнінде айтылды.