Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың бастамасымен құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорынан ҚМДБ Өскемен аймағының 11 имамына қайырымдылық бағытында қаржылай көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда «Уақып» қоры еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған топтар мен рухани шараларды қолдап қаржыландыру мен қатар діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да назар аударып отыр.
«Уақып» қорының құрылуы имамдарымыздың әлеуметтік мәселесін жақсарту жолында игілікті қадам болды. Имамдардың алаңсыз қызмет атқаруына бұл жолғы қаржылай қолдауы зор көмек болып отыр», – деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.