Тимирязево ауылындағы Мәуліт мерекесі

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданындағы Тимирязево ауылында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.а.у.)-ның туылған күні – Мәуліт мерекесі өткізілді.

Игі шара барысында Шал ақын ауданының бас имамы Шәймерденов Шопан Құран хатым оқыды.

Содан кейін облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы Сәрсенов Азамат Амангелдіұлы  Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның өмірі жайлы   әрбір адамның жүрегіне инабаттылық пен мейірімділік нұрын ұялататын ғибраты мол уағыз-насихат айтты.

Бұдан соң  аудан әкімі Еркін Сейілханұлы мен ауданның құрметті азаматы, Санақ ақсақал Сейтенұлы Мәуліттің маңыздылығы туралы сөз қозғады.

Рухани маңызы зор шара шеңберінде Есіл ауданының бас имамы Мирзоев Имам Одинамахмұдұлы Мәуліт оқыды.

Аллаһ елшісінің (с.а.у.)-ның туылған күні – Мәуліт мерекесі аясында талантты жастар жиналған қауымға тамаша деңгейде ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны ұсынды.

 «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲