Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Кеңес Қарамысов «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы қызметінен босатылып, Тайынша аудандық мешітіне бас имам болып тағайындалды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Тайынша қаласына іс-сапармен барып, жергілікті жамағатқа жаңа имамды таныстырды. Тағайындалған имамға атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Жұма құтпасы оқылып, жаңа имамға ұйыған жамағат намаз оқып, тарқасты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі