СҚО/// «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!»

2023 жылдың 26 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Петропавл қаласында «Жастар» стадионының базасында «Жаңа Қазақстанда терроризмге жол жоқ!» атты өңірдің діни қызметкерлері мен діндар адамдарға арналған спорттық іс-шаралар кешені ашылды.

Іс-шара конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни қызметкерлер мен халықтың діндар бөлігі арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.

Іс-шараға діни қызметкерлер, діни бірлестіктердің өкілдері, халықтың діндар бөлігі, жастар қатысты.

Командалар: «Қызылжар» облыстық орталық мешіті», «Дін Мұхаммед» қалалық мешіті, «Нұр» қалалық мешіті, «Қызылжар» қалалық мешіті, Бескөл а. «Кәусар» аудандық мешіті, Петропавл және Булаев Епархиясы, сондай – ақ, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде турнирге Қазақстандағы Евангел сеніміндегі христиандар одағының өкілдері – “Благодать” пресвитериан шіркеуі қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орын – «Дін Мұхаммед» қалалық мешіті, 2 орын – «Қызылжар» облыстық орталық мешіті, 3 орын – «Нұр» қалалық мешітіне бұйырды.

Іс-шара соңында жеңімпаздарға, жүлдегерлерге, қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲