Ұлы Отан соғысына қатысқандар ат төбеліңдей азайып қалды.Солардың бір тобына «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Жеңіс мерекесінің 71 жылдығына орай жылдағы дәстүрмен ақ дастарқан жайды. Мереке сұрапыл жылдары қаза болған жауынгерлерге Құран оқудан басталды. Отырыс барысында әр соғыс ардагері зұлмат күндері бастарынан өткен қиыншылықтарды айтып берді. Ол кісілердің ерлігі бізге үлгі. Қазіргі бейбіт өмір – сол кісілердің арқасы. Кездесуге қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, міне осыны атап өрсетті. Соңында орталық мешіттің бас имамы мешіт меймандарына естелік сыйлық табыстады. Қонақтар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.
«Қызылжар» лорталық мешітінің
баспасөз қызметі