Отанды сүю иманнан

М.Жұмабаев ауданы, Булаево қаласы «Береке» мешіті және жергілікті ардагерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен ауған соғысының 27 жылдығына орай, «Өскелең ұрпақ пен отансүйгіштік» атты тақырып аясында кездесу өтті. 
Кездесу барысында  мешіттің бас имамы Жеңіс Шимпаев «Отанды сүю иманнан» тақырыбында насихат айтса, ардагерлер төрағасы Оралбай Шәріпұлы жастарға арнайы тәлімі мол әңгімесін айтып берді. Шараға ат салысқан мектеп оқушылары мен ұстаздар, келген қонақтарға сұрақтар қойып тұшымды жауаптар алды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

 

 

67783 67784 67782

Return to Top ▲Return to Top ▲