Рамазан – айы жылына бір рет келетін зор мүмкіндік айы. Тозақ отынан құтылып, Алланың рақымына бөленетін ерекше ай. Алла елшісі ﷺ:
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اُحْضُرُوا الْمِنْبَرَ فَحَضَرْنَاهُ، فَلَمَّا ارْتَقَى دَرَجَةً قَالَ آمِينَ، فَلَمَّا ارْتَقَى الدَّرَجَةَ الثَّانِيَةَ قَالَ آمِينَ، فَلَمَّا ارْتَقَى الدَّرَجَةَ الثَّالِثَةَ قَالَ آمِينَ، فَلَمَّا نَزَلَ قُلْنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ لَقَدْ سَمِعْنَا مِنْك الْيَوْمَ شَيْئًا مَا كُنَّا نَسْمَعُهُ قَالَ: إنَّ جِبْرِيلَ عَرَضَ لِي فَقَالَ: بَعُدَ مَنْ أَدْرَكَ رَمَضَانَ فَلَمْ يُغْفَرْ لَهُ قُلْتُ آمِينَ، فَلَمَّا رَقَيْتُ الثَّانِيَةَ قَالَ بَعُدَ مَنْ ذُكِرْتَ عِنْدَهُ فَلَمْ يُصَلِّ عَلَيْك قُلْتُ آمِينَ، فَلَمَّا رَقَيْتُ الثَّالِثَةَ قَالَ بَعُدَ مَنْ أَدْرَكَ أَبَوَيْهِ الْكِبَرُ عِنْدَهُ أَوْ أَحَدَهُمَا فَلَمْ يُدْخِلَاهُ الْجَنَّةَ قُلْتُ آمِينَ
Әл-Хаким таратқан риуаят бойынша бірде Пайғамбар ﷺ сахабаларына мінберді әкелуге бұйырады. Сосын әкелінген мінберге көтеріліп бара жатып: «Әмин», – деп үш рет айтады. Сосын қайтадан төмен түседі. Сахабалары мұның мәнісін сұрайды. Сонда Алла Елшісі ﷺ былай дейді: «Маған Жебірейіл (ғ.с) көрініп: «Рамазанға жетсе де, күнәсі кешірілмеген жан аулақ кетсін!» – деді. Мен: «Әмин», – дедім. Екінші мәрте көтерілгенімде: «Сенің есімің аталғанда салауат айтпаған жан аулақ кетсін!» – деді. Мен: «Әмин», – дедім. Үшінші мәрте көтеріле бергенімде: «Ата-анасының екеуі, не біреуі көз алдында қартая тұра, жұмаққа кіруіне себепкер бола алмаған (ата-анасына лайықты қызмет ете алмаған) жан аулақ кетсін!» – деді. Мен тағы да: «Әмин» – дедім».[1]
Алла Елшісі ﷺ:
الصِّيَامُ جُنَّةٌ مَا لَمْ يَخْرُقْهَا.
«Ораза – қалқан. Адам қалқанды сындырмайынша, қалқан оны сақтайды»[2], – деп айтқан. Яғни, жаман әрекеттер жасау арқылы оразасын бұзбайынша, қалқан болып қала бермек.
Алла Тағала адамзат пен жындар үшін бұл өмірді сынақ етіп берген болса, оның сыйы ретінде жұмаққа, жазасы ретінде тозаққа баратындығын ескертті. Жындар мен адамның бұл дүниеге келудегі басты мақсаты өзін жаратқан Аллаға құлшылық ету. Алайда адамға хайуанаттан артық етіп ақыл, сана берді. Онымен қоса нәпсі берді. Алланы таныту, Оған ғана құлшылық ету қажеттігін насихаттап үйретуші 124 мың пайғамбар жіберді. Пайғамбарға құлақ аспай, азғындаған қауымдарды жер бетінен жойып жіберді. Дегенмен адам баласы шайтанның азғыруы мен нәпсі қалауына еге бола алмай күпірлікке бой алдыруда.
Адамзатқа көктен түсірілген қасиетті кітаптар арқылы екі дүниеге қатысты барлық құлшылық пен харам, халалды үйретті. Ақыретте өмір болатынын, әрбір адам Алланың құзырында бұл өмірдегі амалы үшін есеп беретінін және жақсы амалы үшін жәннәт, жаман амалы үшін тозаққа тасталатынын тайға таңба басқандай етіп ескертті. Ақыретте амалдарды өлшейтін таразының болатынын, сырат көпірінен өтетінен де хабар берді. Міне, сол сырат көпірінен өте алмаған пенделердің тозақ отына лақтырылатындығы да ескертілді. Мәселе солай болғандықтан жәһәннәм – кәпірлер мен мүшріктердің және мунафиқтардың мәңгілік азап шегетін мекені деп Құран баян етті. Ал күнәһар мұсылмандар істеген күнәларінің деңгейіне қарай жәһәннамда жазасын тартып, жүрегіндегі иманының арқасында соңында жәннәтқа барады. Құранда жәһәннамның түрлі есімдері мен дәрежелері келтіріледі.[3]
Тозақтың атаулары:[4]
Тозақты көбінесе – нәр (от) деп атайды. Сонымен бірге, Құран Кәрімде тозақтың сипатын көрсететін бірнеше атауы бар. Олар:
- Жәһаннам
Бұл ең көп кездесетін атауы. Бұл сөз «түнеру» және «жақтырмай қарау» етістігінен алынған. Құранда «Тұр» сүресінің 13 аятында:
يَوْمَ يُدَعُّونَ إِلَىٰ نَارِ جَهَنَّمَ دَعًّا
«Олар сол күні, тозаққа итеріліп тасталады»,[5] – делінген.
- Ләзо
Мағынасы – жалын. Тозақ отынан шарпыған жалын денені өртеп, теріні жейді. Алла тағала «Мағарыж» сүресі 15-16 аятында:
كَلَّا ۖ إِنَّهَا لَظَىٰ(15) نَزَّاعَةً لِّلشَّوَىٰ
«Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от. Теріні күйдіріп түсіреді», – деп ескертеді.
- Хұтама
Хұтама – бұзу, сындыру етістігінен алынған. Тозақ отының қаттылығынан от өзінен өзі бөлінеді және ішіндегі мақлұқаттарды да бөліп тастайды. Құран Кәрімде «Хүмәзә» сүресінің 4-9 аятында:
كَلَّا ۖ لَيُنبَذَنَّ فِي الْحُطَمَةِ (4) وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحُطَمَةُ (5) نَارُ اللَّهِ الْمُوقَدَةُ (6) الَّتِي تَطَّلِعُ عَلَى الْأَفْئِدَةِ (7) إِنَّهَا عَلَيْهِم مُّؤْصَدَةٌ (8) فِي عَمَدٍ مُّمَدَّدَةٍ (9)
«Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады. Хұтаманың не екенін қайдан білесің? Ол – Алланың жағылған оты. Сондай жүректерді шалатын. Расында, олар ол отқа қамалады. Ұзын діңгектерге байланады», – дейді.
- Саъир
Саъир – қатты жану, өртену дегенді білдіреді. Құранда «Шура» сүресі 7 аятында:
«Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін саған арабша бір Құран уахи еттік. Ол күні бір топ жәннатта, бір топ тозақта», – деп ескертеді.
- Һәуиә
Һәуиә – терең жерге зымырап құлау дегенді білдіреді. Құран Кәрімде «Қариға» сүресі 8-11 аятында:
وَأَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ (8) فَأُمُّهُ هَاوِيَةٌ (9) وَمَا أَدْرَاكَ مَا هِيَهْ (10) نَارٌ حَامِيَةٌ (11)
«Ал, енді біреудің таразысы жеңіл тартса, онда оның орны «Һауиә» болады. Ол һәуиәнің не екенін білесің бе? Ол – жалындаған от», – делінген.
- Жахим
Жахм етістігі – қатты жану мағынасын білдіреді. Құранда «Хаққа» сүресі 30-31 аятында:
خُذُوهُ فَغُلُّوهُ (30) ثُمَّ الْجَحِيمَ صَلُّوهُ
«Оны ұстаңдар да байлаңдар. Сосын оны тозаққа салыңдар».
- Сақар
Күннің қатты қызып, заттарды балқыта түсуін арабтар сақар күн деп айтады. Құранда «Мүдәссір» 26-30 аятында:
سَأُصْلِيهِ سَقَرَ (26) وَمَا أَدْرَاكَ مَا سَقَرُ (27) لَا تُبْقِي وَلَا تَذَرُ (28) لَوَّاحَةٌ لِّلْبَشَرِ (29) عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ
«Оны жағатын тозаққа саламыз. Ол тозақтың не екенін қайдан білдің? Кейін қалдырмайды да шала тастамайды. Ол, адам терісін өртеп кетеді. Оған он тоғыз (періште) қарайды», – дейді.
Айша (р.а.) анамыз жеткізген хадисте: «Дұрыс амал жасаңдар, жақсыға жақын болыңдар және жақсылықты сүйіншілей жүріңдер. Себебі, ешкім амалымен жәннатқа кірмейді. Адамдар: «Уа, Алла Елшісі! Сіз де ме? – деді. Пайғамбар: «Иә, мен де. Тек Алла тағала рахымына бөлесе ғана. Біліңдер, Алла тағалаға ұнамды амал аз болса да ұдайы жасалғаны», – деп айтылған.
Пайғамбармыз ﷺ: «Расында, Қиямет күні тозақылардың ең жеңіл азаптысы – табандары астына екі шоқ қойылған кісі, одан (әлгі кісінің) миы қазан не құмған қайнағандай қайнап тұрады» деп айтты.
Қайсы біріміз азаптан құтылып және Алланың разылығын алуды қаласақ, бұл дүниенің қиыншылықтарына сабыр етуі, Жаратушының бұйрықтарын орындап, күнә істерден, дүние шахуатынан сақтануымыз керек. Жаратушы Жаббар Ием баршамызды қабыр азабынан, тозақ отынан сақтасын. Мүміндер үшін дайындап қойған жаннатқа кіруді нәсіп етсін.
Тозақ отына лайықты адамдардың кейбірін атар болсақ:
- Кәпірлер:
Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде:
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُواْ سَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لاَ يُؤْمِنُونَ (6) خَتَمَ اللّهُ عَلَى قُلُوبِهمْ وَعَلَى سَمْعِهِمْ وَعَلَى أَبْصَارِهِمْ غِشَاوَةٌ وَلَهُمْ عَذَابٌ عظِيمٌ (7)
«Кәпірлерген ескертсең де ескертпесең де, бірібір олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректерін және құлақтарын бітеп қойған, көздері перделенген олар ауыр жазаға ұшырайды»[6].
- Екіжүзділер:
Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде:
إِنَّ الْمُنَافِقِينَ فِي الدَّرْكِ الْأَسْفَلِ مِنَ النَّارِ وَلَنْ تَجِدَ لَهُمْ نَصِيرًا.
«Екіжүзділер сөзсіз тозақтың астыңғы қабатында болады. Оларды құтқаратын ешбір жәрдемші таба алмайсың»[7].
- Аллаға серік қосқандар:
Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде:
{إِنَّ اللَّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء وَمَن يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْمًا عَظِيمًا.
«Алла өзіне серік қосушылардың күнәсін кешпейді. Онан басқа күнәларды қалаған адамынан кешіре береді. Кім Аллаға серік қосса, оның ауыр күнәға батқаны»[8].
- Тәкәппарлар:
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ ۚ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ
«Раббыңыз: Маған дұға етіңдер, тілектеріңді қабыл етемін. Маған құлшылық етуге паңсынып, тәкәппарлық көрсеткендер, сөз жоқ жаһаннамға кіреді» – дейді»[9].
- Бүлікшілдер:
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
إِنَّ الَّذِينَ فَتَنُوا الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ لَمْ يَتُوبُوا فَلَهُمْ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمْ عَذَابُ الْحَرِيقِ
«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге зиянкестік істеп, кейін райынан қайтпай, тәубе етпегендер жаһаннам жазасына тартылады, от азабына түседі»[10].
- Құранды (дінді) теріске шығарып, мойындамағандар:
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
إِنَّ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَاسْتَكْبَرُوا عَنْهَا لَا تُفَتَّحُ لَهُمْ أَبْوَابُ السَّمَاءِ وَلَا يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ حَتَّىٰ يَلِجَ الْجَمَلُ فِي سَمِّ الْخِيَاطِ ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُجْرِمِينَ
«Біздің аяттарымызды өтірік жорыған және тәкәппарланғандарға аспан есіктері ашылмайды (тілегі қабыл болмайды) иненің көзінен түйе өткенге дейін олар жәннатқа кірмейді! Міне осылай күнәларды жазалаймыз»[11].
- Қасақана адам өлтіруші:
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
وَمَن يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُّتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فِيهَا وَغَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَابًا عَظِيمًا
«Кімде-кім мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы мәңгілік жаһаннам. Ол Алланың кәріне, қарғысына ұшырайды. Алла оған ауыр азап әзірлеп қояды»[12]
- Өзіне қол жұмсаушылар:
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
وَلَا تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا (29) وَمَنْ يَفْعَلْ ذَلِكَ عُدْوَانًا وَظُلْمًا فَسَوْفَ نُصْلِيهِ نَارًا وَكَانَ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا (30
«Өз-өздеріңе қол жұмсамаңдар. Алла сендерге ерекше мейірімді. Кімде-кім осы айтылғандарды егесіп зұлымдықпен істейді екен, сөзсіз оны тозаққа кіргіземіз. Бұл Аллаға оңай»[13].
- Жетімнің малын жеу:
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
إِنَّ الَّذِينَ يَأْكُلُونَ أَمْوَالَ الْيَتَامَىٰ ظُلْمًا إِنَّمَا يَأْكُلُونَ فِي بُطُونِهِمْ نَارًا ۖ وَسَيَصْلَوْنَ سَعِيرًا
«Жетімдердің малын зұлымдықпен жегендер, ішіне толтыра от жұтып алған болады, олар сөзсіз тозаққа тасталады»[14].
- Ысырапқорлар:
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
إِنَّ الْمُبَذِّرِينَ كَانُوا إِخْوَانَ الشَّيَاطِينِ ۖ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِرَبِّهِ كَفُورًا
«Ысырапқорлар шынында, шайтанның туысы, ал шайтан болса, Раббысына қарсы»[15].
Алла Тағала оразамызды біз үшін тозақ отынан қалқан ете
көр.
[1] Әл-Хаким хадистер жинағы.
[2] Хаким хадистер жинағы.
[3] http://old.sunna.kz/kz/last/view?id=335
[4] http://taglym.kz/component/k2/item/787-toza-ty-sipaty-zh-ne-ataulary.html
[5] «Тур» сүресі, 13-аят.
[6] «Бақара» сүресінің, 6-7 аяттары.
[7] «Нисә» сүресі, 145-аят.
[8] «Нисә» сүресі, 48-аят.
[9] «Мумин» сүресі, 60-аят.
[10] «Буруж» сүресі, 10-аят.
[11] «Ағраф» сүресі, 40-аят.
[12] «Нисә» сүресі, 93-аят.
[13] «Нисә» сүресі, 29-30 аяттар.
[14]«Нисә» сүресі, 10-аят.
[15] «Исра» сүресі, 27-аят.