Үстіміздегі жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызы аралығында «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ауыл молдалары екі апталық біліктілік арттыру курсынан өтті. Олар Ақида негіздері, Құран кәрім, Фиқһ, Сира пәндері бойынша білімдерін жетілдірді. Соңында ҚМДБ- ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбайдың төрағалығымен комиссия отырысында оқылған пәндерден емтихан тапсырды. «Екі апта бойы алған діни білімдерін емтихан барысында көрсете алды», дейді мешіт ұстазы Хамзат Әділбеков.
Бұл- шәкірттердің алғашқы легі, келесі топ сәуір айының басынан бір айлық курстан өтеді. «Қызылжар» орталық мешіті жыл аяғына дейін облыстың барлық ауылдарының молдаларын қайта оқытуды көздеп отыр.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.