بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Мәйiттi жуатын адам әдептi де тақуа болуы мұстахаб. «Әл-Аламгирия пәтуасында» да осылай делінген. Мәйiттi жуу кезiнде, мәйіттің кемшілігін (иістенгені, немесе беттері тілім-тілім болып кеткенін) айтпау қажет. Мәйітті жуып болғаннан кейін кебіндемей тұрып мәйiт денесiн құрғатып сүрту қажет.