МҰСЫЛМАННЫҢ РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ БІР КҮНДІК ЖОСПАРЫ

Қазіргі заманда жан-жақты ителлектуалды,рухани бай адамдардың жетістікке жетудегі бірден-бір жолы – уақытын жүйелеп жоспарлай білуінде. Жоспар тек күнделікті тіршілікте ғана емес,құлшылықта да аса маңызды. Жүйе мен жоспардың жоқтығынан дін мен дүние қанатын тең ұстай алмай, соңында дүние ісін де, ақыреттік істерін де ретке келтіре алмай жүреді. Осыған орай мұсылман адамның рамазан айына қатысты бір күндік жоспарын ұсынып отырмыз. 

Таң намазының уақытынан бұрын тұру1. Таһажжүд намазын оқу.

Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл намазды «түнгі намаз» дейді. Түннің жартысынан бастап,сәре уақытының аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылатын намазды «тәһажжүд намазы» дейді.Тәһаджүд намазы екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейіноқылады. Алла Тағала Құран Кәрімде:

أَمَّنْ هُوَ قَانِتٌ آنَاءَ اللَّيْلِ سَاجِدًا وَقَائِمًا يَحْذَرُ الْآخِرَةَ وَيَرْجُو رَحْمَةَ رَبِّهِ ۗ 

«Түн ішінде Аллаға бас иіп, сәждеге жығылып һәм тікесінен тік тұрып құлшылық еткен, ақыреттен қорқатын және Раббысының шексіз рақымынан үміт ететін (мүмін) адамдар бола ма?».2. Cәресіге тұру. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде:

تسَحَّرُوا فَإِنَّ فِي السُّحُورِ بَرَكَةٌ

«Сәресіге тұрыңдар сәресіде үлкен береке бар»деген. Тым болмаса бір жұтым су ішудің өзі сәресін орындаған болып есептеледі. Сәресіге оянып, ас-су ішкен адамға Алла мейірімділік танытады, періштелер ол үшін кешірім тілейді. Сәресін ішу ауыз ашар уақытына дейін қиналмай жүруге көмектесіп, күш-қуат береді, денсаулыққа да пайдасы орасан зор. 3. Азан айтылғанға дейін истиғфар айту (кешірім тілеу). 

Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَبِالْأَسْحَارِ هُمْ يَسْتَغْفِرُونَ

«Олар сәресі уақытында Алладан кешірім тілейді».

Истиғфар (Астағфируллаһ әл-азыйм). Алладанкешірім сұрау деген сөз. Қасиетті Құранда:

رَبَّنَآ إنَّنَآ ءَاَمنَّا فَاغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَ قِنَا عَذَابَ النَّارِ

«Уа, Раббымыз! Біз иман келтірдік, күнәларымызды кешіре гөр һәм бізді тозақ отынан сақатағайсың!».4. Таң намазын оқу.– Таң намазының екі ракағат сүннетін орындау. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде:

ركَعَتَا الْفَجْرِ خَيْرٌ مِنْ الدُّنِيا وَمَا فِيها 

«Таң намазының екі ракағат сүннеті бұл дүниедегі барлық нәрседен қайырлы» деген.– Таң намазының парызы оқылғанға дейін дұғамен айналысу. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: 

الدعاءُ لَا يُرَدُّ بَيْنَ اْلأَذَانِ وَالْإِقَامَةِ

«Азан мен қаматтың арасында жасалған дұғакері қайтарылмайды» деген.– Таң намазын жамағатпен оқу. 

Рамазан айында абзал болған амалдардың қатарында жамағат намазы, соның ішінде таң намазының парызын жамағатпен оқу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде:

مَنْ صَلَّى الْغَدَاةَ فِي جَمَاعَةٍ ثُمَّ قَعَدَ يَذْكُرُ اللَّهَ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ ، ثُمَّ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ ، كَانَتْ لَهُ كَأَجْرِ حَجَّةٍ ، وَعُمْرَةٍ ، تَامَّةٍ ، تَامَّةٍ ، تَامَّةٍ

«Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқып, күн шыққанға дейін Алланы зікір етіп отырса, одан кейін екі ракағат намаз оқыса толық қажылық, умра жасағандай сауап алады» деп, таң намазынан кейін мешітте қалып дұға жасаудың сауабын айтқан. Алланың Елшісі мұндай игі амалдарды жасауды ұмытпайтын. Осы орайда пайғамбарымыз(с.ғ.с.) әр күнін төмендегі дұғамен бастаушы еді:

    اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَ هَذَا الْيَوْمِ فَتَحَهُ ، وَنَصْرَهُ ، وَنُورَهُ ، وَبَرَكَتَهُ ، وَهُدَاهُ , وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا فِيهِ ، وَشَرِّ مَا قَبْلَهُ ، وَشَرِّ مَا بَعْدَهُ

«Уа, Алла! Сенен бұл күннің жақсылығын, нұрын, берекесін, хидаятын сұраймын. Уа, Алла!Бұл күннің жаманшылығынан, оған дейінгі, одан кейінгі күндердің жаманшылығынан Өзіңе сыйынамын».

Таң намазынан кейін

Аллаға тәуекел етіп, Алланың нәсіп еткен ризығын талап ету әрбір мұсылманның парызы. Рамазан айы еріншектердің айы емес. Адам оразасын себеп етіп, оқуына, жұмысына салғырт қарауға болмайды. Керісінше дұғалар қабыл болып, береке есіктері ашылған айда ризық талап етуде де ыжтаһадтылық танытуы қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: 

مَا أَكَلَ أَحَدٌ طَعَامًا قَطُّ خَيْرًا مِنْ أَنْ يَأْكُلَ مِنْ عَمَلِ يَدِهِ وَإِنَّ نَبِيَّ اللَّهِ دَاوُدَعَلَيْهِ السَّلَام كَانَ يَأْكُلُ مِنْ عَمَلِ يَدِهِ 

«Ешбір адам өз қол еңбегімен тапқан тағамынан тәуір тамақ жемеген. Расында, Алланың пайғамбары Дәуіт те (Алланың оған сәлемі болсын) қол еңбегімен тамақ тауып жеген»деген.                 ​

Садақа беру

Жарты құрманың құнындай болса да садақа беру, мұсылман бауырыңның қажетіне жарау, тіпті жолда жатқан кедергіні алып тастау мұның барлығы садақа бергендей сауапқа кенелтеді. 

وَعَنْ عدي بن حاتم رَضِىَ اللّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ للّهِ صَلَّي اللّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ اِتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةِ.

Ади ибн Хатимнен (р.а.) риуаят бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жарты құрма болса да садақа беріп, оттан сақтаныңдар», – деді.

Құран хатым жасау    

Алланың сүйікті Елшісі (с.ғ.с.):

مَنْ قَرَأَ حَرْفاً مِنْ كِتَابِ اللهِ فَلَهُ حَسَنَةٌ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا، لاَ أَقُولُ ألـم حَرْفٌ، وَلَكِنْ أَلِفٌ حَرْفٌ، وَلاَمٌ حَرْفٌ، وَمِيمٌ حَرْفٌ

«Кiм Алла Тағаланың Кiтабының бiр әрпiн оқыса, оған одан бiр жақсылық бар әрi жақсылық он есе арта түседi. «Әлифләммим»-дi бiр әрiп демеймін. Бәлкiм, «әлиф» бiр әрiп, «ләм» бiр әрiп, «мим» бiр әрiп», –деген. Қасиетті Құран алты мыңнан астам аяттан тұрса, аяттардағы әріп саны қанша болмақ?! Рамазаннан тыс уақытта әр әріп үшін амал кітабымызға бір жақсылық жазылып, кейін ол он есе артса, ораза кезінде оқылған Құранның сауабы қандай болмақ?!

Ораза кезінде Құранды хатым ету мәселесіне келер болсақ, Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм):

الصِّيَامُ وَالْقُرْآنُ يَشْفَعَانِ لِلْعَبْدِ يَقُولُ الصِّيَامُ رَبِّ إِنِّي مَنَعْتُهُ الطَّعَامَ وَالشَّرَابَ فِى النَّهَارِ فَشَفِّعْنِي فِيهِ وَيَقُولُ الْقُرْآنُ رَبِّ مَنَعْتُهُ النَّوْمَ بِاللَّيْلِ فَشَفِّعْنِي فٍيهٍ فًيُشَفَّعَانِ

«Ораза мен Құран Қиямет күні пендеге шапағат етеді. Ораза: «Я, Раббым! Мен оныкүндіз ішіп-жеуден тыйдым. Менің шапағатымды қабыл ет», – десе, Құран: «Я, Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан бөлдім. Менің шапағатымды қабыл ет», – дейді. Кейін олардың шапағаты қабыл етіледі»– деген.

Бесін намазы

Күнделікті күйбең тіршіліктен кейін бір сәт тынығып, рухани және дүниелік амалдарға білек сыбана кірісу үшін адамдар мешітте бесін намазына жиналады. Хадисте:

إنَّ رَسُولَ اللهِ  عَلَّمَنَا سُنَنَ الْهُدَى ، وَإِنَّ مِنْ سُنَنِ الْهُدَى الصَّلَاةَ فِي الْمَسْجِدِ الَّذِي يُؤَذَّنُ فِيهِ

«Алланың Елшісі (с.ғ.с.) біздерге тура жолды үйреткен еді. Сол тура жолдың ең маңыздылары азан шақырылған мешітте намаз оқу» делінген.

Бесін намазынан кейін 15-20 минуттай көздің шырымын алу пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті.Яғни «қайлулә» ұйқысы. Бұл сіздің түнгі құлшылықтарыңызда белсенді болуыңызға жәрдемдеседі. 

Екінті намазы

Екінті намазының парызын бекітілмеген төрт ракағат сүннетімен бірге оқу үлкен сауап. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде:

رَحِمَ الله امْرَأً صَلَّى قَبْلَ الْعَصر أَرْبَعاً

«Алла екінті намазының парызынан бұрынтөрт ракағат (сүннет) намаз оқыған адамды мейіріміне бөледі».

Ақшам намазы

Күні бойы ораза ұстап, нәпсісін шыңдап барлық күнәлардан бойын аулақ ұстаған адам ауыз ашар алдында күн ұясына батпай тұрып, дұға жасағаны абзал. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде:

ثلاثة لا تُرَدُّ دَعْوَتُهُمْ وَ ذَكَرَ مِنْهُمْ وَالصَّائِمُ حِينَ يُفْطِرُ

«Дұғаның үш түрі қайтарылмайды соның ішінде ауызашарда ораза ұстаушының дұғасы»деген.

Ауызды құрма немесе сумен ашқаннан кейін кешіктірмей ақшам намазын жамағатпен оқығанабзал.

Ауыз ашарды жанұямен, жақын туыстармен өткізген жөн, өйткені жұбайыңның, бала-шағаңның сенің мойныңда ақысы бар. Ауыз ашар кезінде сабырсыздыққа беріліп, шамадан тыс тоя жеу зиян. Шамадан тыс тамақ жеу тарауық намазына және басқа да құлшылықтарға кері әсерін тигізеді. 

Құптан намазы

Бес уақыт намаздың бірі құптан намазын жамағатпен оқу өлшеусіз сауаптарға кенелтсе, тарауық намазының орны мүлдем бөлек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде:

مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Кімдекім, сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Рамазанда Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі» деген.

Ұйқы уақыты

Бұл кезеңге мән беру өте маңызды, өйткені жоғардағы амалдарды жақсы орындау үшін адамға күш қуат қажет. Егер ниетті дұрыстасақ,ұйқымызды да құлшылыққа айналдыруға болады. 

Ол үшін:

Ұйықтау арқылы құлшылық жасауға күш жинауды ниет ету;

Ұйықтаудың әдептерін ұстану, олар: дәретпен ұйықтау, оң жағына жату, ұйықтар алдындаайтылатын дұғаларды оқу. 

Return to Top ▲Return to Top ▲