Облыс орталығындағы «Демеу» балалардың мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы ақпан сайын «Демеу жұлдыздары» байқауын өткізіп отырады. Биылғы байқауға екі жүзге жуық мүмкіндігі шектеулі бала қатысты. Олар көркемсөз оқу, ән және би аталымдары бойынша өнер көрсетті. Сондай-ақ олар жасағын қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Бірінің-көзінде, екіншісінің-сөзінді, үшіншісінің-аяғында кемістігі бар олардың өмірге, өнерге құштарлығы көзге жас үйірлетпей қоймайды.
Міне, осындай балалардың өнер арқылы өмірді сүюіне ықпалын тигізіп жүрген мұғалімдер де құрметке лайық. Шәкірттері сахнаға шыққанда жылап жібере жаздаған олар отырғандарды елжіретті.
«Демеудің жұлдыздары» байқауын өткізуге қол ұшын беретіндер баршылық. Осы байқауға жылда қатысып, сый-сияпатын ұсынып жүрген «Қызылжар» орталық мешіті биыл да дәстүрді бұзбады. Байқау жүлдегерлерін марапаттау барысында «Қызылжар» мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы жүлдегер балаға ұялы телефонды табыс етті.
Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі