Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүгедек жандарға көңіл бөлініп, оларға қайырымдылық жасау туралы тапсырмасына орай, Ақжар ауданы «Үлкен-Қарой» мешітінің ұйымдастыруымен «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты қайырымдылық акция өткізілді. Акция аясында мүгедектерге, күнделікті азық-түлік, яғни қант, шай,күріш, ұн,т.б азық-түлікпен 5 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына, «Үлкен-Қарой» мешітінің Бас имамы Тұрлыбеков Азамат арнайы барып, уағыз айтты. Дұға жасап, мүгедек жандардың көңілдерін аулау мақсатында, оларға арнайы ғибратты әнгіме айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі