МЕККЕДЕ ҚАҒБАНЫҢ КИСУАСЫН ТІГУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаның кисуасын тігу іс-шарасына қатысты.

Бұл тігіліп жатқан жаңа кисуа (Қағбаның сыртқы жабдығы) биыл арапа күні ауыстырылады. Бас мүфти қасиетті Құран аяттарын жазу барысында елімізге дұға жасады.

Айта кетейік, Қағбаның кисуасы арапа күні ауыстырылады. Қымбат әрі берік жібектен жасалады. Оған 150 келі алтын, 100 келі күміс және 670 келі жібек жұмсалады.

Зұлхижжа айында жылына бір рет ауыстырылатын кисуаның жоғары бөлігі – 41 метр, ені – 47 метр. Кисуа дайындаушылар жылына екі кисуа тігіп дайындап шығады.

Return to Top ▲Return to Top ▲