Қызылжар ауданының орталығындағы «Кәусар» мешітінің ұйымдастыруымен сенбілік өткізілді. Оның барысында Көкшетау тас жолының қиылылысындағы үлкен зират тазара түсті. «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен осы мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы бастаған сенбілікке «Кәусар» мешітінің жамағаты да қатысты. Осы ретте «Тазалық иманның жартысы» (Мүсілім) деген хадис еріксіз ойға оралады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі