Ораза – Алланы еске түсіріп, жауапкершілік сезімін арттыратын, адамгершілікке тәрбиелейтін және жүректі тазартатын ғибадат. Ол мейірімділік сезімін оятады. Алланың бергенін бағалай білуге септеседі. Адамның денсаулығын шыңдайды.
ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы күрд диаспора берген ауызашарда айтқан уағызында осының бәрі қамтылды. «Барбанг» күрдтер қауымдастығы филиалы берген ауызашарға 300-дей адам қатысты. Оларды мұсылман диаспораларының жетекшілері қасиетті Рамазан айымен құттықтап, құлышылықтың қабыл болуын тіледі.