Ислам ЖЕМЕНЕЙ: МҮФТИЯТ РУХАНИЯТТЫҢ ЯДРОСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕ ЖАТЫР

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсау кесер рәсімінде сөз алған филология ғылымдарының докторы, исламтанушы ғалым Ислам Жеменей осылай деп мәлімдеді. «Шариғатқа қайшы келмеген ғұрып әрқашан, әр дәуірде құпталып отырған. «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабында осы мәселелер еліміздегі жағдаймен жан-жақты салыстырыла жазылған. Қазақ тойдан қалсада, жаназадан қалмайтын халық. Кісісі өлген қаралы үйдің шығындарын көтерісу мал немесе ақша жинап беру, келген қонақтарды жабыла күтіп алу, тек кісі қазасында ғана емес басқа да ауыр жағдайларда көңіл білдіріп, қауым болып қайғыру – зор адамгершілікпен ұйымшылдықтың, бірліктің белгісі. Бұл ислам дінінің негіздеріне негізделген әдеп-ғұрыптар. Халқымыздың көңіл атуының өзі ғибратқа, биік адамгершілікке негізделген. Тағылым-тәрбиелік мәні зор кітап көп данамен басылып шығып халыққа жетсе деген тілегім бар. Діни басқарма соңғы уақытта қоғамды имандылыққа ұйытып, бірлікке бастайтын бастамаларды іс жүзінде атқарып келеді. Бұл кітап сол жұмыстардың жемісі деп атар едім. Мүфтият руханияттың ядросына айналып келе жатыр», – деді Ислам Жеменей.

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының алғашқы 11 мың данасы жарық көрген. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы кітап әр өңірдегі мешіттер мен кітапханаларға жеткізілетінін айтты.

Шараға жазушы-қаламгер Смағұл Елубай, Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбі Дәуітұлы, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев, «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры, профессор Бауыржан Жақып, философия ғылымдарының докторы жазушы, ғалым Нұрдәулет Ақыш т.б. қатысты.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲