Ибн Таймия және үш негіз

Тақий әд-Дин Ахмед ибн Әбдуль-Халим ибн Әбду-ссаләм ибн Абдуллаһ ибн Әбу әл-Қасим ибн Мұхаммед ибн Таймия, Әбу әл-Аббас (أبو العباس تقي الدين أحمد ابن عبد الحليم ابن عبد السلام ابن عبد الله ابن أبو القاسم ابن محمد ابن تيمية). «Шейх әл-Ислам» деген лақаппен танымал. 1263 жылы Харран қаласында дүниеге келіп, 1328 Дамаск қаласында жерленген. Өз заманының атақты дін қайраткері, тәпсірхадис және фиқһ ғылымдарын жетік меңгерген.

 

Әһлy сунна ғалымдарының Ибн Таймия турасында пікірі

Мұсылман әдебі бойынша бір ғалымның еңбектерін, оның ұстанымын қатеге шығарар алдында  өте мұқият, ұқыпты болған жөн, өйткені бұл іс барысында Алланың харам еткен амалы –  ғайбатқа кіріп кетуіміз мүмкін. Бір ғалым жайында толық мәлімет немесе сипаттама алу үшін сол уақыттағы аталмыш ғалыммен замандас және одан кейін өмір сүрген ғалымдардың пікірін негізге алу ең тиімді жол. Бір ғалымға сын айтудағы мақсат оны төмен түсіру, даттау емес, негізгі мақсат – кейбір мұсылман бауырлардың санасында ол ғалым жайында дұрыс түсінік қалыптастыру.  Кез келген ғалым қателесуі мүмкін, бірақ бұл қателік мұсылман үмметінің шытынауына немесе көпшілік ғалымдардың діннің кез келген мәселесіне ижмағ (келісу) жасағанына қарсы келген жағдайда бұл ғалымға еру тыйым салынады. Көпшілік ғалымдардың пікірімен санасу шариғат талабы. Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің мүбәрак хадисінде:

إِنَّ أُمّتِي لَا تَجْتَمِعُ عَلَى ضَلَالَةِ . فَإِذا رَأَيْتُمْ اخْتِلَافًا فَعَلَيْكُمْ بِالسَّوَادِ الْأعْظَمِ

Шынында менің үмметім адасушылықта бірікпейді, егер келіспеушілікті көрсеңдер көпшілікпен бірге болыңдар, деген.[1]

Бұл ғалым турасында әртүрлі пікірдің орын алуы ол ғалым жайында мәліметтің толық болмауында, өйткені кейбір кітаптарында әһлу сүнна ақидасына жат «тәжсим»[2] мәселесін анық әшкере қылса, кейбір кітаптарынды бұл мәселені жасырған. Бұл өзінің дәріс алған немесе сабақ берген ортасына байланысты. Кей жерлерде оның ұстанымдарына тойтарыс беретін ғалымдардың көптігінен өзінің ойын әшкере қылмаған. Өйткені оның бесжүзге тарта еңбектері халық арасында тараған. Ол еңбектерінің барлығында керағар пікірлер жазылмаған. Бұл ғалым жайында  зерттеп, оған жауап берген жүзге тарта ғалымдар болған. Дегенмен Ибн Таймияның заманында оның еңбектерін саралап, толыққанды жауап берген   ғалымдар көп. Соның ішінде Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субки. Ол «әд-Дурра әл-мудыйя фи-р-радд әлә Ибн Таймия» кітабында Ибн Таймияға ерекше тоқталып, жақсы тойтарыс берген және сол замандағы ғалымдардың Ибн Таймия жайында ұстанымдарын келтірген. Ал біздің заманымызда осы ғалымдардың пікірлерін жинақтап, Ибн Таймияның еңбектерін саралап, ақидадағы өрескел қателерін тауып, құнды еңбек жазған ғалым Сағид Абдуллатиф Фуда. Ол өзінің «Әл-Каашиф ас-Сағир ан ақааид ибн Таймия» кітабында бұл тұлға жайында оның ұстанған бағытының әһлу сунна уәл жамағадан алыс екендігіне толыққанды мәлімет берген.

Атақты ғалым Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субки[3]  (683-756 һ /1284-1355 м) өзінің «әд-Дурра әл-мудыйя фи-р-радд әлә Ибн Таймия» кітабында Ибн Таймия жайында:

أما بعد ، فأنه لمّا أحدث ابن تيمية ما أحدث في أصول العقائد ، ونقض من دعائم الإسلام الأركان والمعاقد ، بعد أن كان مستترا بتبعية الكتاب والسُّنّة ، مظهرا أنه داعٍ إلى الحقّ هادٍ إلى الجنّة ، فخرج عن الاتّباع إلى الابتداع ، وشذّ عن جماعة المسلمين بمخالفة الإجماع ، وقال بما يقتضي الجسميّة والتركيب في الذات المقدّس ، وأن الافتقار إلى الجزء – أي افتقار الله إلى الجزء – ليس بمحال ، وقال بحلول الحوادث بذات الله تعالى ،

Шынында Ибн Таймия өзін жұртшылық алдында Құран және сүннетпен жүретінін өзінің тура жолға шақыратынын, жәннәтқа үгіттейтін тұлға  ретінде көрсеткеннен кейін, ақида саласында (дін негіздері) жалпыға белгілі негіздерге жаңалық енгізді. Жалпының ұстанатын Құран, сүннет бағытынан бидғат жолға ауысты. Жамағаттан бөлініп, ижмағқа[4] қарсы шықты. Ол Алланың денеден тұратыны Өзінің бөлшектеріне мұқтаждығы туатыны турасында, уақыт өте өзгеріске ұшырайтыны жайында мәлімдеді.[5]

Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (736-795 h/1335-1393 м) :

وطوائف من أئمة أهل الْحَدِيث ، وحفاظهم وفقائهم كَانُوا يحبون الشيخ ويعظمونه ، وَلَمْ يكونوا يحبون لَهُ التوغل مَعَ أهل الْكَلام ، ولا الفلاسفة ، كَمَا هُوَ طريق أئمة أهل الْحَدِيث المتقدمين ، كالشَّافِعِي ، وَأَحْمَد ، وإسحاق ، وأبي عبيد ، ونحوهم. وَكَذَلِكَ كثير من الْعُلَمَاء من الْفُقَهَاء ، والمحدثين ، والصالحين كرهوا لَهُ التفرد ببعض شذوذ المسائل الَّتِي أنكرها السلف عَلَى من شذ بِهَا ، حَتَّى إِن بَعْض قضاة العدل من أَصْحَابنا منعه من الإفتاء ببعض ذَلِكَ.

Хадис ілімі бір топ фиқһ ғалымдары шейхты (Ибн Таймия) құрметтейтін және жақсы көретін. Бірақ олар оның пәлсәпа, кәләм[6] ғалымдарымен тартысқанын жақсы көрмейтін, өйткені бұл бұрынғы ғалымдар хадис ғалымдарының, әш-Шәфиғи, Ахмад, Исхақ, Әбу Убайд сияқты ғалымдардың жолы еді.

Сол сияқты көптеген фиқһ, хадис  ғалымдары салихалы топтар кейбір мәселелерде жеке дараланғанын жек көретін, бұл сәләфтардың да жолына керағар әрекет. Кейбір (ханбали мазһабындағы) әділ қазылар оған кейбір мәселелерде пәтуә беруін тыйым салатын.[7] 

Атақты ғалым Зайнуддин әл-Ирақидың баласы Абу Зурра Уәлиюддин әл-Ирақи (762-826 һ/1361-1423 м):

أما الشيخ تقي الدين ابن تيمية فهو إمام واسع العلم كثير الفضائل والمحاسن زاهد في الدنيا راغب في الآخرة على طريقة السلف الصالح ، لكنه كما قيل فيه : » علمه أكثر من عقله » فأداه اجتهاد إلى خرج الإجماع في مسائل كثيرة ، قيل أنها تبلغ ستين مسألة وما أبشع مسألتي ابن تيمية في الطلاق والزيارة وقد رد عليه فيهما الشيخ الإمام تقي الدين السبكي وأفرد رحمه الله تعالى ذلك التصنيف فأجاد وأحسن

Тақиюддин ибн Таймияға келетін болсақ, білімі терең, көптеген жақсы қасиеттері бар өмірде зухд[8] жолын ұстанатын, ақыретке көбірек мән беретін сәләфтардың жолын ұстанатын имам. Ол жайында «ілімі ақылынан кең» деп айтылады. Оның ижтиһады көп мәселеде сол уақытта ижмағқа (ғалымдардың бір мәміледе келісуі) қайшы келді. Қарама-қайшы үкімдердің саны шамамен алпысқа жеткен. Ибн Таймияның халықтың наразылығын тудырған екі мәселе ол талақ пен пайғамбар (с.а.у) қабірін зиярат  ету. Бұл мәселеде шейх имам Такъиюддин ас-Субки  (Алла одан разы болсын) арнайы кітап жазып толыққанды жауап берді.[9]

Шейхул Ислам, хафиз Ибн Хаджар әл-Аскаляни (773-852 һ/1372-1449 м) «Фатхуль Бари фи шарх Сахих әл-Бухари» кітабында Мекке және Мадина мешіттерінде намаз оқудың артықшылығы бөлімінде:

قلت : يشير إلى ما رد به الشيخ تقي الدين السبكي وغيره على الشيخ تقي الدين ابن تيمية ، وما انتصر به الحافظ شمس الدين بن عبد الهادي وغيره لابن تيمية ، وهي مشهورة في بلادنا ، والحاصل أنهم ألزموا ابن تيمية بتحريم شد الرحل إلى زيارة قبر سيدنا رسول الله صلى الله عليه وسلم ، وأنكرنا صورة ذلك ، وفي شرح ذلك من الطرفين طول ، وهي من أبشع المسائل المنقولة عن ابن تيمية ،

Мен (әл-Асқалани) айттым: шейх Тақиюддин әс-Субки және басқа да ғалымдар шейх Тақиюддин ибн Таимияға (оны Хафиз Шамсуддин ибн Абдуль-Хади және басқалар қолдаған болатын) тойтарыс берді.  Бұл біздің елде белгілі нәрсе. Қысқаша айтқанда олар (Ибн Таимия) пайғамбарымыз (с.а.у) қабіріне зиярат жасауды, оған сапар шегуге тыйым салған болатын. Біз бұл әрекеттің түріне қарсымыз. Бұл Ибн Таймия тарапынан көтерілген ең өрескел мәселелердің бірі.[10]

Ибн Хажар әл-Хайтами (909-974һ/1504-1567 м) «әл-Фатауа әл-Хадисия» кітабында ибн Таймия жайында:

ابن تيمية عبد خذله الله وأضلَّه وأعماه وأصمه وأذلَّه، وبذلك صرح الأئمة الذين بينوا فساد أحواله وكذب أقواله،

Ибн Таймия Алланың адасуға душар болған соқыр, саңырау болып, алыстатылған құлы. Ол жайында сол уақытта имамдар оның адасқанын, сөздерінің жалғандығын ашық айтқан.[11]

Атақты ғалым  Қади Юсуф ан-Набхани (1265-1350 һ/ 1849-1932 м) «Шауахидул Хақ» кітабында Ибн Таимия жайында:

فقد ثبت وتحقّق وظهر ظهور الشمس في رابعة النهار أنّ علماء المذاهب الأربعة قد اتّفقوا على ردّ بدع ابن تيمية، ومنهم من طعنوا بصحة نقله، كما طعنوا بكمال عقله، فضلا عن شدة تشنيعهم عليه في خطئه الفاحش في تلك المسائل الّتي شذّ بها في الدين، وخالف بها إجماع المسلمين، ولا سيما فيما يتعلّق بسيّد المرسلين صلَّى الله عليه وآله وسلم

Төрт мазһаб ғалымдарының бір ауыздан Ибн Таймияның бұл діндегі жаңалықтарынa  үзілді –кесілді қарсы болған. Олардың ішінде (төрт мазһабы ғалымдары) оның жеткізген хабарларының растығына қарсы болған, кейбіреулер оның ақыл кемелдігіне күмәнмен қараған. Ол тарапына айтылған қарсы пікірлер тағы қосуға болады. Осы көптеген мәселелерде өзіне шейін ешкім ұстанбаған  жолды ұстанып, мұсылмандардың ижмағына қарсы тұрды. Бұл оның негізгі қателіктері болды. Әсіресі бұл пайғамбарымыз (с.а.у) қатысты мәселелер.[12]

Имам Мухаммад Захид әл-Каусари әл-Ханафи (1296-1371 һ/1879-1952 м):

يوجد من يذكره – يعني ابن تيمية – بلقب شيخ الإسلام – وللمبتدعة افتتان بهذا التلقيب لزعمائهم – إيهاماً للضعفاء في العلم أن ما يدعو إليه هذا الزائغ هو الإسلام الصحيح ، ويُخاف على من يستمر على تلقيبه به بعد أن عرف مخالفاته لشرع الإسلام ، ومن ذكره بهذا اللقب من أهل السنة إنما ذكره قبل أن يجاهر ذلك المبتدع ببدعه المعروفة ، وأما من استمر على هذا التلقيب من المتأخرين فإنما استمر جهلاً ببدعه التي نقلناها من أوثق المصادر أو ظناً من أنه تاب وأناب وحافظ على عهوده

Адамдардың арасында оны (Ибн Таимия) «Шейхул Ислам» деп атайтындар бар. Бұндағы мақсат әлсіздердің арасында оны ұлы тұлға ретінде көрсету. Оның ұстанымдарын олардың арасында жаю оны шынайы ислам етіп таныстыру.  Оның ислам шариғатына жасаған керағар әрекеттері әшкере болса да бұл атаудың тоқтамауы алаңдатушылық туғызады. Оны «Шейхул Ислам» деп атаған кейбір тұлғалар бұл атауды оның бидғат амалды бастамай тұрғанда атаған.

Ал оны «Шейхул Ислам» деп атайтын кейбір бертінгі ғалымдар оның бұл әрекетінен бейхабар немесе ол бұрынғы әрекеттеріне қайтпасқа уәде беру арқылы тәуба қылды деп пайымдаған. [13]

Көріп отырғанымыздай қазіргі уахабшылардың ұстанатын ақидасы осы ғалымға келіп тіреледі. Олардың өрескел қателіктері құран аяттарындағы муташабиһ аяттарды тікелей түсіну, соның нәтижесінде Аллаға мақұлықтарға тән сипаттар таңу Оған дене, пішін беру.

Әһлу сунна уәл жамағаның муташабиһ аяттарға қатысты ұстанымы[14]

 

  • Тафуид
  • Тауил

Тафуид

ӘҺлу сунна уәл жамағаның муташабиһ[15] аяттармен хадистерді түсінуде екі жол ұстанады бірі тафуид екіншісі тауил жолы. Тафуид сөзінің тілдегі мағынасы арабтың  فَوَّضَ ) ) – сөзінен шыққан бір істі екінші біреуге жүктеу, тапсыру денге мағынада келеді. Құранда былай деп келеді:

﴿ وّ أُفَوِّضُ أَمْرِى إلى الله ﴾

« Мен ісімді Аллаға тапсырамын»[16] аятта фаууада сөзі тапсыру мағынасында қолданылып жатыр. Ал тафуид сөзінің діндегі мағынасы муташабиһ аяттармен хадистерде келген муташабиһ сөздің мағынасын Аллаға тапсыру. Сәләф ғұламалары тафуидты мына үш мағынада қолданды.

  • Шариғатта келген нәрселерді бекіту. Муташабиһ аяттармен мутауатыр, сахих хадистерде келген хабари сипаттарға иман келтірумен қатар Алланың жаратылысқа ұқсаудан және жаратылыста бар мағынамен сипатталудан пәк екендігін білу.
  • Муташабиһ аяттармен хадистерде келген мағынасы ұқсастықты білдірген сипаттардың мағынасын Аллаға тапсыру. Егер тескері келушілер айтса сендердің айтып жатқандарын біздің айтып жүрген сияқты бізде Аллаға тапсырдық десе біз айтамыз. Біз мағынасы ұқсастықты, денелеуді білдірмеген сипаттарды Алланың затына бекітіп, ал мағынасы ұқсастықты білдірген сипаттардың мағынасын Аллаға тапсырамыз. Мысалы: егер олар «иад» сөзін қол деп тілдік мағынасын алып Алланың қолы бар жаратылыстікі сияқты емес деп айтып алғаннан кейін  өзіне жараса деп айтуларынан еш пайда болмайды.
  • Ұқсастықты, дене мүшені білдіріп тұрған сөздердің тілдік мағынасын тастап мақсат қылынып жатқан мағынаны Аллаға тапсыру. Мысалы . уажһ, иад, ғадаб, дахик сияқты сөздердің тілдік мағынасы мақсаты деп айтуға болмайды немесе жоғарыда айтқандай қазіргі күнімізде біреулердің айтып жүргендеріндей Алланың жүзі, қолы бар, ашуланады, күледі бірақ жаратылыстікі сияқты емес өзіне жараса деп айтуға болмайды бұл сәләф ғұламалар ұстанған тафуид жолы емес. Сәләф ғұламалар бұл сөздердің тілдік мағынасы мақсаты емес бұл сөздер де бір мағына бар ол мағынаны Алла біледі деп тапсырып иман келтіріп тоқтаған.

Имам Науауи (Алла оған рақым етсін) айтты: « Біл ал ғылым иелерінде Алланың сипаттарына қатысты аяттармен хадистерді түсінуде екі жол бар, бірі Сәләф ғұламаларының көпшілігі ұстанған тіпті барлығы ұстанған жол деседе болады муташабиһ аяттармен хадистердің мағынасы жайлы сөйлемеуі, керсінше олар былай деп айтатын:

  • Бізге тиіс болады муташабиһ аяттармен хадистерге иман келтіру.
  • Және Алланың Ұлықтығына сай мағына беріп сенеміз.
  • Сонымен қатар кесінді сенімімізбен Алланың басқа нәрселерге ұқсамайтындығына, өйткені Алла дене болудан, қозғалыстан, бір тараптан орын алудан, барлық жаратылыстың сипаттарынан пәк зат екендігіне сенеміз.

      Міне бұл жалпы ақида мамандарының мазһабы және көптеген тахқиқ қылушыларда  осыны таңдады, бұл ұстаным әслам»[17].

Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман бин Сәбит (80 – 150 һижра).

Имам Әбу Ханифа (Алла оған рақым етсін) айтты: « Алла сөйлейді біздің сөйлеуіміз сияқты емес, естиді біздің естуіміз сияқты емес, біз құралдармен[18], әрәптермен сөйлейміз, Алла құралсыз, әріптерсіз сөйлейді, әріптер жаратылған, ал Алланың сөздері жаратылмаған, Ол шай (бар), басқа бар заттар сияқты емес, шай сөзінің мағынасы денесіз, жауһарсыз, көрініссіз бекіген, Оның хадді[19], қарсыласы, серігі, ұқсасы жоқ, Онда иад, уажһ, нафс Алланың Құранда  зікір қылғанындай, ал Алланың Құранда зікір қылған әл-уажһ, әл-иад, ән-нафс бұлар Оған сипаттар болады қалай деусіз, Оның иады құдіреті немесе нығыметі деп айтылмайды өйткені онда сипатты жоққа шығару бар, олай деу Қадария мен Муғтазилалардың сөзі, бірақ Оның иады сипаты қалай деусіз, Оның ғадабы да ридосы да Аллаһтың сипаттарынан болған сипаттар қалай деусіз »[20].

Имам Әбу Ханифа (Алла оған рақым етсін) айтты: « Алланың жақындығы, алыстығы арақашықтықтың алыстығы, қысқалығымен емес, әрі құрмет және қорлық мағынасына қарай да емес, бой ұсынушы Аллаға жақын қалай деусіз, күнәһар Алладан алыс қалай деусіз»[21].

Тауил

Тауил сөзінің тілдік мағынасы өте көп мағынада қолданылады:

  1. Қайтару, қайту
  2. Талап қылу
  3. Баяндау

Тауил сөзі Құранда да әртүрлі мағынада қолданылып келген Алла Тағала айтады:

  • Тәфсір, тағайындау

﴿ فأما الذين فى قلوبهم زيغ فيتبعون ما تشابه منه ابتغاء الفتنة و ابتغاء تأويله و ما يعلم تاويله إلا الله ﴾

«Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла қана біледі»[22], бұл аятта тауил сөзі «тәфсір», «тағайындау» мағынасында келген. Яғни мұташабиһ аяттардың тәфсірін Алла қана біледі.

  • Барар жер, нәтиже

﴿ فإن تنازعتم فى شىء فردوه إلى الله و الرسول إن كنتم تؤمنون بالله و اليوم الأخر ذلك خير و أحسن تأويلا ﴾

« Егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, міне осы хайырлы да нәтижеде жаксы»[23], міне бұл аятта тауил сөзі «барар жер», «натижесі» мағынасында қолданылып жатыр.

  • Натиженің болатынын білдіру

﴿ هل ينظرون إلا تأويله يوم يأتى تأويله﴾

« Олар оның нәтижесін (бастарын келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні»[24] .

Тауил сөзінің діндегі қолданысында әртүрлі көз қарастар бар, Сәләф ғұламларымен Хәләф ғұламалары тауил сөзін «тәфсір», «баяндау» мағынасында қолданған.

  • Тауил бірнеше мағынада келген сөздің мағынасын дәлелдерге сүйене отырып алуды айтады.
  • Тауил сөздің ішкі мағынасының тәфсірі, тауил сөзі « әл-әул» сөзінен алынған бір істің соңына қайту деген мағына береді, тауил негізгі мақсат жайлы хабар беру болса, тафсір мақсаттың дәлелін білдіреді.
  • Тауил аяттың мағынасын алдыңғы және кейінгі келген аяттың мағынасына сай Құран сүннетке қайшы келмей үкім шығарып алу жолымен істетуді айтады.

Жалпы тауил мұташабиһ аяттармен хадистерде келген мұташабиһ сөзге Алланың затына лайық болған астарлы мағына беріп түсінуді айтады.

Ибн Таймияның таухидті бөлуі

Ибн Тәймияның пікірінше таухид үшке бөлінеді:

1.Таухиду Рубубия – Алла Тағаланы Рабб екендігінде бір деп білу.

  1. Таухиду Улуһия – Алла Тағаланы ғибадатта бір деп білу.
  2. Таухиду Әсмаи уә сифат – Алла Тағаланы есім-сипаттарында бір деп бөліп қарастырады. (Ибн Тәймияға дейін өткен ешбір ғалым таухидті бұлай бөліп түсіндірмеген. Төрт мәзһабтың сенімінде де таухидті бұлай бөліп түсіндірмейді).

Олардың сенімі бойынша таухид Рубубия ол Алланың жарататынына, ризық беретініне, тірілтіп, өлтіретініне, адамның деңгейін көтеріп, түсіретініне, кешірім жасап, азаптайтынына тағы басқа тек өзіне қатысты болған әрекеттерге иғтиқад (сену) жасау.

Ал таухид Улухияға келер болсақ, бұл тармақта Алла разылығы үшін құл тарапынан жасалатын амалдар ол исламның бес тармағы, иман негіздері, ихсан. Яғни осы үш негіз шеңберіне кіретін әрбір амал ешбір жаратылыстарға бағытталмай тек Аллаға бағытталуы.

Кейбір адамдар таухид мәселесін бұлай бөлуді ешбір қауіп туғызбайтын мәселе ретінде қарастырады. Дегенмен бұл үш негізге сүйенген адамның сенімі болашақта қатерлі жайттарға апаруы мүмкін.  Өйткені олардың сенімі бойынша таухидтің бірінші түрін таухиду Рубубияны мүшріктер де мойындаған, олар таухиду Улухия мәселесін мойындамай, Аллаға құлшылық қылудан бас тартқан. Сол себепті ибн Таймия және оған ергендер: «Егер адам таухид Рубубияны мойындап, таухид Улухияны мойындамаса мұсылман санатына кірмейді» деген. Екеуін мойындаған кезде ғана оны іс жүзінде атқарғанда толыққанды мұсылман болады.

Оның пікірінше, жаһилия (надандық) кезіндегі мүшриктер қандай жағдай болсын Аллаға сенетін. Олардың ширк амалы қазіргі мұсылмандардың жасап жатқан ширкімен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл еді деп, мұсылмандарды мүшриктерден бетер төмен санайды. Уаһабилер өздеріне қосылмаған және өздері секілді сенбеген (ақида ұстанбаған), амал етпеген мұсылмандардың имандарында нұқсан бар деп, кейбіреуі мүшрик деңгейіне апарады.[25]

Бұл пікірдің иесі ибн Таймияның ойынша пайғамбарлар тек таухиду Улухиямен келген, яғни барлық құлшылық амалдарын тек Аллаға даралап бағыттау. Ал тухид Рубубия болса оның ойынша бұл сенімде исламға дейін мүшріктер де ұстанған. Дәлел ретінде Құран кәрімнің төменгі аятын келтіреді:

 

{وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَوَاتِ وَالْأرْضَ لَيَقًولَن الله}

(Мұхаммед Ғ.С.) Егер олардан: «Көктер мен жерді жаратқан кім?»,-деп сұрасаң, әлбетте: «Алла» дейді. «Барлық мақтау Аллаға тән» де. Әрине олардың көбі түсінбейді.[26]

Басқа бір аятта:

وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ ۚ قُلْ أَفَرَأَيْتُم مَّا تَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّهِ إِنْ أَرَادَنِيَ اللَّهُ بِضُرٍّ هَلْ هُنَّ كَاشِفَاتُ ضُرِّهِ أَوْ أَرَادَنِي بِرَحْمَةٍ هَلْ هُنَّ مُمْسِكَاتُ رَحْمَتِهِ ۚ قُلْ حَسْبِيَ اللَّهُ ۖ عَلَيْهِ يَتَوَكَّلُ الْمُتَوَكِّلُونَ 

            (Мұхаммед Ғ.С.) расында олардан: «Көктерді жерді кім жаратты» деп сұрасаң, әрине олар: «Алла» дейді. «Көрдіңдер ме? Егер Алла маған бір зиян беруді қаласа, Алладан өзге шоқынғандарың Оның апатын айықтыра ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?»,- де. «Алла маған жетеді. Тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін» де.[27]

            Яғни Ибн Таймияның пікірінше Исламға дейінгі арабтар пұттарға табынса да негізі бір Аллаға иман келтірген. Олардың сенімдерінде таухид Рубубия сенімі болған деп түсіндіреді. Ал мұсылмандар арасында пайғамбар, әулиелерге тәуассул[28] жасайтындар кезінде арабтардан да ауыр күнәға барып, Алладан емес қабірлерден салихалы адамдардан сұрады  сол үшін олар таухид Рубубияға күпірлік жасады пайымдайды. Олардың ойынша нақтырақ айтқанда Мухаммад ибн Абдул Уахаб осы әрекетті жасайтын мұсылмандар сол кездегі пұтқа табынушылардан бетер адасқан дейді.

Бұл ағымның таухидты бөлу мәселесіне келетін болсақ, оған дейін ешбір ғалым тіпті пайғамбарымыз (с.а.у) өзі бөлмеген. Өйткені шынайы құдай (иләһул хақ) ол шынайы Рабб (Раббул хақ), сол секілді жалған құдай (Иләһул Батыл) ол жалған Рабб (Иләһул Батыл) ешқандай айырмашылығы жоқ. Егер бұл екі бөлім екі түрлі сала екі түрлі мағына берсе, қабірде сұрау салғанда «Раббың кім?» – деп сұрайды бұл жерде иләһің кім? Немесе құдайың кім деп сұрамайды. Біз оған: «Менің Раббым – Алла., дейміз. Бұл Раббы сөзінің Алла сөзінен ешқандай айырмашылығы жоқ екенінің дәлелі. Бұған қатысты көптеген Құран аяттарында дәлелдер бар.

Алла тағала Құран кәрімде:

{رب السموات والأرض وما بينهما فاعبده واصطبر لعبادته هل تعلم له سمياً}

Ол, көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол.[29]

Бұл жерде Ибн Таймияның пікірі бойынша таухид Рубубия жайында айтылып жатыр, өйткені көк пен жерге иелік ету оны басқару ол таухид рубубия бабына кіреді. Және сол аспан мен жердің Раббысына құлшылық қылуға әмір етілуде. Ал құлшық ол құлдың әрекеті болғандықтан таухид Улуһия бабына кіреді. Бұл жерде Рабб сөзінің орнына Иләһ сөзін де қолдануға болады.

Басқа бір аятта:

مَا كَانَ لِبَشَرٍ أَن يُؤْتِيَهُ اللَّهُ الْكِتَابَ وَالْحُكْمَ وَالنُّبُوَّةَ ثُمَّ يَقُولَ لِلنَّاسِ كُونُوا عِبَادًا لِّي مِن دُونِ اللَّهِ وَلَـٰكِن كُونُوا رَبَّانِيِّينَ بِمَا كُنتُمْ تُعَلِّمُونَ الْكِتَابَ وَبِمَا كُنتُمْ تَدْرُسُونَ﴿٧٩﴾ وَلَا يَأْمُرَكُمْ أَن تَتَّخِذُوا الْمَلَائِكَةَ وَالنَّبِيِّينَ أَرْبَابًا ۗ

Алла адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонан соң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ: «Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» (деулері лайық)(80) Сондай-ақ олар сендерге: «Періштелерді, пайғамбарларды тәңірлер жасап алыңдар!»,- деп бұйырмайды.[30]

            Бұл Құран аяттарында исламға дейінгі арабтардың бір құдай емес бірнеше құдайлары болғанының дәлелдейді. Аятта арабтардың періштерге құдайдың қыздары ретінде табынғанын айтады. Бұл арабтардың таухид Рубубия сенімінде болмағанының дәлелі.

Басқа бір аятта Юсуф (ғалайһи салам) түрмеде отырған кезінде қасындағы екі адамды дінге шақырғанда былай деп айтады:

 يَا صَاحِبَيِ السِّجْنِ أَأَرْبَابٌ مُّتَفَرِّقُونَ خَيْرٌ أَمِ اللَّهُ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ

Әй менің абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек Раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсыма?[31]

Бұл жерде Юсуф (ғалайһи салам) уақытында адамдардың бірнеше құдайларға табынғанын хабарлайды. Қасындағы абақтыдағы жолдастарын таухид рубубиға емес жалғыз Аллаға иман келтіруге құлшылық қылуға шақырғаны байқалады.

Басқа бір аятта Алла Тағал өзінің құлдарынан серт алғанда Иләһ сөзін емес Рабб сөзін қолданған Құранда ол жайында:

وَإِذْ أَخَذَ رَبُّكَ مِن بَنِي آدَمَ مِن ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَأَشْهَدَهُمْ عَلَىٰ أَنفُسِهِمْ أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ ۖ قَالُوا بَلَىٰ ۛ شَهِدْنَا ۛ أَن تَقُولُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّا كُنَّا عَنْ هَـٰذَا غَافِلِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?»,- (дегенде,) олар: «Әрине куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер.[32]

Аятта Алла тағала өзінің құлдарынан куәлік алады. Алайда бұл куәлік Ибн Таймия және оған ергендердің ұстанымы бойынша жеткіліксіз өйткені құлдарынан «Мен сендердік Иләһтарың емеспін бе? деп сұрамады, «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деп сұрады. Олар: «Әрине куәміз» деп жауап берді.

Сол секілді басқа бір аятта керісінше олардың ақидасы бойынша Раб сөзін қолданатын жерде «Иләһ» сөзін қолданған. Алла тағала Құран кәрімде:

وَهُوَ الَّذِي فِي السَّمَاءِ إِلَـٰهٌ وَفِي الْأَرْضِ إِلَـٰهٌ ۚ وَهُوَ الْحَكِيمُ الْعَلِيمُ

Ол сондай Алла, көкте де Иләһ, сондай-ақ жерде де Иләһ. Және Ол, аса дана толық білуші.[33]

Бұл аятта аспанда да Иләһ, жерде де Иләһ сөзі қолданған. Қиямет жақындаған ешкім құлшылық жасамаса да Иләһ сөзі қолданған. Бұл аят та Иләһ сөзі мен Раб сөзінің бір мағынадағы сөз екенін дәлелдейді.

Фирғауынның қиссасында Алланың қаһарына ұшыраған Фирғауын өзін құдайдың деңгейіне шейін көтеріп, мен сендердің ұлы раббыларыңмын деп жариялаған болатын. Алла тағала Құран кәрімде:

فَقَالَ أَنَا رَبُّكُمُ الْأَعْلَىٰ 

«Мен сендердің ең ұлы раббыларың» деді.[34]

Осыған уақиғаға қатысты басқа аятта:

قَالَ لَئِنِ اتَّخَذْتَ إِلَـٰهًا غَيْرِي لَأَجْعَلَنَّكَ مِنَ الْمَسْجُونِينَ 

(Перғауын): «Егер менен басқаны (иләһ) тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.»,- деді.[35]

Құранда Ферғауын оқиғасы Ибн Таймия бөлген таухидтің қате екенін айқын түрде дәлелдейді. Құранда Фирғауынның сөзі бір жерде раббы деп келсе, басқа бір жерде иләһ сөзін қолданған.

Ибн Таймия және оған ергендер өздерінің бұл ұстанымдарында мына аятты дәлел ретінде келтіреді:

أَلَا لِلَّهِ الدِّينُ الْخَالِصُ ۚ وَالَّذِينَ اتَّخَذُوا مِن دُونِهِ أَوْلِيَاءَ مَا نَعْبُدُهُمْ إِلَّا لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَىٰ إِنَّ اللَّهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فِي مَا هُمْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي مَنْ هُوَ كَاذِبٌ كَفَّارٌ 

Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: «Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз» (дейді). Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды.[36]

Аяттағы «لِيُقَرِّبُونَا إِلَى اللَّهِ زُلْفَىٰ» сөзі «бізді (олар (пұттар)) Аллаға жақындатады» сөзі олардан пайда, зиян бар екеніне сенетіндерін көрсетеді.

Егер таухид Рубубия мен таухид Улуһияны дұрысқа шығаратын болсақ, онда ширку Рубубия немесе ширк Улуһия деген ұғымдар да пайда болар еді. Бұл әлбетте мұсылмандардың сәләфтарының ұстанымына сәйкес емес.

Арабтарда Таухид Рубубияда болмағанының дәлелі

Ибн Таймия және оның ұстанымындағы ғалымдардың пікірінше Исламға дейінгі арабтар және басқа да қауымдар таухид Рубубияда болған. Яғни, жаратушы, ризық беруші, тірілтуші  Алла екеніне сенген. Алайда Құран аяттарында жаһилият кезіндегі арабтардың олардың сеніміндегі таухид Рубубияда болмағанына көптеген дәлелдер бар.

Алла тағала Құран кәрімде Яһудтар мен насараларды сипаттай келе былай деп айтады:

اتَّخَذُوا أَحْبَارَهُمْ وَرُهْبَانَهُمْ أَرْبَابًا مِّن دُونِ اللَّهِ وَالْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا إِلَـٰهًا وَاحِدًا ۖ لَّا إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ ۚسُبْحَانَهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ

Олар, (Яһуди, Христиандар) ғалымдарымен машайыхтарын және Мәриам ұлы Исаны Алладан өзге тәңір қып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, олардың қосқан шерігінен пәк.[37]

  Басқа бір аятта:

قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ تَعَالَوْا إِلَىٰ كَلِمَةٍ سَوَاءٍ بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمْ أَلَّا نَعْبُدَ إِلَّا اللَّهَ وَلَا نُشْرِكَ بِهِ شَيْئًا وَلَا يَتَّخِذَ بَعْضُنَا بَعْضًا أَرْبَابًا مِّن دُونِ اللَّهِ ۚ فَإِن تَوَلَّوْا فَقُولُوا اشْهَدُوا بِأَنَّا مُسْلِمُونَ

            (Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шәксіз біз Мұсылман болдық» деңдер.[38]

Бұл құран аятында сол кездегі өмір сүрген қауымдардың бірі кітап иелері жайында олардың Аллаға серік қосуларын сынға алып, бір Аллаға табынуға шақырады. Бұл жерде бір – бірлеріңді тәңір тұтпайық аятында «арбаабан» сөзі (тәңірлер) келген. Бұл сол уақыттағы арабтардың бірнеше тәңірге табынғанының дәлелі. Бұл Ибн Таймияның таухид рубубия мәселесіне керағар пікір.

Алла тағала басқа бір аятта:

وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ يَقُولُ لِلْمَلَائِكَةِ أَهَـٰؤُلَاءِ إِيَّاكُمْ كَانُوا يَعْبُدُونَ ﴿٤٠﴾ قَالُوا سُبْحَانَكَ أَنتَ وَلِيُّنَا مِن دُونِهِم ۖ بَلْ كَانُوا يَعْبُدُونَ الْجِنَّ ۖ أَكْثَرُهُم بِهِم مُّؤْمِنُونَ ﴿٤١﴾ 

(40) Ол күні, Алла оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: «Осылар, сендерге табынушы ма еді?»,- деп сұрайды.(41) (Періштелер): «Сен пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Бәлкім олар жынға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенуші еді» дейді.[39]

Тафсир ғалымдары соның ішінде Ибн Жарир әт-Табари: «сол сезде арабтардың ширк амал жасап шайтанның құлы болып, періштелерді Алланың қыздары деп ойлап табынған» деген. Басқа бір аятта:

فَالْيَوْمَ لَا يَمْلِكُ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ نَّفْعًا وَلَا ضَرًّا وَنَقُولُ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا ذُوقُوا عَذَابَ النَّارِ الَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ 

Бүгін бір-бірлеріңе пайда, зиян тигізу күшіне ие емессіңдер. Залымдарға: «Жасынға айналдырған тозақтың азабын татыңдар» дейміз.[40]

Сол қиямет күні оларға пұттары мен құдайларының ешбір пайда бермейтіні әшкере болады.[41] Олар бұл дүниеде пұттардың пайда беретініне сенген болатын. Бұл аят исламға дейінгі арабтардың Алладан емес пұттардан медет, көмек сұрайтынын және сол арқылы Аллаға серік қосқандығы әшкереленді.

Басқа бір аятта:

إِن نَّقُولُ إِلَّا اعْتَرَاكَ بَعْضُ آلِهَتِنَا بِسُوءٍ ۗ قَالَ إِنِّي أُشْهِدُ اللَّهَ وَاشْهَدُوا أَنِّي بَرِيءٌ مِّمَّا تُشْرِكُونَ

Олар: «Саған кейбір тәңірлеріміздің киесі тиген екен» деп қана айтамыз. Һұд (Ғ.С.): «Расында мен Алланы айғақ қыламын, сендер де айғақ болыңдар. Мен сендердің Аллаға қосқан серіктеріңнен аулақпын» деді.[42]

Алла тағала бұл аяттарда Һуд қауымы жайында олардың Аллаға серік қосып, пұтқа, тастарға табынғандығы жайында баян етеді. Һуд пайғамбардың оларды Аллаға серік қоспай бір Аллаға табыну керектігіне шақырған.

Тағы бір аятта:

وَجَعَلُوا لِلَّهِ مِمَّا ذَرَأَ مِنَ الْحَرْثِ وَالْأَنْعَامِ نَصِيبًا فَقَالُوا هَـٰذَا لِلَّهِ بِزَعْمِهِمْ وَهَـٰذَا لِشُرَكَائِنَا ۖ فَمَا كَانَ لِشُرَكَائِهِمْ فَلَا يَصِلُ إِلَى اللَّهِ ۖ وَمَا كَانَ لِلَّهِ فَهُوَ يَصِلُ إِلَىٰ شُرَكَائِهِمْ ۗ سَاءَ مَا يَحْكُمُونَ

Олар Алла жаратқан егіннен, малдан үлес қылады да, өз ойларынша: «Бұл Алланікі, бұл ортақтарымыздікі» деді. Сонда ортақтарынікі ортақтарына жетеді. Олар нендей жаман үкім береді.[43]

Бұл аяттағы ортақтарымыздікі деген сөз біздің пұттарымыздікі, жеміс-жидектен егіннен өнім алған кезде мынау Алланың үлесі, мынау пұттардікі деп бөлген. Бұл олардың көпқұдайшылық сенімінде болғандарына куәлік береді. Ухуд соғасында мұсылмандар жеңіліс тапқанда бұл жеңіске массаттанып,  Һубал деген пұттарын ұлықтап Әбу Суфиян былай деп айтады: «Ұлықтай бер Һубал» сол кезде пайғамбарымыз (с.а.у): «Алла ұлы әрі ерекше абыройдың иесі» дейді. Бұл жерде Әбу Суфиян жеңісті силаған Һубал екеніне куәлік беруде.

Қорыта келе таухидті Улухия немесе Рубубия деп бөлу ол қате ұстаным. Таухидті үмметтің ғалымдар мұндай бөлістерге салмаған. Кім Рубубятқа серік келтірсе ол Иләһиятқа серік келтірген болып саналады. Соңғы жылдары бұл мәселе тіпті қазіргі уахабшылар тарапынан да сирек көтеріледі. Дегенмен бүлік іздеуші кейбір топтар үшін бұл пікір керемет мұрсат болып отыр, өйткені бұл мұсылмандардың арасына жік салуға олардың қанын төгуге, мал-мүлкіне арына қол сұғуға  рұқсат беретін бірден жол. Аллаһым мұндай азғындықтан біздерді сақтай көр!

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы

[1] Ибн Маджа хадистер жинағы

[2] Алланы дене деп сену

[3] Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субки заманының атақты ғалымдарынан болған. Сол уақыттағы ғалымдар оған «шейхул Ислам», «қазылардың қазысы» деген атау берген. Өз заманында хадис, фиқһ, мантық, тафсир, тіл білімін игерген. Ол жайында оның еңбектерін жоғары бағалап, мақтау айтқан.

Жәләлуддин әс-Суюты: Имамның заманында тафсир, хадис, фиқһ, дін негіздерінде ол адам секілді мұжтаһид ғалым болмаған.

Имам Заһаби: Қазы, имам, ғалым, фиһқ, хадис маманы, ғалымдардың ең абыройы , деп сипаттаған.

Салахуддин әл-Ғалаи: Адамдар бұл ғалым жайында Имам Ғазалиден кейін екінші адам дейді, ал меніңше ол атақты Суфиян Саури секілдес, деген.

[4] Ижма ұғым ретінде Пайғамбардың (с.а.у) үмбетінен болған мужтахидтердің Пайғамбар (с.а.у) қайтыс болғаннан кейінгі қандай да бір дәуірле шариғи бір мәселеге үкім шығаруда ортақ пікірді ұстануы» деген түсінікті береді.

[5] Тақиюддин Әли ибн Абдул-Кафи әс-Субкидің  «әд-Дурра әл-мудыйя фи-р-радд әлә Ибн Таймия» кітабы

[6] Ақида саласындағы ғалымдар

[7] Зайл табакат әл-Ханабиля», 4/505

[8] Аскетизм

[9] Әл-Аджвибатул Марзия әнил Әсилятиль Маккия», 91-99- бет; Мактабату Тауиятиль Исламийя

[10] Ибн Хаджар аль-Аскаляни, «Фатхуль Бари фи шарх Сахих әл-Бухари», 3-том . 53бет

[11] Ибн Хаджар, «әл-Фатава әл-Хадисийя»

[12] «Шауахидуль Хақ», 191-бет

 

[13] «ас-Сайфу ас-сакыль фи ррадди әлә  Ибн Зуфейль», 89-бет

[14] Ақидадағы Әһлу сүнна уә әл-жамаға ұстанымы тақырыбы еліміздегі осы саладағы білікті ғалымдардың бірі Ризабек Батталұлының «Ақида іліміне кіріспе» кітабынан пайдаланылды.

[15] Ұқсас мағыналы.

[16] Ғафыр сүресі, 44-аят.

[17] Шарх Муслим  «3\19».

[18] Құралдардағы мақсат сөйлеуге қатысты болған мүшелер ауыз, тіл, көмей т.б.

[19] Хад деп шектелуді айтады. Алла шектелмеген.

[20] «Әл-фиқһ әл-әкбар» .

[21] «Әл-фиқһ әл-әкбар». Имам бұл екі мәселені муташабиһтардан деп есептеп тафуид қылған, ал тауил жасаушылар бұны астарлы мағынада түсініп  жақын сөзін жақсылығы, алыс сөзін қорлығы деп түсінген.

[22] Әл Ғимран сүресі, 7-аят.

[23] Ниса сүресі, 59-аят.

[24] Ағраф сүресі, 53-аят.

[25] Бұл ағымның Қазақстандағы ізбасарлары үйлену мәселесінде мазһаб ұстанатын жігіттерге қыздарын күйеуге беруге тыйым салады. Бұған қатысты мүшріктерге түскен аяттарды келтіреді. Соның бір мысалы Абу Марьям Назратулланың «Выйти замуж за мусульманина с неправильной акидой» лекциясында Бақара сүресінің 221-аятын келтіреді:(Ей, Мұсылмандар!) Мүшрик әелмен ол иманға келмейінше некеленбеңдер. Оның көркі сендерді таңдандырса да, мүшрик азат әйелден мүмин күң жақсы. Мүмин әйелдерді мүшрик еркектерге ол иманға кірмейінше некеленбеңдер, сендерді таңдандырса да, мүшрік азат ерден мүмін құл жақсы. Өйткені ондайлар (мүшрик еркекрет мен мүшрик әйелдер) сендерді тозаққа шақырады, ал Алла өз тілегі бойынша сендерді жұмаққа және кешірімге шақырады.

[26] Лұқман сүресі, 25-аят

[27] Зумар сүресі, 38-аят

[28] «Тәуассул» — таза арабтың сөзі, ол «мақсатқа бірдеңе арқылы қол жеткізу» дегенді білдіреді. Ол «сол арқылы мақсатқа қол жеткізілетін нәрсе» деген мағынаны білдіретін «уәсилә» деген сөзден пайда болған «Уәсилә» сөзі Құранда екі рет келген:

  1. Аллаһ былай деді: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар, Оған жақындасу тәсілдерін іздеңдер. Және мұратқа жетулерің үшін, Оның жолында күресіңдер»(«әл-Мәида» сүресі, 5:35).
  2. Ол сондай-ақ: «Олардың сиынғандарының өздері Раббыларына жақын болудың тәсілдерін іздеуде басқалардан озуға тырысады. Оның рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде, Раббыңның азабы сескенуге тиісті», — деді («әл-Исра» сүресі, 17: 57).

 

[29] Мәриям сүресі, 65-аят

[30] Әл Имран сүресі, 79-80 аяттар

[31] Юсуф сүресі, 39-аят.

[32] Ағраф сүресі, 172-аят

[33] Зухруф сүресі, 84-аят

[34] Назиғат сүресі, 24-аят

[35] Шуғара сүресі, 29-аят

[36] Зумар сүресі, 3-аят.

[37] Тәуба сүресі, 31-аят

[38] Әл Имран сүресі, 64-аят

[39] Сәбә сүресі, 40-41 аяттар

[40] Сәбі сүресі, 42-аят

[41] Ибн Кәсирдің тәфсирі

[42] Һуд сүресі, 54-аят

[43] Әнғам сүресі, 136-аят

Return to Top ▲Return to Top ▲