«Қызылжар» орталық мешітінің жетім балалардың басын қосып, қызықты шара өткізуі қалыптаса бастаған дәстүр. Бұл жолғы шара дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатта өткізілді. Оған қатысқан 50 жетім бала спорт жарыстарына қатысты. Шараны ұйымдастыруға көмектескен СҚМУ студенттері концерт берді. Ал «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Азамат Сәрсенов бірлік және татулық туралы уағыз айтты.
Оқу орнында шараға қатысушыларға дастархан жайылды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі