ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ 4 АЙДА 3839 ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөліміне қарасты Жастар ісі секторы 2022 жылдың алғашқы төрт айында 3 839 іс-шара атқарып, оған 73 085 адам қамтылды.

Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлының айтуынша, негізгі төрт бағыт, атап айтқанда, насихат бағыты бойынша 1281, сауаттылық бағыты бойынша 1084, қоғамдық бағыт бойынша 900 іс-шара және 574 спорт жарыстары ұйымдастырылған.

Алдымен жыл басында сектор жауаптыларымен онлайн/оффлайн кездесу өтіп, 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Қыс айларында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұранмен мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көрсетілді, «Жалынды жастар, жұмылайық!» атты жастардың әр түрлі форматтағы кездесулері ұйымдастырылды, «Таза әлем» акциясы аясында мешіттер жанында, көшелерде, саябақтарда, демалыс орындарында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Наурыз айында елордада Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Жалынды жастар ынтымағы» республикалық жастар форумы және ауқымды іс-шара аясында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Кемел кездесу» айлық дастарқаны ұйымдастырылып, жастарға «Күшіміз бірлікте», «Ырыс алды – ынтымақ», «Дін мен дәстүр», «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында насихат жүргізілсе, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының 1-тарауы бойынша, «Нәпсі тәрбиесі»«Рух тазалығы», «Тіл тазалығы», «Өмірдің қадірі»«Адамдардың ақысы» тақырыбында жастарға дәріс өткізілді. Одан бөлек түрлі форматта спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲