11 ақпан Есіл ауданына қарасты «Жарғайын» ауыл мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айы Мәуліт мерекесі атап өтілді.Жиынға «Қызылжар» орталық мешітінің өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай қажының тапсырмасымен, наиб имам Исаев Қасымхан қатысып, жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Мәуліт айының қадір қасиеті жайында уағыз айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тарихынан сыр шертті. Мереке барысында құран оқылып, салауат айтылды. Игі шара қойылымдар қойылып, діни әндер орындалумен жалғасты. Осы ұлық мерекеге орай, мешіттің асханасында арнайы ақ дастархан жайылды. Мәулітке ат салысқан азаматтар алғыс хатпен марапатталды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі