Ерекше айға арналды

Құран Кәрімнің «Хужурат» сүресінде: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстардың арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін, игілікке бөленерсіңдер», – деген аят бар.

Дүйсенбі күні «Қызылжар» мешітінің асханасында ережеп айының құрметіне жайылған дастархан басында орталық мешіттің наиб имамы Мұхаммад Файзиев уағыз айтқанда нақ осы аят келтірілді. Облыс орталығындағы тәжік диаспорасының өкілдері ұйымдастырған бұл басқосуға мұсылман диаспораларының өкілдері, мешіт жамағаты ғана емес, студенттер де шақырылды. Онда ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жиынды ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдірді. Диаспоралардың өкілдері де алғыстарын арнап, игі тілектерін жеткізді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

5fbece25-1b41-434b-aa50-a19136cf02eb-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

Return to Top ▲Return to Top ▲